Ес және зейін Жоспары: 1. Ес және зейін туралы жалпы ұғым.
2. Ес және зейін формалары.
3. Естің және зейіннің түрлері.
4. Есте сақтаудың тиімді жолдары.
Назар – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін, басқаларды елемейтін (саналы
немесе санасыз) процес. Назар деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикадан есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.) Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.Осындай түрлі кезеңдере бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Зейінсіз айналадағы нәрсені қабылдау, түйсіну мүмкін емес. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардан дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, санадағы ерекше сипаты болып табылады.
Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Күшті, ерекше, қатты, күтпеген тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін тудырады. Күтпеген жерден шыққан айғай, ашық терезеден ұшып кірген көбелек, қарсы бөлмедегі күлкі, кіріп келген адам - мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудьң басты ошағының орнын өктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты жағдайға түсіп қалады. Міне, 1 сыныптың оқушылары математикалық мысалдарды шығаруда еңбектеніп отыр дейік, кенеттен дәлізде еденнің қатты дүрсілдеп, біреудің жүгіріп, қарқылдап күлгені естілді. Оқушылардың зейіні тез арада жұмыстан ауытқып, көңіл қоюлары бұзылды. Балалар мұғалімнің не айтып тұрғанын тіпті естімейді де. Оның өздері оқушылардың санасына жетпейді, қозу туғызбайды да, қабылданбайды. Мұғалім сабақ үстінде дауыс және сөз екпінін өзгерте отырып оқушыларды ырықсыз зейін тудыра алады. Тітіркендіргіштің күші, жаңалығы, ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автокөлік, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекті құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы - ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.
Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып, сүйсіндіретін 1 нәрселер де зейінді өзіне еріксіз аударады. Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не полицияның ысқырығына жалт қарайды т. б.
Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас
балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады.