Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



бет2/4
Дата13.10.2019
өлшемі0,49 Mb.
#49827
1   2   3   4
Байланысты:
теория практика


Топтық бағалау түрі



2.2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде бағалау түрлері

Машық барысында 5-сынып «Қазақ тілі» күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жүргіздім. Жалпы 5 – сынып бойынша барлығы – 102 сағат,аптасына - 3сағаттан. Төмендегі сызбада берілген.



І тоқсан - 24 сағат

Бөлім

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше саны

І бөлім Мәдениет: тіл және қарым-қатынас- 9сағат

«Жақсы сөз-жарым ырыс»

9

ІІ бөлім Киіну. Сән. Талғам- 9 сағат

Дұрыс киіне білесің бе?

9

ІІІ бөлім. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер – 7 сағат

Салт-дәстүр- халық мәдениеті


6

3 бөлім

1 тоқсандық жиынтық бағалау





ІІ тоқсан - 23 сағат

Бөлім

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше саны

ІҮбөлім Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі - 12 сағат

Беймәлім жануарлар


12

Ү бөлім Бос уақыт және хобби - 10 сағат

Қазақ халқы бос уақытын қалай өткізген?

10

2 бөлім

2 тоқсандық жиынтық бағалау






ІІІ тоқсан - 31 сағат

Бөлім

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше саны

ҮІ бөлім Қиял әлемі - 10 сағат

«Қиял-шығармашылық бастауы»

10

ҮІІ бөлім Көлік және жол белгілері-- 10сағат

Жол ережесі.Бағдаршам. Көлік.

10

ҮІІІ бөлім Адамның сырт келбеті мен мінезі - 10 сағат

«Адам деген ардақты ат»

10

3 бөлім

3 тоқсандық жиынтық бағалау







ІY тоқсан - 23 сағат

Бөлім

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше саны

ІХ бөлім Аспан әлемі -9 сағат

Қазақ халқының дүниетанымындағы аспан.

9

Х бөлім Саяхат және демалыс - 13 сағат

Қазақстан ғарышкерлері

13

3 бөлім

4 тоқсандық жиынтық бағалау




Зеленов орта жалпы білім беретін мектепте .01.2019 күні 5 сыныпқа

3-тоқсан «Қиял әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау өткіздім.

Оқу мақсаты 5. Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

Бағалау критерийі Білім алушы

Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді

Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 15-20 минут

Тапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңдап, мәтінге ат қой. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Өзекті мәселе бойынша өз ойыңызды айтып талқылаңыз немесе дәлелдеңіз.

А) Мәтін атауы:



Себебі:

Ә) Сұрақтар:

Қиял адамға тән қасиет пе? Неге?

Адам қиялы нешеге бөлінеді? Оларды ата.

Не себепті адам қиялы әр қалай?

Америка ғалымы Эдиссонның қиял ұшқыры қайдан байқалады?

Арман қалай жүзеге асады?

Тапсырма 2

В) Арман ұғымы сен үшін мақсат па, әлде қиял ма? Өзіңнің көзқарасыңды білдір, қоғамдағы өзекті мәселелерді қамты.

Бағалау критерийі

тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді

1

Мәтінге атау береді

Себебін түсіндіреді.



1

1


Қойылған сұрақтарға жауап береді;

1

1

1



1

1

1



Көтерілген мәселені анықтап, өз ойын дамытып жазады

2

Өзекті мәселе бойынша өз ойын айтып талқылайды немесе дәлелдейді.

1


Өз пікірін дамытып жазады

1

Барлығы







10

Оқушылар дескриптор бойынша мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап берді. Мәтінге атау беріп, себебін түсіндірді. Қойылған сұрақтарға тиянақты жауап берді; өзекті мәселе бойынша талқылап, дәлелдеді. Өз пікірін ашық жеткізді.


6 -сынып «Қазақ әдебиеті» күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жүргіздім. Төмендегі сызбада берілген.


І тоқсан - 16 сағат

Бөлім

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше саны

Туған жерім -аялы алтын бесігім


Алып Ер Тұңға» жыры. Траихи және көркемдік құндылығы.

БЖБ№1


Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар»

№2 БЖБ


16



1 тоқсандық жиынтық бағалау





ІІ тоқсан - 16 сағат

Бөлім

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше саны

Абайды оқы, таңырқа!

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

БЖБ №1


Абай сөз еткен құндылықтар

БЖБ № 2


16



2 тоқсандық жиынтық бағалау




ІІІ тоқсан - 20 сағат

Бөлім

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше саны

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Шығарманың композициялық құрылымын талдау

БЖБ№1

Қазақтың қайсар ұлы немесе күш атасын танымас



БЖБ №2

20



3 тоқсандық жиынтық бағалау




ІV тоқсан - 16 сағат

Бөлім

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше саны

Тәуелсіздік -қасиет тұнған ұлы ұғым

Шығарманың көркемдік ерекшелігі

БЖБ №1

Туған жер мен тілге құрмет



БЖБ №2

16



4 тоқсандық жиынтық бағалау




3 – тоқсан бойынша жиынтық бағалау.

Бөлім «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...»

Оқылатын шығарма С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», С.Мұратбеков «Жусан иісі»

Оқу мақсаты 6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру 6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтікқоғамдық мәселені анықтайды

• Нақты эпизодтың маңыздылығын ашады



Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма 1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені берілген үзінділер арқылы түсіндіріңіз.

Қ\с

Шығармадан үзінділер

Идеясы

1

«...- Ертеде бір жетім бала бопты… - деп Аян екінші ертегісін бастады. Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз сендіретіндей керемет бір күш бар.. Ғажап ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-жұлым киінген қара борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді..» 2 «..Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана: − Аян балалар үйіне кеткелі жатыр,- деді. − Қарағым, жолың болсын,- деді жыламсырап.- Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып келерсің әлі... Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты. − Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын,- деді күлімсіреп.




2

Біз, балалар, Аянды кеп уақытқа дейін еске алып, сөз қылушы едік. Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. Ал тірі болса Жусандытөбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой....»



(2. Автордың: «Тебем деп тірі болсам надандықты, Серт етіп, өз-өзіме еткем егес»,- деп ой толғауының мәні неде деп ойлайсыз? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды

1

үзіндіні негізгі мәселені ажыратуда қолданады;

1

1

1



1

1


көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды;

үзіндінің идеясын анықтайды;

Нақты эпизодтың маңыздылығын талдайды

2

автор сөзінің маңызын анықтайды;

1

1

1



толғаудың мәнін ажыратады;

өз ойын білдіреді.

Барлығы







8

Зеленов орта жалпы білім беретін мектебінде 28.01.2019 күні 3 – тоқсан бойынша «Бала қиялы» тілдік бағдар: Деректі және дерексіз зат есімдер туралы сабақ өткіздім. Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.4.4.2(ӘТН) – зат есімдердің мағыналық түрлерін мәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану. Бағалау критерийлері: Мәтін мазмұнына сай сұраұтарға жауап береді; мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды; Зат есімдердің мағналық түрлерін мәтінде қолданып ажырата алады; Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды қолдандым. Олар: ҚБ: «Смайликтер», ҚБ: «Жұлдызшалар», «Жасырын дауыс» әдісі.

 


Қорытынды

Нағыз мұғалім психолог, педагог болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерімен санасу, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі маман. Ендеше қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру, жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, қабілетін дамыту міндеттері тұр.

Бағалаудың жаңа жүйесі білім беру үрдісіндегі мұғалімнің өзінің де рөлі өзгеріп отырғанына ықпал етеді. Тұлғалық-бағдарлы технологиялар оқу үрдісін субъектілер арасындағы әріптестік (бірлескен қызмет) негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім мен білім алушылардың өзара әреткеттесуі үзілмей, оған қоса, көтермелеумен қолдау тауып отырады. Бағалау үздіксіз жүреді, сапалы нәтижеге қозғалыс үрдісінің өзі бағаланады. Білім алушылар өзінің біліміндегі ақаулықтарын өз бетінше және саналы анықтап, мұғаліммен бірге оларды жою бойынша жұмыс жүргізеді, бұл бастауыш мектепте әсіресе маңызды [33].

Демек мұғалім бір ғана әдіспен шектелмей шығармашылығын шындап, озық іс-тәжірбиелерді пайдалана білуге оқушы қызығушылығын арттырып сонымен бірге оқушы санасына күш түсірмей білім беруге болады деп ойлаймын.

Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың білімімен тығыз байланысты екені дауссыз. Сондықтан бүгінгі таңда оқушы білімінің сапасы-оқытушының білімділігі мен біліктілігінің іскерлігінің айнасы. Нарық заңдылығына сүйенсек кез-келген өнімнің сапасын өндіру емес, оны тұтынушы анықтауы бағалуы қажет.

Сондықтан оқытушының берген білімін, оның өзі емес, басқалардың да бағалағаны жөн. Сонымен қатар оқушы білімін бағалауда қазіргі заман талаптарымен, оқушылардың сана-сезімдерімен, психо-педагогикалық ерекшеліктерін де ескерген жөн.

Баға ықшамдалған және бағалау танбасыңда тұрғандықтан, баланы оны оқи білуге үйрету керек. Оқушыны жұмыстағы жақсы жетістігіне, кемшілігіне қарай дәлелдеу арқылы өзін бағалауға үйрету қажет. Алғашқы кезенде оқытуға баға қойылмайды, жұмысын талдап, ауызша бағалау дұрыс. Сөйтіп біртіндеп талдау бағалауы қысқарып, нағыз бағаға ауысуы мүмкін (Д.Ю.Эльконин).

Оқушылардың білімі сен  біліктілігін бағасыз бақылау және пәнді  қабылдауда өзіндік  динамикалық  сапасын айқындауына қарап, басқа  балалармен салыстырылады. Балалардың қалай тыңдайтынын, әр түрлі тапсырмаларды қалай орындайтынын, дәптердегі жазуды, сабақта белсенді жұмыс істеуін, оқуда берілген материалдарды толығымен оқып үйренуін – мұғалім байқап отыруы тиіс. Байқау нәтижесін мұғалім оқушылардың білімін бағалауда және тәрбие жұмысында қолданады. Бағалауда балалардың күнделікті жұмысын байқап, нәтижесін белгілеп және олардың еңбегін талдап отырған мұғалім қателеспейді. Мұғалімнің олардың еңбектеріне тиянақты түрде байқау жүргізіп отырғанын көрген оқушылар - өздері де жүйелі  жұмыс істеуге талаптанады. Оқудың алғашқы мезгілдерінде балалардың әр қадамын тексеріп отыру қажет. Жұмыс мазмұнында ғана емес, орындау әдістерінде де оқушылардың тәжірибесі аз болғандықтан көп қате  жіберуі мүмкін. Жұмысты орындаған кезде бірнеше рет жіберілген қатені түзету өте ауыр. Ол оқушылардың біліктілігі мен дағдылардың дұрыс қалыптасуына әкеп соғады. Сондықтан оқушы кішкентай болғандықтан олардың еңбегін әртүрлі жолмен бақылап және тиянақтап отыруы қажет.

Оқу жетістіктерін қадағалап  отыруда ата – аналары үшін оқушының (күнделіктерге балама болатындай, оқушылардың оқу техникасын, жазба және шығармашылық тексеру кестесі) білім алудағы жетістіктерін біртіндеп жинақ сандықшасына жинаған жөн.

Оқушылардың жазба жұмыстарын бағалағанда кестелерін тек түзеп  қана қоймай, ынталандыру түрінде: «Өте жақсы!», «Сен үлгересің!», «Әдемі, таза орындадың !», «Сен орындай аласың!» дегенді дәптеріне жазған дұрыс. Ең маңыздысы, мұғалімнің ескертпесі және нұсқауы балаға түсінікті   болсын деген ойдамын.

Оқушы  қашанда өсу, тану,білу  объектісі  тұлғасында  қаралады. Сондықтан  да, мұғалім -  сол  оқушының көзқарасындағы жанарды  оқу арқылы, оқушының  оқу  белсенділігін арттыру үшін тақырыптық  жүйелі  жұмыстар барысына түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бағытына  басымдық беру  қажет.  Өзінің   бағалануы  арқылы  өз  білімінің нақты деңгейіне  көз жеткізген жағдайда ғана, бала ықпалды, белсенді, ізденімпаз  бола  алады.  Бала, ол-ақ  қағаз  тәрізді. Күнделікті  жұмыс кітапшасына арнаған    дәптер  бетінің  бірін  толық, бірін  жартылай,енді  бірін  жай  ғана  түртіп  немесе  мүлдем  жазбасыз  қалдырып  өтіп  кетіп  жатады. Бірақ, бұл дәптер. Ал, бала  ыждақатсыз   қарауды  қажет  етпейді, оған тиянақтылық, жүйелі   бақылау  мен    шешімді  жұмыс  нәтижесі  керек. Сондықтан  да,  әрбір  ұстаз, әрбір  сабақты өту  кезеңінде   бағалаудың  тиімді  тәсілдерін  үрдіске  айналдырса,  оқылмайтын  пән,  жазылмайтын  дәптер  жоқ. Ал, сіз жүргізген  бағалау әдісі өз нәтижесіне жеткен кезде, сіз - Батыстан тұрған желді күні Шығысқа қарай бет түзеген желкенді  қайық капитаны тәріздес боласыз!




Пайдаланған әдебиеттер


    1. Б.А.Урмашев. Кретериалды бағалау технологиясы. Алматы: «ССК» баспасы, 2016. 140б.

    2. Қазіргі қазақстан мектебі №1 [34] 2019 29б.

    3. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 48 б.

    4. Қазақ тілі әдебиеті 2005. №1. 115б.

    5. Қазіргі Қазақстан мектебі 2019. №1. 31б.

    6. 12 жылдық білім беру 2018. №1. 11б.

    7. Қазақстан тарихының әдістемелік журналы 2018. №8. 19б.

    8. Ашық сабақтар 2019. №1. 6б.

    9. Білім беру мекемесі 2018 №1 43б.

    10. 12 жылдық білім беру 2015 №1 9б.

    11. Бала тәрбиесі 2017. №11. 30б.

    12. Педагогика және өнер 2017. №6. 19б.

    13. Қазақ тілі әдістемесі 2017. №8. 14б.

    14. Оқыту үрдісіндегі бағалау кретериалды бағалауды бастауыш мектепте қолдану.

    15. Білім беру мекемесіндегі басшылық анықтамасы 2018.№9.35б.

    16. Жиркова З.С. Диагностика мотивационной образовательной среды сельской школы. // Вектор науки ТГУ. Педагогика, психология. 2011. – 115-121б

    17. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің №1118 Қаулысы – Астана: Ақорда, 2010 жыл 7 желтоқсан www.nkaoko.kz/documents/law_of_education/

    18. Бражник М.О. Система оценивания в школьном образовании Финляндии. - Известия Российского государственного педагогического университета им. А.И. Герцена. // Народное образование и педагогика в отдельных странах. - Выпуск № 102. 2009.

    19. О системе образования в Финляднии (справочник для семей эмигрантов). -Vantaan kaupunki, Sivistystoimi. -2013.

    20. Интернет ресурс - http://terve.su/zagadki-finskoy-shkolymenshe-uchi, http://www.vatanym.ru/?an=vs310_events2, http://diplomabroad.ru/singapur/sistema_obrazovaniya_v_singapure, http://www.educationsystems.info/item921.html,

    21. «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналы. – Астана, «НЗМ» ДББҰ 1(7) 2014

    22. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы,«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 2012 жылдың 31 тамыздағы №38 шешімімен бекітілді.

    23. Интегрированная модель критериального оценивания. Методические рекомендации . – Астана. АОО НИШ. 17 «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналы. – Астана, «НЗМ» ДББҰ 1(7) 2014. 18 Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. -М.: Педагогика. 1989. -190 с. 56

    24. Красноборова А.А. Критериальное оценивание как технология формирования учебно-познавательной компетентности учащихся тема диссертации и автореферата по ВАК 13.00.01, кандидат педагогических наук. – М.: 2012. – 36 с.

    25. «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналы «НЗМ» ДББҰ №2(8). 2014, - С. 6-10.

    26. Бастауыш мектептің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық, «НЗМ» ДББҰ.

    27. Критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік нұсқаулық, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013.

    28. Суртубаева Д.А. К вопросу о критериальном оценивании учебных достижений учащихся. –Астана. НЦПК «Орлеу». 2014

Қосымша

1 - қосымща



Бағалаудың әдіс - тәсілдері

Қолданылуы

  1. «Нысаналы бағалау»

сабақтың әр кезеңін оқушылар өзара білім деңгейін шеңбер өзегінің радиуысы бойында төменгі шектік 0 балдық бағалаудан бастап, жоғары шектік деңгейі 7 бал- ға дейін нысаналы белгілеу арқылы айқындайды;

  1. «Бағдаршам»

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.

Жасыл – өте жақсы;

Сары – жақсы;

Қызыл – қанағаттанарлық;



  1. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы);Бір тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

  1. «Қол шапалақ»

Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытқан өздерін қол шапалақ арқылы бағалайды.

  1. «Қорытындылауға
    арналған карточка индексі»

Мұғалім сабақ барысында карточка тарату арқылы оқушы өзін – өзі бағалап отырады.

  1. «Ауызекі баға»

Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. *Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт, *Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.

  1. «Иерархиялық бағалау әдісі»(ұсынушы-Қ.Озықбай)

оқушылар өзара оқу белсенділігін әр кезеңдер бойынша бағдаршам түсті қағаздары арқылы жапсырмалы түрде пирамидалық өсу шыңында белгілейді.

  1. «Блум таксономиясы» бойынша бағалау

Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол-білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→ бағалау деп жіктеледі.

  1. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау




Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай - Мен түсіндім.

Басбармақ көлденең - Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай - Мен түсінбедім.



  1. «Смайликтер»

Оқушылар смайлик түріне байланысты бір – бірін бағалайды.

  1. «Жұлдызшалар»

Оқушылардың белсенділігіне байланысты мұғалім тарапынан бағалау.

  1. «+, -, қызықты»

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады. «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

  1. «БББ»

Оқушылар тақырып бойынша білетінің,білгенің, білгім келеді кестесін толтырады.

  1. “Сэндвич” стратегиясы




1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …

  1. «Жасырын бағалау»

Сабақтың соңында оқушылар сабақ бойынша белсенді болған оқушыны стикерге жазу арқылы бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет