Кіріспе пейзаж бейнелеу өнерінің жанры


Пейзаждағы түстер, колоридтер және жұмыстың орындалу барысы



бет5/8
Дата14.12.2021
өлшемі0,77 Mb.
#126505
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Пейзажда реалистік және декоративтік әдістерді қолдану (1)

2.2. Пейзаждағы түстер, колоридтер және жұмыстың орындалу барысы

Кескіндемеге түс бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады және барлық күш – қуатымен өркен жаяды. Түс кескіндеменің жаны. Шынында да реалистік кескіндеменің көркемдік құралдардың негізін суретпен және жарықпен көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Бірақ кескіндемедегі түс деп нені түсінеміз? Бәлкім, бізге тәжірибеден белгілі заттардың болмағандығы болар? Байқасақ, олай емес, басқаша неғұрлым күрделі нәрсе екен. Кескіндеме – біздің қайсы бір заттар түралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкес суретті боямалау емес, түстік жағдайы оны нақты жағдайларда біз қабылдағанымыздай етіп, көркем бере білу. Біз қиярдың - жасыл, қызанақтың - қызыл, ал қардың - ақ екенін тәжірибеден білеміз. Біз картинада оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Бұл сұраққа «ия» деп те, «жоқ» деп те жауап беруге болар еді. Жасыл қиярды кескіндемелік шығармаларда іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік, немесе тіпті қызыл дерлік (мысалы, батып бара жатқан күн сәулесінде) болып шығуы мүмкін. Егер картинада қарды бір ғана ақ бояумен боясақ ақ қар сияқты әсер қалдырмай, жай ақ қарда мыңдаған – қызылт, алтын түстес, көгілдір және күлгін реңкілер болады. Мысалы, В.Суриковтың «Бояр әйел Морозова» атты картинасында қардың суреті қалай салынғаны назар аударып, мұқият қарап көріңдер.

Егер заттардың «дәл өзіндей» түстерді көшірмесек, табиғаттық түстік сан құбылмалылығын қалай нанымды беруге болады? Бәрінде картинада дұрыс табуға түстердің өзара қатынастарды шешеді. Заттың түсімен сәйкес келетін бояуды таңдай алуға ұмтылу тіпті де керек емес. Суретшіге қолына қылқалам затқа жақын келіп алынған тұсті ол дәлме-дәл сәйкес келуі үшін зат пен салыстырып жатудың қажеті жоқ. Картинада, басқа түстердің қоршауында заттың өзіне сәйкес келетін, дұрыс да дәлме-дәл түс ретінде наным қабылданатындай түсті тауып, іріктеп алу қажет. Сөйтіп суретші заттардың түсін емес, олардың түстік өзара байланысын зерттейді. Ол қайсы бір заттардың бізге белгілі табиғи түсіне онша келмейтін, біршама басқаша сияқты болып көрінетін бояларды пайдалануы мүмкін. Бірақ ол осы бояуларды картинаның ішіндегі барлық түстік дақтар заттың өзіндегідей бір-бірінен ара қатынаста болатындай етіп алады. Картинада натурада бізге солай болып көрінетігіне қарағанда бәрі біршама кұңгірттеу немесе суықтау болу ғажап емес, бәрі бір картина шынайы болып шығады, өйткені онда түстік қатынастар дұрыс сақталған.

Нақ осы түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік кескіндеменің негізінде жатады.

Біздің түстерді қабылдауымызға, әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық «ауа қабаты» және түстік орта, яғни түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мәселен, өте күшті жарық жағдайында, мысалыға жазғы ашық тал түсте жарық түскен жерлерде түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады – ағарып, түссізденеді. Бұлтты күндері немесе көлеңкеде, керісінше, түстер өзінің қанықтылығана ие болады да біздің көзіміз түстік алмасулармен реңдерді әлде қайда көбірек қабылдайды. Кейде жаңа айналыса бастаған кескіндемешілер мұны түсінбейде керісінше жасайды – күшті жарықта тұрғанда ең ашық бояуларымен салады. Ал көлеңкелердегіні кұңгірттеу үшін қара бояуды пайдаланады. «Кескіндеменің бүкіл құпиясы, - дейді Б.Иогансон, - көлеңкелермен жартылай көлеңкелерде (жартылай оң түстерде)»...

Көлеңкелермен жартылай көлеңкелер – жарықтың алтын және күміс «балықтырады», жүзіп шығатын кескіндеме «аквариум».

Жарықтан басқа, түстерді қабылдауға қашықтық, ауа қабаты әсер етеді. Бұл жөнінде ауа перспективасы туралы тарауда айтылады. Заттардың біз қабылдайтын сәулелерімен – заттар бір-біріне жіберетін рефлекстермен де анықталады. Бәрін де тесіп өтіп, қоршап алғандай болатын күшті де әлсіз, үлкен де кіші рефлекстердің осынау айқыш-ұйқыш айқасқан ағымдары ерекше түстік ортаны, әлде бір жалпы түстік қатарды жасайды. Картинаның барлық бояулық үйлесімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды реттілікте және өмірлік шынайлыққа ұмтылған кезде, оның мұндай жалпы түстік кейпін кескіндемеде колорит деп атайды.

Профессионал кескіндеменің басты белгілерінің бірі – жылы және суық реңдердің бірлігі мен күресі. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көленкеленген бөліктері жарықтану мен ғана емес, сонымен бірге жылы немесе суық түстік реңдермен де міндетті түрде ерекшеленеді... Егер жарық жылы болса, онда көлеңке суық, ал егер суық болса, керсінше, онда көлеңке жылы реңді болады.

Бірақ осы жалпы түстік дақтарда оларға қарама-қарсы реңдер жылы да- суық реңдер, суықта жылы реңдер кей-кейде қылаң береді. Әрбір жағылған бояу көрші бояуға ұқсамайтын, оған контрасты бояуы тиіс.

Жылы және суық түстерді қатарлас тұруы кескіндемеде интенцивті әуен береді. Кескіндеменің міндеті – картинаның жақын және алыс нүктелеріндегі түстердің айырмашылығын аңғарымпаздықпен ұстай білуінде.

Жарық пен көлеңкенің контрастылық дәрежесі, заттың көлемділігі, оның нұсқасының анықтығы, түстік болуы бұл сурет салушыдан қашықтаған кезде күрт өзгеріп отырады. Мұның өзі бізді қоршаған ауаның өте мөлдір емес екеніне байланысты. Оның құрамында әрдайым шаң-тозаң және басқа да өте ұсақ қалқып жүрген бөлшектер болады. Олар ауаны бұлдыр ортаға айналдырады. Осы бұлттар орта өзі арқылы өтетін сәулелерге жер әсер ете отырып, ол бүрекеп тұрған заттарды қабылдауымызды анықтайды. Біздің қашықтай отырып заттар көзбен көргенде көлемі жағынан ғана кішірейіп қоймайды. Қашықтау дәрежесіне қарай олардың қара қошқыл және бозғылт жерлерінің контрастылығы барған сайын біртіндеп жұмсарады, заттар неғұрлым жайтақтана түскендей болады да ақырында көкжиекте зорға ажыратылатын суреттерден тұратын бір реңде мұнараға айналады. Түс болуы да өзгереді. Осы құбылыс ауа перспективасы деп аталады. Әдетте пландар туралы алдыңғы (бірінші), ортаңғы (екінші) және алыс (үшінші) план деп айту қабылданған. Алдыңғы планда барлық заттар мейлінше көлемді олардың жарық-көлеңкесі мен бояуы мейлінше контрасты болып қабылданады. Екніші планда – мұның бәрі біршама жұмсарады, ал үшіншіде – ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді. Бұлайша үш планға бөлу шартты түрде алынған. Әрине, өте көп пландарға ажыратуға болады, мысалы, көрерменнен алыстап бара жатқан парк аллеясында әрбір кезекте ағаш – келесі план болады, ол өзінің алдындағы және өзінен кейінгі ағаштардан өңі түсі жағынан ерекшеленіп тұрады.

Ауа перспективасын беру тональдық (жарықтылық) және түстік қатынастарға негізделген, оның өзінде біріншілері үлкен роль атқарады. Кескіндемде шығарманың кара-ақ репродукциясын қарап, бұған көз жеткізуге болады: бояу түстері ғайып болғанымен ауа перспективасы айқын қабылданады.

Қашықтаған кезде заттардың түсі де өзгереді, өйткені олардың шағылысқан түстік сәулелер ауа ортасы арқылы түрліше енеді, ол салқын түстер – көгілдір, көк-күшті шашырауға ұшырайды (атап айтқанда, аспанның көгілдір түсінде осымен түсіндіруге болады).

Ұзақ бақылаулар тәжірибесі алыста тұрған қара қошқыл түсті заттар көгілдір сияқты болып көрінетінін, өйткені жарықты өте аз шағылыстыратынын, сондықтан да олардың бояуы көп дәржеде атмосфераға әрдайым шашырап кететін өңі салқын анықталатынын көрсетіп берді. Алайда ақшыл заттар – көп жарық шағылыстыратын таудың қар жамылған шаңы немесе бұлт, керісінше, бізге жылы қызғылт сияқты болып көрінеді. Өйткені олардан шағылысқан сәулелер жолай бізге жеткенше өзінің неғұрлым тез тарайтын салқын түстерін сақтап қалатын. Атмосфераға шашырай тараған салқын сәулелер бұл жағдайда өзінің салыстырмалы әлсіздігінен көп нәрсе жасай алмайды.

Ауа ортасының әсерінен түстерді қабылдау салыстырмалы түрде алғанда шағын қашықтықтың өзінен бастап ақ өзгеріп отырады, шамамен жарты км қашықтықта сары және әсіресе қызғылт сары түстер едәуір қызарып көрінеді, ал 1 км-ге жуық қашықтықта қызғылт сары түсті қызыл түстен ажырату мүмкін емес дерлік. Жасыл және көгілдір түстер де осылайша жақындаса түседі.

Бұл жалпы заңдылықтар, бірақ табиғат бізге былайша айтқанда, осы заңдылықтар, өте таза, мүлдем айшықты сақталған картиналардан әрдайым ұсына бермейді. Кейде жалпы жұмсақ салынған картинаның ішінде бейне бір күн сәулесінің қармауына түскендей нақ осы алыс планда күшті жарық түскен, ал алдынғы план бейне бір төніп келген бұлт көленкесінде қалғандай жұмсақ күнгірт болған жайыттар ұшыраса береді. Мұндай мотив қаншалықты қиын болғанымен, егер оған бажайлап қарайтын болсақ, олда айтылған заңдылықтарға бағынған болып шығады. Нақ осындай «құйрыртқы» мотивті И.Левитан «Кешкі ырғақ» атты картинасында ғажайып шеберлікпен бейнелеп берген еді. Алыс пландардағы монастырь мен бұлттық қан қабырғалары қызыл-қоңыр реңде өте жеңіл салынса, ал алдыңғы план өте қою контрасты салынған. Бәрі де орнын дәлме-дәл тауып, ауа, кеңістік ерекше күш-қуатпен берілген.

Ауа перспективасы суретшіге полотно жазықтығында алысқа сүңгіп бара жатқан көз жетпес қиырды, ауаға толды орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды. Осынау бір «ауаны» беру – пейзажистің басты міндеттерінің бірі. Әйгілі орыс суретшісі А.Саврасов: «Ауасыз пейзаж жоқ, қанша қайынды немесе шыршаны отырғызсаң да, не ойлап тапсаң да, егер ауаны бере алмасаң – демек, пейзаж дегенің құр далбаса» деген болатын.

Таңданарлық сияқты болғанымен айта кетелік, өзіне қарап тұрып пейзаждың суретін салу жаңа бастаған суретші үшін – натюрморттың, тіпті адамның суретін салуға қарағанда неғұрлым қиын міндет. Бірінші ерекшелік күн мезгілі мен ауа райына байланысты өзгеріп отыратын күшті табиғи жарық. Тіпті бір мезгілдің өзінде белгілі бір заттың суретші оған қай жағынан – солтүстіктен, оңтүстіктен, шығыстан немесе батыстан қарағанына байланысты біз тіпті басқаша қабылдаймыз. Сондықтан суреттемелерді күн мезгілін және суретші назарының бағытын (солтүстік, оңтүстік және т.б.) жазып қоюға әдеттенген жақсы болады.

Мұндай жазбалар жарықтың өзіне тән ерекшеліктерін тез игеруге жәрдемдеседі.

Кез келген пейзажды басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен осы элементтерді, әсіресе ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе пейзаждың суреті оңсыз деклорациясының жиынтығына айналады – барлық ағаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады. Таулар мен бұлт өзені тән формаларын жоғалтады.

Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңестік сезілуге тиіс, ал әрбір зат, әрбір ағаш өзіне тән белгілерін көрінуге тиіс. Бейне бір ағаштың жеке-дара портретін – діңгегін, бұтақтарын ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ топтарының сипатын беру керек.

Ағаш бұтақтар мен жапырақтардың кездейсоқ үйінділері емес, осы элементтердің өте сымбатты жүйесі. Егер суретші мұны сезінбесе, онда суретті аяқтай отырып, ол бейнеленген ағаштың белгілі бір бөлігі үшін модел қызметін атқарған бұтақтарды және жапырақ топтарының қайда тұрғанын білмейтін болады. Жақсы суреттерде басты бұтақтармен жапырақ топтарының мөлшері мен өзара орналасуы дәл берілуі тиіс. Мұның үстіне суретші силуэтті ғана емес сонымен ғана ағаштың көлемін де беруге ұмтылады. Әрине ағаштың суретін дәл салу туралы айтқанда, біз әрбір жапырақшаны бейнелеуді көздей отырған жоқпыз. Бірақ жапырақтарды бейнелеудің біздің алдымызға қандай ағаш тұрғанын бірден түсінуге мүмкіндік беретін де графикалық шешім табу керек.

Жердің суретін салған кезде оны көрермен горизонтал және көрерменнен қиырға кетіп бара жатқан жазықтық ретінде қабылдауын қадағалау керек. Оған жазықтықтың картина төріне қарай кетуін бастап көрсететін көлденең бөлшектер жәрдемдеседі. Пейзажды игеруге «микропейзаждардың», яғни кіші табиғи формалардың – тастардың, жер қыртыстары бөліктерінің, бұтақтардың суретін салуға көмектеседі. Бірінші пландағы мұндай бөлшектер пейзажға жан бітіреді.

Шалғайдағы тауларда өзіне тән сыртқы тұрпаты бар жайдақ емес. Суретші олардың, формаларын, жарықпен бөлінетін классикасын ажырата алуға тиіс.

Пейзажда судың үлкен маңызы бар. Айнадай жылтыр судағы шағылыстарды құру жөнінде «перспектива» тарауында айтылып кетті. Бұл арада толқып жатқан суға назар аударамыз, желдің күшімен су бейне бір дөңес және майысқақ айналардың шоғырына айналғандай болады. Сондықтан тұтас шағылысқан бейнелер бұзылып, үзіледі де, бар болғаны толқындардың өркештерінде және олардың арасындағы жылғаларда ғана сақталып қалады. Толқындардың бізге қараған құлама жолдары негізгі шағылыстарды үзік-үзік бере отырып, аспанның шағылысқан бейнесін көрсетеді. Толқындар жоғарыдан дерлік қабылданатын, бақылаушыға таяу жерде бұл үзіктер мейлінше аз болады; алысырақта олар басым болады, ал негізгі шағылысу мүлдем дерлік жоғалады.

Толқынның формасы қатаң заңдылықтарға бағынады, сондықтан оны, ағаштың формасы секілді зерттеу керек. Әсіресе жағаға ұмтылған толқындардың құрылымын мұқият ұғып алу керек. Мұнда олар алдынғы толқынның кейін тепкен сумен кездесе отырып үшкір көбікті жотасы бар шыр көбелек дөңгеленген иірімге айналып, оның бір бөлігі желмен толқынның артқы бетінде жоғалады да оны өрнекті көбікпен әшекелейді.

Бұлттардың формасы мен табиғатын да ұғыну керек. Бұлттар тік жазықтықта тұрмайды, олар жердің дөңгелек бетіне параллелъ кеңістікте бейне бір ілініп тұрғандай болады. Сондықтан ең үлкен бұлттар – жоғарғы бұлттар (яғни бізге ең жақын бұлттар) ал енді кіші бұлттар төмен бұлттар (яғни кеңістікте бізден мейлінше алыс тұрған бұлттар). Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін анықтап алу керек. Сурет салуды жаңа бастаған суретші алғашқы кезде көрсеткіш тетікті- ортасынан тік бұрышты тесік кесіп алынған картонды немесе қағазды пайдалана алады. Көрсеткіш тесіктің екі квадраттан бір квадратқа дейін тесік пропорциясын өзгертуге мүмкіндік беретін жылжымалы жапқышы бар.

Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің төменгі шетін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде (суретші мысалы, таудан қарап тұрғанда), төменгі шетті мүмкіндігінше төменірек алуға деген тілек пайда болады.

Әрбір бұйым өзіне тән түске ие. Мысалы, лимон – сары, алма – қызыл немесе көк, сары және т.б. Заттардың табиғи түсі күннің ашық жарық сәулесі түскенде ол түсін өзгертеді, ал қараңғыда түсті ажыратуға болмайды. Демек, заттың түсін көрсететін тек қана емес. Қызыл алма жасыл жабырақтар арасында тұрғанда, сары түсті ыдысқа салынған алмаға қарағанда басқа түске енетіні неліктен? Адамның көзі оптикалық жүйенің ең жетілгені болып есептеледі, бірақ ол кез келген түстік дақтарды жеке емес, қоршаған ортадағы заттардың түсімен, тонымен, түстік ортасымен байланысты, яғни субъективті түрде қабылдайды. Қазіргі кезде түс проблемасы бірқатар тұтас ғылыми ізденістерді қажет етеді. Физика пәнін энергетикалық табиғи түстер қызықтырады, физиологияны жарықты қабылдау мен оның түске айналу процесі қызықтырса, психология түсті қабылдау мен оның адамға психикалық жағынан әсер етуі, жарықты қабылдап, оны түске айналдыру проблемаларымен, сондай-ақ әр түрлі эмоция тудыруымен де айналысады, биология болса, түстің жануарлар мен өсімдіктер (организміне) ағзаларынаң тіршілік етуіне әсер ету рөлі мен мәнін зерттейді.

Түсі әр түрлі ғылыми саланың әр түрлі көзқарастан зерттелуін түстану немесе түстер жайлы ғылым деп атайды.

Түс жайлы табиғи оқыту мен оны кескіндемені практикасында қолдану арасында көзге көрінер нақты байланыс бар. Қайта өрлеу дәуірінен бастап еуропалық өнер мектептерінің дәстүрлі түріне дейінгі табиғи ғылыми білім кескіндемедегі (реалистік) шынайы әдістерді дамыту үшін пайдаланады. Суретшілерді біркелкі бұйымның жазықтық бетіндегі ар түрлі түстердің қайдан шығатыны, табиғаттан бақылағанымыздай, түстік үйлесімділіктің қалай туатыны әркез қызықтыратын еді. Түсті жаратылыстану ғылымы жолымен зерделеу мен көркемдік, эстетикалық жолмен меңгерудің айтарлықтай өзгешілігі бар.

Физик, мысалы үшін, түстік толқындардың ұзындығын сандық және сапалық жағынан өлшеуі мүмкін. Бірақ кескіндемеде түстік құрылым заңдылықтары суретшінің шығармашылық санасы өңдеп жасап болмыстың заңдылықтары болып табылады. Өнер адам өмірін, оның мақсат-мұраты мен талғам-түсінігін көрсетеді. Білім табиғаттың әр түрлі түстердің қосындысын біріктіреді, түстік жарасымдылық, үндестік, гармония, кололрит сырын олардың тылмһсым тіршілігін суретшіге өздігінен ашып бермейді.

Кескіндеме – бұл болмысты эстетикалық тұрғыдан көрсететін бейнелеу өнері. Уақыттың озуымен байланысты мақсат-мұрат та өзгереді, сонымен бірге түстік үйлесімділікті түсіну де басқаша болады. Өнер мен өмір байланысы да сонымен бірге өзгеріске ұшырайды.

Кескіндеме өнерінің дамуына (фр.сөзінен impression- әсерлену) өздерінің суреттерінде шынайы өмірден жанды әсер алуды ендіруші импрессионистер зор ықпал етті. Олар жарық ауа ортасының әсерімен пайда болатын қандай да бір азғантай ғана өзгерістерді байқап, назарда ұстай білді. Импрессионистер күнделікті шынайы тіршіліктен оның бай да ашық бояу жарқыын, жаңа түстік гармония мен колориттік қасиеттерін аша білді. Импрессионист суретші Ван гогтың шығармаларында бояу байлығы ерекше ашық түстер арқылы беріледі.

Клод Моне өзінің «Пішен шөмеле» (1874) шығармасында жарықтың түсуіне байланысты объектінің кескіндемелік бейнелеудегі түс өзгеретінін көрсетеді. Импрессионистер «жарықты аулап оны тікелей картинаға лақтыруға» үйренген алғашқы кескінднмншілер болды. Кескіндеменің мұндай дәстүрлі емес ереркше түрі сол кездің көрермендерінде қарсыластық пен ыза туғызды. Көпшілік көрермен жанжал шығаруға дейін барды. Олардың түсінігінде, яғни қалыптасып қалған ұғымында заттың түсі, әдеттегідей, өзгеріссіз: «Ағаштар күлгін түсті емес, аспан сары түске енбеуі керек», - деген қатаң ережеге бағынбауды талап етті. Түстерді қабылдау қабілеті жетілмеген адам соқыр, көзі көрмейтін адамға тең. Бұл біздің санамызда қабылдаудың белгілі бір стереотипі: қар ақ, ағаш бұтақтары – жасыл, су – көгілдір, аспан көк деген қатып қалған ұғымдарды білдіреді. Тәжірибесі жоқ суретші күннің кез келген уақытында таза ақ түсті бояумен сала береді. Ал шөпті көктем, жаз, күз болсын бәрібір, бірдей жасыл түспен салады. Кескіндеме өнерінде шығармашылық табысқа жету үшін суретшінің көзі түстік штамп жасаудың «пердесінен» арылуы қажет. Көзді арнайы көру қойылымына қою қажет. Алғашқы сурет салу кезінен бастап заттың түсі нақты жарық түскен кезде және басқа заттармен қатар тұрғанда қандай түске енетіндігін көре білуі қажет. Тәжірибесі мол кескіндемеші, заттың түсінің құбылмалы екенін біледі. Түстік престпектива, рефлекс, контраст, жарық заттың бояу түріне әсер ететін факторлар болып есептеледі. Заттардың сыртқы бетіне түсетін өзгерістердегі жарықтың алатын орнына назар аударып, Леонардо да Винчи былай деп жазған: «Жарық түскен дененің сыртқы қабаты осы дененің нақты түсі бола алмайды. Егер ақ түсті жолақ бетті алып, оны қараңғы жерге орналастырып, оған күннің және шырақтың жарығын түсірсе, ол жерде екі түрлі түс пайда болады». Осындай бақылау арқылы ол түстік перспектива мен рефлекстің басқа заттардан шағылысып түсетінін айқындады.

Осылайша, біз заттың түсін қабылдауға ашық бетке түсетін жарықтың тіке сәулесі әсер ететіні, көрші заттардан түсетін жарықтан заттың өзінің табиғи түсін, тіпті оның әлсіз реңктерін біздің көзіміз қабылдауға қабілетті екендігі байқалады.

Заттың түсін айқындаушы физикалық жоғарғы бетті күңгірттендіріп, жарық емес денеге түсетін жарық сәулелерін өткізіп, көрсетуге қызмет етеді.

Түсті қабылдау – өте күрделі процесс. Ол тек физикалық жағынан ғана емес, психологиялық ықпалымен шартты түрде суретшінің түсті сезінуі үшін маңызды. Адамның түсті көруге эмоционалды-психологиялық әсерінің ұзақ дамуы жолында қарапайым түстік сезінуден биік дамыған түстік сезімге дейінгі әсер жетіліп, даму үстінде болады. Түстік сезінудің қарапайым көруден айырмашылығы, түске байланысты ассоциация, бейнелер мен ұғым пайда болғанда, түсті қабылдаудың байып күрделене түскенін ұғынамыз.

Түстің қасиеті мен сапасын екі топқа бөлуге болады: өзіндік, яғни түстік тон, жарық, қанықтылық (түстердің объективті сапалығы) сияқты бірқалыпты сипаттарға ие; келесі «өзіндік емес» - олар қабылдаудағы «жылы», «суық», «жеңіл», «ауыр», «күңгірт», «нәзік», «басым» және т.б. эмоционалдық реакция қалдыратын қасиеті бар. Жарықтың бұйыммен тығыз байланысын көрсететін өзіндік емес қасиеті бейнелеу өнері мен жалпы өнердің барлық түрлері және жанрлары үшін өте маңызды, себебі осы қасиеттер арқылы шығарманың эмоционалдығы мен мәнерлігінің артуына қол жеткізуге болады. Суретшілер лексиконында кейбір сипаттама басқаша түсіндіріледі, мысалы «күңгірт», «қанық» деп қоңыр түспен, яғни қызылдау немесе қызыл-сарыдан пайда болған түсті және «нәзік»(ашық-қызыл), сондай-ақ «жеңіл» (ашық тон), «ауыр» (қара түстер) деп түстерді бөліп ажыратады.

Кеңістіктік тереңдікті сезінуге байланысты «шығыңқы» және «шегінуші» түстердің мағынасы көз алдымызға келеді. Егер көк және қызыл түстерге боялған екі квадратты қатар орналастырсақ, көк түс «шегінуші» түс ретінде қабылданады, себебі ол алыста тұрған, көгілдірленіп бара жатқан затты білдіреді. Түстердің кеңістіктік қасиетін қайта өрлеу кезеңінің суретшілері байқаған және пайдаланған. Олар өздерінің шығармаларында алдыңғы планын салыстырмалы түрде жылы қоңырқай тонда, ортаңғы планды нейтралды жасыл, ал артқы алыстағыны көгілдір-көк түспен бейнелеген.

Түстердің эмоционалды-психологиялық қасиетін белгілі голланд суретшісі Винсент Ван Гог (1853-1890) қолданған. Өзінің «Түнгі кафе» (қосымшадағы Б.2.2.1-сурет) картинасын салғандағы ой-тұжырымын былай деп түсіндіреді: «Кафе – бұл адамдардың өлімге ұшырайтын, ақылдан алжасып немесе қылмыс жасайтын орны. Бір сөзбен айтқанда, мен нәзік қозғалыс түсті қою-қызыл мен шарап түсті қызылмен, нәзік – жасыл түсті мен қатаң көк-жасыл түсті контрастпен түйістіре отырып, тозақ отының атмосферасын ақ-сұр түсті реңктер арқылы батыстық көңіл көтеретін орындардың албасты басқан күшін беруге тырыстым». Тұрмыстық заттарды безендіруде түстің алар орны зор. Халық шығармашылығының өнер шығармаларында форма мен түстің жарасымды үйлесімділігі айтарлықтай мысал бола алады. Заттың түсін қабылдай отырып, адам оған лайықты әр түрлі қуанышқа, қайғыға, қорқынышқа, көңілді, жеңіл, көтеріңкі көңіл күйге ие болды. Заттардың басқа қасиеттерін біз мынадай салмақ, температура, фактура және т.б. сияқты сипаттамамен байланыстырамыз.

Түс тек заттар жайлы маңызды ақпарат беріп қоймай, ауа, кеңістік қоршаған ортаның түстік ортаның түстік ортасын шынайы жағдаяттарда бейнелі әсер ету арқыллы белгілі бір ой мен сезімді де оятады.

Мысалы, К.С.Петров-Водкинның «Қызыл атты шомылдыру»(қосымшадағы Б.2.2.2-сурет) шығармасында 1912 жылғы көтеріліс алаңындағы өзгерістердің Ресейдегі пісіп-жетілу кезіндегі идеяны ашу үшін түстің бейнелі әсерін пайдалаудағы үлгісін көре аламыз. Көгілдір-жасыл су фонындағы керемет қызыл аттың силуэты мен алтын түсті, жеңіл, нәзік жас бозжігіт денесі уақыт белгісін жасайды, алда күтіп тұрған қиыын сандарды қажет болатын өзгерістер жайлы ойды қозғайды.

Қызыл түстің адамға ерекше әсер ететіндігі ежелден белгілі, жасыл түс сабырға шақырады, қара түс адамның еңсесін басады. Ұлы неміс ақыны, ойшыл Иоганн Вольфганг Гете жарық, түс пен эмоция бір тізбектің бойында деп есептеген. Ол қызыл мен сары түстер көңілдендіреді, адамның энергиясын оятады, ал көк түс енжарлыққа салады деп білген.

Біздің қазіргі заманымыздағы халықаралық келісім бойынша, қызыл түс қауіп төндіретін тыйым салу белгісі болып саналады. Қызыл түстің қызу әсер етуін қазіргі заман психологтері адамзаттың тарихи тәжірибесімен(қызыл түс – қанның түсі) байланыстырады. Қазіргі кезде түстердің адамға әсер ететіндігі индустрияда, әкімшілік және тұрғын үй құрылысын салуда, интерьер ішін сылауда, дизайнерлік шешім қабылдауда есепке алынады.

Түстік климат адам еңбегінің өнімділігіне және өзін-өзі жақсы сезінуіне әсер етеді, сондай-ақ олардың жалпы көңіл күйіне әсер етіп, сергектік пен күш-қуат береді немесе керісінше енжарлыққа, сылбырлыққа салады.

Түстердің символикасы. Әлемдік бейнелеу өнерінің тарихи кезеңінде түстің символикалық белгісі шығарманың мұраты – көркем мазмұныныда маңызды рөл ойнайды. Бұл тек аумалы эстетикалық жағынан ғана емес, дүнетанымдық мазмұндық мәнерлеу арқылы да жетуге болатын түстік белгі.

Бірақ, шынтуайтқа келгенде, әрбір түстің символиклық мазмұнын айқындайтын тұрақты тұрақты символикалық мазмұн ешбір кезеңде болған емес. Мысалы, орта ғасырда қызыл түс бір мезгілде әсемдік пен қуаныштың белгісі ретінде есептеледі. Сары шаш пен сақал-мұрт жағымды кейіпкер болып есептелді, ал сол кезде басқа ортағасырлық сенім-нанымда қызыл шаш пен сақал-мұрт сатқындықтың белгісі іспетті еді.

Қызыл. Киноварь және қызыл кадмий әр түрлі жылы реңдік ашық-қызыл түстерімен ерекшеленеді, төзімділігі орташа. Краплак – суық қызыл түсті ықпалды бояу, төзімді. Ашық және жарық түстікарлиннің орнына краплакты қолдануға болады.

Сары. Сары кадмий – өте ашық жылы реңді бояу, лимон тәріздес түстен бастап неше түрлі сарғыш түстерді береді, төзімді. Алтын түстес охра – төзімді, бояу жұмсақ, сарғыш сипатты. Табиғи сиена – күңгірт сарыалтын тәріздес түс, тұрақты. Сарғыш кадмий – охра мен ультрамаринді қосса қараяды.

Жасыл. Изумрудты жасыл –төзімділігі орташа, жылы жасыл түс неше түрлі реңдері бар.

Көк. Ультрамарин – жарық көк түсті, төзімсіз. Берлиндік глазурь – жасылша реңді, төзімді бояу. Көк кобальт – төзімділігі орташа, неше түрлі реңді нәзік көк түс.

Қоңыр. Күйдірілген охра – неше түрлі қоңыр реңді, төзімді бояу. Күйдірілген сиена – қызыл-қоңыр реңді, төзімді бояу. Сиена – әдемі күңгірт қоңыр түсті төзімді бояу. Қоңыр марс – терең қоңыр түсті, төзімді бояу. Табиғи умбра – қызыл-қоңыр түсті, төзімді бояу.

Күлгін. Күлгін краплак – қызыл краплакқа қарағанда суық сипатты, төзімсіз бояу. Күлгін кобальт – төзімді, жарық және таза түстер.

Ақ. Цинкті және қорғасынды ақ бояу.

Діни белгілерде ақ түс тазалықты, кіршіксіз пәктікті, жасыл түс – адам жанының мәңгілігін, көгілдір – қайғы мен мұңды, қызыл әулиенің қанын білдіретін белгі ретінде көрсетілді. Көптеген елдердің халықтық ертегілерінде, аңыздарында жасыл түс үміт белгісі болып есептелген, себебі ол жастық пен өсуді бейнелейді, қызыл түс қан, от, махаббаты білдіреді, ақ түс бейкүнәлілікті, сәулені; қара түс қайғы, қараңғылықты, түнді білдіретін белгі болып есептелді. Ресейде қызыл түс сұлулықты, әдемі, әсемдікті білдіріп, «қызыл алаң», «қызыл қанат», «қызыл бұрыш», «қызыл көктем», «қызыл қыз» деп бәрі де қызылмен аталған.

Түстердің тілі де өзіне тән ерекше. Қызыл түске «жанып тұр», «оттай басылды», қызылды қан қызыл, шоқ қызыл деп те атайды. Жасыл түс жасыл болуы мүмкін, шөп сияқты немесе улы ашық жасыл болуы мүмкін. Орыс халқында қалыңдық ақ түсті көйлек киеді, ол тазалық пен берік сенімділікті білдіреді, ал шығыста ақ түс қайғы-қасіреттің белгісін білдіреді.

Ертеде неміс халқы ортағасырларда ақ түс пен ақара түсті қарама-қарсы қойып, әсемдік пен ұсқынсыздықты білдіретін түс ретінде есептеген. Сұлулуқты жырлағанда, мысалы аппақ қардай беті, қара түндей қап-қара шашы, аппақ ақ жібектей, қап-қара көмірдей деп салыстырған.

Түстердің белгілері қайта туып, қайта жоғалған. Қазіргі кезде түстердің белгілері өнерде, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде, жалау мен эмблемаларда сақталған.

Түссіз және түрлі-түсті түстер. Түс атауының бәрін екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі – түссіз түстер (ахроматты), оған ақ, сұр және қара түс жатады. Бұл түстер түске ие емес және бір-бірінен жарықтық ерекшелігіне байланысты ажыратылады. Бірақ бұл түстердің де бейнелеу әрекетінде үлкен мүмкіншіліктері бар. Адамның көзі түстердің ашықтық дәреджесіне байланыты ақ түстен қара түске өтетін өтпелі реңктердің 300-400-ге дейінгі түрін ажырата алады. Ахроматты түстердің ашықтығы бойынша бір-бірінен қалай ажыратуға болатындығын қарапайым мысал арқылы білуге болады. Бірақ ақ түсті қағаз, тас мәрмәр және ақ гуашь бояуын бір-бірімен өзара салыстыратын болсақ, онда олар бір-бірімен ақ, ақшыл, аппақ болып көрінеді. Қара түстер де бір-біріне ұқсамайды, мысалы қара пүліш мата қара түсті шыт матадан қаралау болып көрінеді. Ең көп түстік градацияны сұр түстің тондық ашықтығынан көруге болады. Қалған түсткрдің бәрі ахроматтық түстерге қарағанада, түсті немесе хроматтық түстер деп аталады.

Спектрлік түстер. Ұлы ағылшын ғалымы Исаак Ньютон (қосымшадағы Б.2.2.3-сурет) күн сәулесін ұшқырлы призмадан өткізу арқылы бірізді орналасқан ғажап түстердің пайда болуын тәжірибелік жолмен көрсете отырып дәлелдеді. Бұл құбылыс аспанда пайда болатын кемпірқосаққа ұқсайды.

Түстік тоның табиғи өлшемі мынадай жүйелі түрде орналасқан түстерден тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары-қызыл, қызғыш-сары, сары, жасыл-сары, көгілдір, күлгін. Біздің көріп отырғанымыздай, спектр құрамында ақ, сұр және қара түстер, яғни ахроматты түстер жоқ, сондай-ақ қою қызыл түстер де, қоңыр түс те бұл жерде жоқ.

Адам тек әртүрлі түстерді ажыратып қана қоймай, мысалы қазал мен көк, жасыл, сонымен қатар олардың бір-бірінен түстердің мұнадай салалы сипаттамасын қанық түс ретінде салыстыру мүмкіндік бойынша көре аламыз. Сондықтан да, түстердің негізгі қасиеті түстік тон, ашықтық пен қанықтылық болып табылады.

Хроматтық түстерге қолдануға болатын ашықтық дегенде біз түстерді қандай да бір қара немесе ақ пигменттердің бар екендігін түсінеміз. Егер хроматтық түске ахроматтық түсті қондырсақ, онда ахроматтық түстің қанықтылығы мен оның ашықтылығы да бір мезгілде өзгереді. Мысалы, қызыл түске ақ түсті қоса отырып, оның қанықтығын азайтамыз, ал ашықтығын байытамыз. Осылайша, пастельдік тон деп аталатын көптеген ашық түстерді алуға болады. Ашықтығы бойынша қаралау ахроматтық түстерді хроматтық түстерге қолдана отырып, оның ашықтылығы мол қанықтылығын бір мезгілде азайтуға болады. Ашықтығы бойынша қаралау ахроматтық түстерді хроматты түстерге қолдана отырып, оның ашықтығы мол қанықтығын бір мезетте азайтуға болады. «Таза» деген сөз арқылы басқа түстердің немесе реңктердің қоспасы жоқ түс екенін пайымдауға болады. Осылайша, таза түстерге үш негізгі немесе алғашқы қызыл, көк және сары түс енеді. Негізгі үш түсті оптикалық араластыру ақ түсті береді, ал олаардың екеуін қосу арқылы мысалы, сары мен қызғылт сары түсті алуға болады. Түстік шеңбер таза спектрлік түстерді жүйелейді.

Түстік шеңбер. Түстерді шеңбердің ішіне қатарластыра орналастыру өте қолайлы болмақ. Солай жасағанда ол түстер теориясының көптеген заңдылықтарын көрнекті түрде түсіндіру мүмкіндігін береді.

Қоңыр қызыл және күлгін көк түстердің шеткі спектрі бір-біріне ұқсас. Егер оған қызғылт түс қосып, оны қою қызыл мен көк-күлгін түстер арасына орналастырса, түстік шеңбер деп аталатын айнала дөңгелекті бір-біріне жалғап біріктіруге болады. Түстік шеңберді қызыл, қызғыш-сары, сары, сарғыш-жасыл түстер кіргізетіндей етіп бөлсе, «жылы түстер», күн мен отты білдіретін түстер шығады, ал екіншісі көгілдір-жасыл, көкшіл, көк, күлгін түстер «суық түстер» деп аталатын су мен ауа кеңістігін беретін түстер жиынтығы келіп шығады. Сондай-ақ, жылы түстер басқа жылырақ түстен гөрі жылылау болып, керісінше суық түстер суығырақ түстің қатарында суық болып көрінетінін ұмытапаған жөн. Көптеген ірі суретшілер жылы суық түстердің барлық палитрасын пайдалана отырып, сурет салады. Бірақ кейбір суретшілерде (Репин, Гальс, Рембрандт және т.б.)өздері жақсы көретін жылы түсті колорит басым.

Ал кейбір суретшілерде (Суриков, Врубель, т.б.) суық түстер басым. Табиғат көрінісін бейнелеуші Грабари және Юона шығармаларында көк түстер жылы түстер қатарына енеді. Бұл, әрине салыстырмалы түрде Врубельдің шығармаларында байқалады. Таза түстерді суық немесе жылы түстерге жатқызу кескіндемелік оқу жұмысында, әдетте, қиындық туғызбайды.

Енді ғана бастаған суретші-кескіндемешіге бұл мәселені түс реңктеріне жақын жұмсақтық қатынаста шешуге болады. Ондай кезде ол озіне-өзі түс жасылға немесе қызғылт түске жіктеле ме деген сұрақ қойса болғаны. Қою қызыл түс қаығырақ көрінеді, ашық-сары түстерді ақ түске қарағанда ажырату қиынға соғады, көгілдір түстің көкшіл жасыл түстен аз ғана айырмашылығы бар, сол сияқты қою көк түстің қара түстен айырмасы аз.

Заттардың қараңғы түскен және жарық түскен формасын алдымызда тұрған жарықтың жылылығын және жартылай көлеңкені ажыратуға болады. Ал қабылдағанда суық және жылы түстердің ең жарық түскен бөлігі ретінде қабылдаймыз. Сол сияқты электленген дене де өзінің ең жоғарғы нүкесінде бір жағынан қонымды, екінші жағынан кері электр күшін көрсетеді. Бұл кез келген жазықтық бетіндегі локальді түстерге қатысты.

Жаңабастаған суретші өзінің көруіне сенбей, ереже, қағидалар мен заңдылықтардағы ізденістерге жүгінеді. Бірақ практика көрсеткендей, бақылаусыз «ереже» бойынша жасаған жұмыс өмірді шынайы бейнелеуге жол көрсете алмайды.

Кескіндемелік картинаны жасау, мысалы төмендегідей кезеңдерден өтеді, басқаша айтқанда, мынандай міндеттерді бірізділікпен шешуден тұрады:

2) картинаның идеясын ойластрыу;

3) алғашқы эскизді жасау;

4) сурет салу, долбар жасау, этюдтер орындау және олардың көзтегі арқылы картинада бейнеленген бейнелерін түзету.

Бояу тілі. Өнердің әр саласының өркендеп дамуымен қатар, сол саланы, оның тарихын, ерекшеліктерін, заңдылықтарын, маңызды мәселелерін зерттейтін ғылыми салалары пайда болып, бірге дамып келеді.

Өнерді зерттейтін ғылым салаларына, атап айтқанда, өнер теориясы, өнер тарихы, өнерді зерттеу, өнертану сияқты салалар, әсіресе бейнелеу өнерінің әдістері мен технологиясы, композиция теориясы, пластикалық анатомия, перспектива териясы, бейнелеу өнерін қабылдау теориясы, өнер туындыларын қалпына келтіру(рестааврация), өнер философиясы, түстану, мәдениет зерттеу, т.т. жатады.

Түстанудағы түстерге өнер тұрғысынан қарау табиғат пен өмірдегі түстерді қабылдау, түсіну мүмкіндігін көбейтеді. Түстердің реңктерінің қысқаша атаулары(ақтан қараға дейін): ақ, ақ шаңқан, ақша, ақшылтым, ақбоз, бозалаң, бозаң,бозамық, бозарыңқы, бозша, бозғылтым, қылаңбоз, шаңқанбоз, ақсары, ақшылсары, сарғыш, сарғылт, сарша, сары, қызғылтсары, қызғылтша, қызылсары, қызылсары, қызыл, алқызыл нартқызыл, әсіреқызыл, қырмызы, қызылжоса, жоса, тоққызыл, жиренқызыл, жирен, қызылқоңыр, қоңыр, қоңырқай, қоңырша, қошқыл, қоңырқошқыл, қоңыр жасыл, жасыл, жасылша, көк, көкше, көкшіл, көкшілтім, көгілдір, көгілжім, көгерен, көкшулан, көккүлгін, күлгін, күлгінше, қаракөк, алқара көк, қара, қаракүйе, қараборқын, шымқай қара, қаракер, қараторы, қаракүрең, қарақошқыл, қаралтым, қарасұр, сұр, сұрғылт, сұрқай, сұрша, ақсұр, бурыл, қарабурыл, көкбурыл, құба, құбақан, құбаша, ақұба.

Бойында қабілеті бар жастар уақытты бос өткізбейді, мақсатты ізденісі мен мүмкіндігін сезініп, өнердің халық қазынасы екендігін ұғынады, себебі өнердің бірден қалыптаса қоймайтыны белгілі. Ол үшін өзі қалаған өнері өмір мұраты деп біліп, оның шығу тегін, өсуі мен дамуын меңгеруі шарт. Ал мұнадай жүйелі ізденіс мектепте оқып жүргенде басталса, жас талапкер өнердің асқақ биігіне қол жеткізуі мүмкін.

Алға қойылған мақсат жоғары болуы керек. Сөз орайында айта кетейік, әйгілі драматург Шекспирге бір шәкірті келіп: «Сіздей болуым үшін не істеуім керек», - деп сұрағанда: «Мен драматургияның құдайы болғым келкді, бірақ ел мені Шекспир деп таниды, ал сен мендей болғың келеді екен, нысанаң төмен, сондықтан сен ешкім де бола алмайсың!» - депті. Талапкерге керекті тағы бір қасиет – еңбекқорлық, ізденгіштік. Өзін қоршаған ортаға үлкен пайыммен қарап, өздігінен тұжырым жасап үйрену ләзім. «Мен ешнәрсені ойдан шығармаймын, бәрін өмірден аламын», - дейді П. Пикассо. Бұл айтылған қасиеттер сергектікке, сезімталдыққа баулиды. Суретші, жалпы өнер адамы, өмірдегі қоғамдағы түрлі құбылыстарға дер кезінде үн қоса білетін жан. Болашақ суретші адам мән бермей өте шығатын өмірдің, табиғаттың кейбір нәзік сәттерін көре біліп, соны қызықтауы тиіс.

Аспандағы бұлттардың сұлбасын бір затқа ұқсатып, ағаш бұтақтарынан, тастың кедір-бұдырларынан әртүрлі композиция элементтерін ізденуге талпынуы керек-ақ. Әрбір арманшыл талапкердің қойын дәптерінің болғаны артық етпейді. Ол өзінің төңірегіндегі әр түрлі көріністерді сол дәптерге түсіре білуі керек. Әрине, әр сурет ойдағыдай болып шыға бермейді. Ол кездерде еш түңілмей, қиындықты жеңіп, не себепті дұрыс болмай жатқанын ұғыну қажет. Өмірде жастарды қызықтырып, еліктіріп алып кететін толы жатқан «қызықтар» аз емес.

Мәселе солардың бәрін сырып қойып, өзіңнің армандаған өнеріңе жан-тәніңмен беріліп, бос уақытыңның бәрін бағыштауда. Сурет өнері де өнердің өзге саласы сияқты бірнеше жанрға бөлінеді. Майлы бояумен пейзаж салып жүріп, графикаға бой ұрып, оны тастай беріп, мүсінмен атүсті шұғылданып, одан кейін құрылыс бедерімен айналысу өнер қуу емес кәсіп қуу болар еді. Өнерге бұлайша қараған адам, арманынан айырылып қалу ғажап емес. Өнерде өз жолын таппай жатып әр салада күшін сынауға талпынған адам ешқашан биік мұратқа жетпейді. «Бойдағы талант тұлпарын әр нәрсеге бағыттап қинай берсең, тулаққа айналады», - деген әдебиет классигі М. Горький.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет