Кіріспе Тақырыптың көкейкестілігі


Жеңіл атлетика түрлерінің тәсілі және оны үйрену. Жүгіру



бет7/12
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#87397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
10 Әмит Зайыр Абытұлы ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА 222rd

1.2 Жеңіл атлетика түрлерінің тәсілі және оны үйрену. Жүгіру

Жүгіру түрлерінің көптігіне қарамастан, жүгіру тәсілінде көптеген ортақ жақтары бар. Жүгіру айналымдық дене жаттығуы түріне жатады. Жүгіру айналымы оң және сол аяқпен орындалатын екі жүгіру қадамынан, екі тірек кезеңінен және екі ұшу кезеңінен тұрады (1-сурет).



Тірек кезеңі алдыңғы тірекке тік тұру кезеңімен және итерілу бөлінеді (2-сурет). Тік тұру кезеңі деп жалпы дене салмағының (ЖДС) орталығы тірек алаңының үстінде болу жағдайын атайды.


Алдыңғы тірек кезінде бұлшық ет дене қозғалысын төмен қарай тежейтін бағыныңқы қызмет атқарады. Бұнда жүгірушінің дене қозғалыс жылдамдығын алға қарай төмендету жүргізіледі. Тік тұру кезеңінен тірек аяғын тіктеу мен дененің ЖДС қозғалысын алға – жоғары жылдамдату басталып, жүгіру тәсіліндегі ең маңызды бөлік кері тебілу болады. Итерілу барлық буындарда аяқ тіктеліп және бөксені сәл артқа жіберумен аяқталады.
Ұшу кезеңінде алда тұрған аяқ тіктеліп, кезекті итерілуге дайындалу үшін түсіріледі, келесі аяқ тізе буынында тұрады. Бұл кері тебілуде сермеуді шапшаң орындауға көмектеседі. Аяқты шапшаң және белсенді түсіру алдыңғы тірекке көлденең жылдамдықты тежеу төмендеген сайын дене ЖДС-н жолға жақын қоюды қамтамасыз етеді.
Жүгіру қадамында бел тірек аяғының бел-бөксе буыны айналасында бірнеше рет бұрады. Бұл қадамды ұзартады. Бұнда тұлғаның тепе-теңдігін сақтайтын иық – бел белдеуінің (толықтырушы қимыл) қарсы айналымы болады.
Жүгіру кезеңінде қолдар кеуде алдында алға – артқа бағытталып, өзара қиылысу жазығымен қимылдайды. Қолды алға қозғағанда шынтақ буынындағы бүгілу бұрышы азаяды, ал қолды артқа қозғағанда оңың тік жағдайы кезеңіне оның жазылу түрлері де кездеседі. Бұдан кейінгі қимылдарда бүгілу бұрышы сақталады немесе біршама азаяды. Қол мен аяқ қимылының қиылысу дәлдігі олардың қозғалысының өзара байланыстылығы аяқ жұмысын барынша жоғары қарқынға жеткізуге пайдаланылуы мүмкін. Қол қимылы қарқынын арттыру арқылы жүгіру қарқынын үдетуге немесе бірқалыпта ұстауға мүмкіндік береді.
Жүгіру кезінде тұлға өзгермелі сәл алға еңкею қалпында болады. (6-8 0 тік қалыптан). Итерілу кезінде иілу жазылу аяғының күшінің әсер етуінен белді артқа жіберу есебінен азаяды, ал ұшу кезеңінде иілу ұлғаяды.
Аяқтар табанның сыртқы қырымен жолға бастапқы тиюмен табанның алдыңғы бөлігінде бір сызықта тұрады. Дене салмағының күші әсерінен өкшенің жолға жақындауы, кей жағдайда жанасуы мүмкін. Аяқты табанның алдыңғы бөлігіне қою жақсы, кері тебілуді, алдыңғы тіректің тежегіш әсерін азайтып, бұлшықеттердің серпімділік қасиеттерін жақсы пайдалануды қамтамасыз етеді. Жаңадан бастаушылар әдетте аяқты табанның алдыңғы бөлігіне қоюды өкшені биік қойып, аяқ ұшында тұру деп түсінеді. Бұл тартыншақтыққа, жүгіру жылдамдығының төмендеуіне әкеледі.
Мәре және сөре бөліктеріндегі жүгіру тәсілдері. Сөренің негізгі 2 түрі бар: жоғарғы және төмен. Төмен сөре қысқа қашықтыққа, ал жоғарғы сөре – орта және ұзақ қашықтыққа жүгіруде қолданылады. Төменгі сөре де оқушы сөре сызығынан түрлі алшақтықта орнатылған тіреуішке аяқпен тіреледі, ал қолымен сөре сызығы жолағына тіреледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет