Зейін метафоралары: зейін фильтрі,зейін фокусы,зейін және миды белсенділігі



Дата25.11.2022
өлшемі6,32 Mb.
#159813
түріСабақ
Байланысты:
Зейін метафораларызейін фильтрі,зейін фокусы,зейін және миды белсенділігі.


2022
Зейін метафоралары: зейін фильтрі, зейін фокусы, зейін және мидын белсенділігі.
Орындаған: Қожан Әсел
Тексерген: Бердибаева Света
2022
Жоспар
    • Кіріспе
    • Зейін фильтрі
    • Зейін фокусы
    • Зейін және ми

Кіріспе
Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады.
Түрлері
Ырықты зейін
Ырықсыз зейін
Үйреншікті зейін
болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін.
Зейін фильтрі
Зейіннің алғашқы теориялық моделін немесе сүзгі(фильтр) моделін Д.Е. Бродбент жасаған. Ол жүйке жүйесі көптеген кірістерге қарамастан, белгілі бір дәрежеде шектеулі мүмкіндіктері бар жалғыз байланыс арнасы ретінде жұмыс істейді деп болжады. Сондықтан арнаның кірістерінде селекция операциясы жүзеге асырылады, яғни белгілі бір жалпы белгісі бар барлық оқиғалар туралы сенсорлық ақпарат таңдалады.
Физикалық белгілер:
    • дыбыстың қарқындылығы
    • биіктігі
    • кеңістіктік орналасуы т.б.

    • селекцияның негізі бола алады.

Фильтр белгілері
Зейін фокусы
    • Зейін фокусы - бұл біздің миымыздың әртүрлі ынталандыруларға немесе тапсырмаларға бір уақытта жауап беру қабілеті, осылайша қоршаған ортаның көптеген сұраныстарына жауап беруі.

Фокус зардаптары
Шизофрения сияқты психикалық бұзылулардың нәтижесінде зейіннің бөлінуі зардап шегуі мүмкін.
Әртүрлі физикалық және психикалық бұзушылықтар зейін тапшылығының гиперактивтілігінің бұзылуына алып келуі мүмкін (ADHD), онын нәтижесінде ең алдымен жалпы зейін зардап шегеді.
Сонымен қатар назар жиі бұзылады бас миының жарақаты немесе мидағы қан кетулер(инсульт) болып өтуіде мүмкін. Бұл жағдайларда зейіннің бұзылуы және оның құрамдас бөліктері мидың зардап шеккен аймақтарына байланысты әртүрлі ауырлықта болады.
Егер пациентте қарама-қарсы геминеглект (ми жарақаты аймағына қарама-қарсы көру аймағын танымау), гипопросексия (зейіннің ауытқыуы), гиперпросексия (шамадан тыс назар аудару және зейіннің жоғарылауы) немесе апросексия (назардың болмауы, зейінді реттей алмау), ол бөлінген зейінді қажет ететін тапсырмаларды фокус қою кезінде қиындықтарға тап болады.
Зейін және ми
Мидың орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) бөлігі ретіндегі қызметі дене мен ақыл-ой функцияларының көпшілігін реттеу деп айтуға болады. Бұл тыныс алу немесе жүрек соғысы сияқты өмірлік маңызды функциялар, сонымен қатар ұйқы, аштық немесе жыныстық инстинкт сияқты негізгі функциялар және біз ойлағанда, еске түсіргенде немесе сөйлескенде іске қосылатын жоғары функциялар болып табылады. Зейін қою процесіндеде мидын атқаратын ролі ерекше.
Зейін-субъективтік фактор ретінде
3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А. Р. Лурия) — субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С. Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады.
3ейіннің оянуы
    • 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В. И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.

Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:
интенсивтілігі;
жаңалығы;
аффективтілігі.
П. Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша:
П. Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л. C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты.
Зейінің функциялары:
    • қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;
    • ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;
    • белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.

Қорытынды
Қорытындылай келе зейіннін адам өмірінде алатын орыны ерекше. Адамнын көптеген өмір салаларынды білім, жұмыс, ұйқы т.б. зейіннін атқаратын рольі маңызды екенін түсіндік. Зейінді жақсартатын фактоларды ескере отырып біз зейінді дұрыс пайдалана алсақ онда жоғарыда айтқандай білім алуда, жұмыс кезінде көптеген жетістіктерге жете аламыз.
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет