Байланысты: 10 Әмит Зайыр Абытұлы ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА 222rd
Қазақстандағы жеңіл атлетика 19 ғасырдың 20 жж. соңынан бастап дамып келеді. Жеңіл атлетика спорттың негізгі түр ретінде барлық республикалық спартакиадалар бағдарламасына ендірілді. 30 жж. ортасында дарынды жеңіл атлеттер пайда болды, олар: Х. Мухамеджанов, Ш. Бекбаев, С.Стуге, И.Россишанский, КТемиргалиев, Г.КОстроминов. Соғыстан кейінгі жылдарда республикада елімізге танымал жеңіл атлеттер тәрбиеленді, олар: В.Сухарев, П.Чулок, В.Карунина, Г.Қосанов, А.Тұяқов. Осы жылдары Ю.Жиров, А.Суслов, В.Гржибко, Н.Степанов, В.Любимова, Г. Терещенко, Г.Майер, А.Михайлюк, О.Гиржон, Л.Лосев,А.Кирсанов, Р.Чарыев, Г.Иванов, Т.Мухамеджаров және көптеген белгілі жаттықтырушылар көмегімен қазақстандық жеңіл атлетиканың дамуында үлкен ілгерілеу басталады. КСРО халықтарының ІІ Спартакидасында (1959) қазақстандықтар командалық есепте 10-орын алып, Римде өтетін ХVІІ Олимпиада ойындарына қатысуға КСРО құрама командасы қатарында Г.Косанов пен В.Савинкова делегат болып барды. 1962 ж. Қазақстанның құрама командасы Орта Азиядағы ең күшті команда болды. Осы жылдан бастап республика жеңіл атлеттері өздерінің басты қарсыласы - өзбек спортшыларын бес матчтық кездесуде қатарынан жеңді. Осы жылы республика жеңіл атлеттері Закавказья мен Балтық жағалауы республикаларының командаларын да жеңді. 1963 жылы қазақстандық жеңіл атлеттер КСРО халықтарының ІІІ Спартакидасында тек Мәскеу, Ленинград, РСФСР, УКСР, Беларуссия мен Эстония командаларын ғана алға жіберіп, 7-орын алды. КСРО халықтарының ІV Спартакидасына (1967) 15 СШ дайындалып, үлкен жастар тобы пайда болды, олар: Алматы облысы Андреев ауданынан Б.Куренкеев Бүкілодақтық оқушылар спартакиадасында 1500 және 3000 м жүгіруде 2 алтын медаль алды. С.Гапонова бессайыстан қола медальды иемденді. Көптеген спортшылар жоғары нәтижелер көрсетті: А.Тұяқов 200 м жүгіруде чемпион, 100 м жүгіруде күміс жүлдегер атанды. В.Солдатенко 20 км спорттық жүруден алтын медаль алды, Л.Никитенко 5 және 10 км жүгіруде екі рет 2-орын алды. А.Казаков 400 м кедергілермен жүгіруде 3-орын алды. Ойын көрсеткен жылдары қазақстандық жеңіл атлеттер 4 рет әлем рекордын жаңартты (қараңыз: В.Герасимова, В.Евсюков, В.Солдатенко, К.Сантанов), олардың 12-сі КСРО рекордын жаңартты (қараңыз: Г.Косанов, А.Туяков, В.Савинков, Н.пензин, В.Солдатенко, В.Герасимов, Л.Никитенко, Г.Иванова, В.Муравьев, С.Засимович, В.Евсюков, Е.Коконова). олардың бірқатары бірнеше дүркін рекордтар жасады. Мысалы, А.Тұяқов – 6 рет, Г.Қосанов – 4 рет, В.Герасимова – 3 рет, В.Муравьев, В.Евсюков және Л.Никитенко – 2 рет.1993 жылдан бастап ҚР жеңіл атлеттері тәуелсіз мемелекеттің дербес командасы ретінде барлық дүниежүзілік жарыстарға қатыса бастады. О.Шишигина, И.Патонович, Г.Егоров Әлем Чемпиондары мен Олимпиада ойындарының жүлдегері атанды. Қазақстан өкілдерінің ХІІ, ХІІІ, ХІV Азия ойындарында 22 алтын, 21 күміс, 19 қола медаль жеңіп алды. Екі Азия Чемпионатында (1995, Джакарта және 1998, Фукоко) небары 30 медаль алды (8 алтын, 10 күміс, 12 қола). ҚР жеңіл атлетика Федерациясы 1993 жылдан бастап Халықаралық әуесқойлар жеңіл атлетика Федерациясының (ХӘЖАФ) мүшесі. 2004 жылы ҚР жеңіл атлеттері Азия Чемпионатында (Тегеран) жалпы командалық есепте 3-орын алды. Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензияны (2004, Афины) С.Толстая, В.Борисов, С.Кореванов, Д.Карпов, Н.Торшина, И.Ульева,И.Науменко, Е.Кощеева, С.Казанина, Т.Росланова, Т.Бочарова, Е.Кузнецова, Е.Мелещенко, Г.Черновал, М.Айтова, Р.Валиев, С.Бодрицкая, С.Рубцов, М.Колганов, Р.Куватов, В.Ковырова сияқты ҚР жеңіл атлеттері жеңіп алды.
Жеңіл атлетика – біздің елімізде кең тараған спорт түрі.
Дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетика жалпы дене дайындығы үшін пайдаланылады.
Жеңіл атлетика түрлері бойынша нормативтерге Президенттік тест кешені жатады.
Жеңіл атлетика бойынша сабақтар ашық жерде жүргізіледі. Олар ағзаның жүрек-қан, тынысалу, бұлшық ет және басқа жүйелеріне жақсы ықпал етіп, дене сапасын жан-жақты дамытып, денсаулықты нығайтады және жүгіру, секіру, лақтыру, т.б. қолданбалы білім пен дағдыларды қалыптастырады.
Жүгіру – жеңіл атлетикалық секірулер мен бірнеше лақтыруларда, сол сияқты көптеген спорт түрлеріндегі жаттығулардың құрамдас бөлігі. Қашықтығы мен түрлерінің көптүрлілігі бойынша жүгіру жеңіл атлетикада бірінші орын алады. Стадион жолымен түрлі қашықтықта бірсыдырғы жүгірумен қатар жергілікті жерлермен жүгіру – кросс (14 км-ге дейін), кедергілермен жүгіру (50-ден 3000 м ге дейін) және эстафеталық жүгіру (60-1500 м-ден кезеңденіп) кең қолданылады.
Соңғы кездерде елімізде жүгіру әуесқойларының топтары мен клубтарында сауықтыру сабақтары кең құлаш жайды.
Жарыстарда қолданылатын спорт жүрістері қимыл тәсілі жөнінен қарапайым және басқа жүру түрлерінен үлкен күрделілігімен ерекшеленеді, ол жалпы төзімділікті тәрбиелеудің бір құралы қызметін атқарады.
Жеңіл атлетикаға жататын биіктікке, сырықпен, ұзындыққа үш адымдап секіру, диск, балға, граната лақтыру, ядро лақтыру шапшаңдықты, күшті, ептілік пен иілгіштікті дамытуға жәрдемдеседі.
Жеңіл атлетикалық спорт түрлерінде ерекше топ көпсайыс болып табылады. Олар жүгіруден, секіру мен лақтырудан жеңіл атлетикалық жаттығулардың 3-тен 10-ға дейінгі түрлерін қарастырады. Көпсайыс бағдарламасы бойынша сабақтар дене сапасын жан-жақты тәрбиелеу мен қимыл дағдыларын кең көлемде меңгеруді қаматамасыз етеді.
ЖОО-на арналған дене тәрбиесі бағдарламасының аталған бөлімі бойынша сабақтар барлық оқу жылдарында жүргізіледі. Оқушылар бағдарлама талаптарына сәйкес қысқа және орта қашықтыққа жүгіру тәсілін жүгіріп келіп, ұзындық пен биіктікке секірудің, граната мен ядро лақтыру тәсілдерін, кедергіні бағындырудың түрлі әдістерін меңгеруі тиіс. Кедергінің оқу-жаттықтыру жолақтарына кедергіні жүгірумен, секірумен және граната лақтырумен үйлестіре бағындыру жатады.
Оқушыларды оқу жылдарында дайындалуды бақылау барысының мақсатында оқу нормалары мен талаптары қарастырылған. Оның мазмұнына Президенттік тест кешенінің мөлшерлері де ендірілген.
Жеңіл атлетикалық түрлердің көптүрлілігі оқу сабақтарын ұйымдастыру мен жүргізуді қиындатады. Бұл жағдайда оқушылардың белсенді және сапалы мінез-құлқы мен өзара көмегі үлкен мәнге ие болады.
Оқушылардың бір-біріне көмектесуі жеңіл атлетика түрлерінің тәсілдерін үйренуде жүгіруден, секіруден және лақтырудан дағдыларды қалыптастырудың табыстылығын қамтамассыз етеді.
Топтық сабақтар, іс-әрекеттің ұжымдылығы оқушыларға жақсы ықпал етеді.
Жеңіл атлетика сабақтары стадионның спорт залының, манеждің және жергілікті орынның жағдайына қарай жүргізіледі. Әрбір сабақ орны сабақты немесе жеке сабақты ұйымдастырудың ерекшелігін талап етеді, бірақ барлық жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет. Әсіресе лақтыру мен секіру сабақтарында қауіпсіздік сақтауы тиіс.
Қарама-қарсы лақтыруды жүргізу, оның ішінде жабдықтарды кездестіру лақтыру да дұрыс емес.
Жабдықтың қону аймағында ешкім де болмауы керек. Секіру сабақтарының алдында қону мен тебілу, биіктікке секіруде белдеу мен ұстынның орнын қарап шығу қажет. Өзіндік сабақтарда оқушылар өте сақ болуы тиіс.
Суық кездерде ашық алаңдарда өтетін сабақтарда жылы жаттығу киімін, жүн шұлық, еркін аяқ киім, қолғап және бас киім киіп, бой жазуды мұқият жүргізу қажет. Бұл жарақаттанудан сақтайды.