Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



бет3/4
Дата13.10.2019
өлшемі0,49 Mb.
#49827
1   2   3   4
Байланысты:
теория практика


2 – қосымша

Мектеп

Зеленов орта жалпы білім беретін мектеп

Сабақтың тақырыбы

Бала қиялы. Деректі және дерексіз зат есімдер.

Күні

28.01.2019

Сыныбы

5 «а»

Машықкер

Сундеткалиева Алида Данияровна

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.4.2(ӘТН) – зат есімдердің мағыналық түрлерін мәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Күтілетін нәтижелер



Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мәтінмен жұмыстанады; Мәтіннен негізгі және қосымша мәліметті табады; Зат есімдердің мағналық түрлерін мәтінде қолданып ажырата алады;

Сабақтың түрі

Аралас

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін – өзі тану

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұнына сай сұраұтарға жауап береді; мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды; Зат есімдердің мағналық түрлерін мәтінде қолданып ажырата алады;

Қажетті құрал – жабдықтар

Тақырыпқа қатысты слайдтар, тарелка, қима қағаздар, доп, суреттер, семантикалық кесте, смайликтер, жұлдызшалар, блоб ағашы.

Оқу әдістері

«Ынтымақ тарелкасы» әдісі, «Қағып ал да, жауап бер» әдісі, ҚБ: «Смайликтер», «Ойбөліс» әдісі, «Суреттер сыр шертеді», «Семантикалық кесте», ҚБ: «Жұлдызшалар», «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі, «Жұмыс үстелі» әдісі, «Санадағы кинофильм», «Жасырын дауыс» әдісі, «Блоб ағашы».

Дереккөздері

5-сынып «қазақ тілі» Атамұра баспасы, 2017ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Сабақтың басы

Оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу

5 мин.
Өткен сабақты тексеру

5мин.


Қызығушылықты ояту

3 мин.


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді.

Оқушыларды «Ынтымақ трелкасы» әдісі бойынша қағаз қиындыларын таратамын, сол арқылы 2 топқа бөлемін.


Үй тапсырмасын: «Қағып ал да,жауап бер» әдісі бойынша тексеремін.

ҚБ: «Смайликтер»



«Ойбөліс» әдісі.

-Сендер өскенде кім болуды армандайсыңдар?

-Болашағыңды қиялдап отыратын сәттер жиі бола ма?

-Өз қиялдарыңның орындалатынына сенесіңдер ме?

-Адам өз қиялын ұштап, арманына жету үшін не істеу керек?


Мұғаліммен амандасады.

Сабаққа зейіндерін аударады.


Оқушыларды «Ынтымақ тарелкасы» әдісі бойынша 2 топқа бөлінеді.

1 – топ: Арман, мақсат, мұрат.

2 – топ: Мейірімділік, қайырымдылық , қамқорлық

Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді.
Оқушылар бағаланады.

Оқушылар өз ойларын айтады.

-Дәрігер, мұғалім, инженер т.б.

-иә, жиі.

-Егер талпынсаң бәріне де жетуге болады деп ойлаймын.

-Талпыну, көп ізденуі керек.




Сабақтың ортасы

22


Сабақтың тақырыбы: Бала қиялы

«Суреттер сыр шертеді»

Әлем және қазақ суретшілерінен кімдерді білесіңдер?

Берілген картиналар кімнің туындысы?

Қай өнер адамына қиял ерекше әсер етеді деп ойлайсың?





1-тапсырма. «Семантикалық кесте»

Зат есімнің түрлерін семантикалық кестені толтырыңыздар.

1.Қиял, суретші, Әбілхан

2. арман, Гүлфайруз, сурет


-Оқушылар, енді семантикалық кестеге зат есімнің қай түрі жетіспейді?



ҚБ: «Жұлдызшалар»
Тілдік бағдар.

Деректі және дерексіз зат есімдер.

Айналадағы заттар мен құбылыстардың адамға танылуы әрқалай. Олардың бірін қолмен ұстап,көзбен көруге болады,ал енді бірін оймен ақылмен ғана сезіп біледі. Осындай ерекшеліктеріне байланысты олардың өзі деректі және дерексіз болып бөлінеді.

Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі затесім деп аталады. Олар: аң,шөп,ағаш т.б

Көзге көрінбегенмен,адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс не ұғым атаулары дерексіззат есімдер деп аталады. Мысалы: адамгершілік, ақыл, қуаныш т.б

1 – тапсырма Тыңдалым. Оқушылар «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша берілген қосымша мәтінді оқиды, талдайды.

Ы. Алтынсарин «Талаптың пайдасы» әңгімесі



1-топ: мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

2-топ: мәтіндегі бала қиялы айтылған тұсты жазыңдар.

Петр Великий деген осы күнгі ақ патшамыздың бабасы бір күні шіркеуде тұрғанда көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап, бөркімен қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ, жалғыз-ақ ақылы кемел патша сол бала-екеш балаға да көзін салып тұрған екен. Тілек тілеп болған соң, жұрт екі жарылып, патшаға жол беріпті. Сонда патша тұп-тура манағы балаға барады. Бала қолындағы сызумен болып тұрып, тіпті патшаның қасына келгенін де байқамай қалыпты. Сонда жұмсақ шыраймен патша сұрады:

— Неғылып тұрсың?

— Сенің жүзіңді жазып алайын деп едім.

— Оны неғылмақсың?

— Даңқың, дабылың жер жүзіне жайылған патшам, сенің суретіңді сызып алып, өміріме шейін бойымда сақтайын деп едім.

— Қане, көрсетші сызғаныңды?

Сол уақытқа шейін қорықпай жауап беріп тұрған бала, «сызғаныңды көрсет» дегенде, қысылайын депті. Сөйтсе де, сызған қағазын әдеппен патшаның қолына берді. Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған сызық, бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін?! Солай да болса, әлемге ақылы жеткен патша баланың талапты, зерек екенін аңғарып, оқуға бергізіп, ақырында сол бала бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан Матвеев деген суретші болған.



Дескриптор

-мәтінді тыңдап, өз ойларын айтады;

-мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

-мәтіндегі негізгі ойды анықтап, қиялдың пайдасы туралы өз ойларын баяндайды.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»

3-тапсырма. «Жұмыс үстелі»

Оқушылар Ы.Алтынсариннің «Талаптың пайдасы» әңгімесінен деректі және дерексіз сөздерді табыңдар, осы сөздерді түрлендіріңдер. Септік, тәуелдік, жіктік жалғау жалғаныздар.

ҚБ: «Мадақтау»

Сергіту сәті

«Санадағы кинофильм»

1. Оқушылар көздерін жұмады.

2. Сыныптағы оқушылар қысқа оқиғаны тыңдайды.

3.Қимылмен көрсетіп қайталайды.

4. Оқушылардан оқып жатқан ақпаратты көз алдарына келтіру сұралады.

5. Ақпаратты оқуды тоқтатып, оқушылардан оқиғаны тоқтаған жерден жалғастырып, одан әрі дамытуды сұрайды.
Қыс мезгілі. Айнала аппақ. Сен осы жермен жүріп келесің. Қолмен қарды ұстап, қардан дөңгелек жасаймыз.Сол қарды алысқа лақтырамыз. Лақтырған жерімізге жүгіріп барайық.Қарасаң алдында төмпешік тұр. Сен ол төмпешікке көтеріліп, айналаңа қарадың.Айналаңа қарап таңғалдың. Не көруін мүмкін?


Оқушылар сабақтың тақырыбын жазып алады.

1.Леонардо Да Винчи, Вангог

2. Әбілхан Қастеев, Г.Исмайлова, С.Гумаров

3. «Моно Лиза» , «Амангелді батыр»,




мысал

негізгі

туынды

дара

күрделі

жалпы

жалқы

Қиял

+




+




+




суретші




+

+




+




Әбілхан




+




+




+
Адам қиялына поэзия,сурет салу,музыка сияқты т.б өнерлер әсер етеді.

1 – тапсырма. Оқушылар зат есімнің түрлерін семантикалық кестені толтырады.




мысал

негізгі

туынды

дара

күрделі

жалпы

жалқы

арман

+




+




+




Гүлфайруз

+




+







+

сурет




+

+




+



-деректі, дерексіз зат есімдер.
Оқушылар бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет