Кіріспе Тақырыптың көкейкестілігі



бет5/12
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#87397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
10 Әмит Зайыр Абытұлы ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА 222rd

1.1 Жеңіл атлетика тарихы


Жеңіл атлетика спорттың негізгі түрлерінің бірі. Ол жүру, жүгіру, секіру және лақтыру жаттығуларын біріктіреді (тастабақ, жебе, балға, граната, ядро лақтыру). Жеңіл атлетика құрамына жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының түрлерін қарастыратын көпсайыс та кіреді (екісайыс, үшсайыс, бессайыс, онсайыс). Жаттығулар сипатының көптүрлілігі жеңіл атлетиканы дене шынықтырудың құнды құралы етеді. Жеңіл атлетиканың пайда болу кезеңін белгілеу нақты емес, шамамен 2500 жыл бұрын пайда болған делінеді. Бізге жеткен ежелгі мәдениет ескерткіштеріне қарағанда б.д. дейін мың жыл бұрын адамдар табиғи және қолайлы қимылдар – жүгіру, секіру, лақтыру түрлерінен жаттығып, сайыстар өткізген. Қазіргі кезде жеңіл атлетика спортының құрамына біріктірілген түрлер көнеден жеткен олимпиадалық, дельфиялық және басқа сайыстардың негізін қалаған. Осыған дейінгі мыңдаған жылдар бойы дене жаттығулары көптеген өзгерістерге ұшырады (спорттық сайыстарға тиым салынды және қайтадан пайда болды, жарыстар мен спорттың жаңа түрлері пайда болды) және сонымен қатар жеңіл атлетика да өзгерді. Секіру мен лақтырудың біршама деңгейде жасанды, жаңа түрлері пайда болды және жеңіл атлетикалық жабдықтар жетілдірілді. Қашықтыққа жүгірудің көптеген түрлерінің көбеюі жүгірушілердің барынша нақты мамандануын ендіруге әкелді.
Ұзақ уақыт бойы жеңіл атлетикада әлем чемпионаты өткізілмеді. Сондықтан Олимпиада ойындары әлемдік жарыс болып саналды. 1960 ж. ХӘЖАФ Олимпиада чемпионын жеңіл атлетикадан әлем чемпионы деп есептеуге шешім қабылдады. Ашық және жабық ғимараттардағы әлем чемпионаттары 1987 ж., Еуропа чемпионаты 1934 ж., Еуропа Кубогі 1965 ж., жабық ғимараттардағы Еуропа чемпионаты 1966 ж., Әлем Кубогін ойнату 1997 ж. бастап өткізіле бастады. Халықаралық әуесқойлар жеңіл атлетика федерациясы – ХӘЖАФ 1912 жылы құрылды. Жеңіл атлетикалық жаттығулар негізі адамның табиғи қимылдары болып табылады, олар: жүру, жүгіру, лақтыру, секіру. Жеңіл атлетика жаттығуларымен шұғылданғанда адам жан-жақты дамып, күшін, шапшаңдығы мен төзімділігін, ептілігін жетілдіреді, өзінің батылдық, шешімталдық, тапқырлық сияқты ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеп, өз күшіне сенімділігі пайда болады. Жүгіру, лақтыру, секірумен айналысу адам ағзасының дұрыс дамып қалыптасуына көмектеседі. Жеңіл атлетика жаттығуларының құрылымы мен түрлері жағынан ағзаға әсер етуі әртүрлі. Жүгіру түрлері мен спорттық жүріс ағзаны біршама шыңдайды. Қысқа қашықтыққа жүгіру, кедергілермен жүгіру, үдеу алып секіру шапшаңдыққа арналған жаттығулар болып табылады, олар оттегі тұтыну көлемінің қатынасымен сипатталады, ол 100 м жүгіруде ерекше байқалады. Орта қашықтыққа жүгіруге жалған тұрақтылық сипаты тән. Ұзақ және өте ұзақ қашықтыққа жүгіру мен спорттық жүру төзімділікке арналған көптеген жаттығуларды ұсынады. Қашықтық алыс болған сайын оттегіні тұтыну көлемінің қатынасы азайып, қандағы сүт қышқылдарының құрамы төмендейді. Қысқа және орта қашықтыққа жүгіру барысында көмірқышқыл қорын жұмсау тез атқарылады және соған сәйкес қандағы қант құрамы артады. Ұзақ және өте ұзақ қашықтықтарға жүгіру барысында бұлай іске асыру біртіндеп жүреді, қандағы қант құрамы біркелкі көбейеді, қашықтықтың екінші жартысында көмірқышқыл алмасуының бірқатар ферменттерінің белсендігі жойылуы салдарынан ол біршама төмендеуі мүмкін. Сондықтан марафондық жүгіру кезінде қашықтықтарда тамақтану қолданылады. Ұзақ және өте ұзақ қашықтықтарға жүгіру көмірқышқылмен бірге майлар және липоидтар да қуат көздері қызметін атқарады. Ағзадағы даму қызметінің сипаты мен деңгейі жүгіруден кейін тікелей қашықтық ұзақтығы мен спортшының дайындығына және жүгіру жылдамдығына байланысты болады. 100 – 200 м жүгіргеннен кейін жүрек соғысы минутына 160 және одан жоғары соққы көрсетеді; қан қысымы бірқалыпты артады (150 – 180 мм), қалпына келтіру кезеңі ұзақ болады. Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргеннен кейін өзгерістер көп байқалады, жүрек соғысы минутына 220-230 соққы көрсетеді; қан қысымы 200 мм және одан жоғарылайды. Марафондық жүгіруден кейін өзгерістер көп емес, бірақ қалпына келтіру кезеңі ұзақ болады. Секіру мен лақтыру жылдамдық-күш жаттығуларын қарастырады. Күрделі қимыл үйлесіміне жету үшін оларды орындағанда жаттықтыру барысында көру, тактильдік және тірек-қимыл сезім мүшелерінің қызметін жетілдірудің маңызы зор. Бұл жаттығуларды бір рет орындағандағы денеге қысқа мерзімдік күш түсуіне байланысты қуат шығыны мен қызметтік дамуы орташа. Жеңіл атлетикамен шұғылдану оның құрамындағы жаттығулардың көптігіне байланысты жалпыға қолайлы. Жеңіл атлетикамен жыл бойы кез-келген жағдайда айналысуға болады. Жеңіл атлетиканың әр түрінің өз ерекшеліктері бар және белгілі бір дене сапаларын, дағдысы мен іскерлігін дамытады. Сондықтан да Президенттік тесттің 50 % - ы жеңіл атлетиканы құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет