Кіріспе тарау ҚР. Тжм. Абай Облысы. Тжд, «Семей қаласы тж басқармасы» мм туралы мәлімет



бет5/17
Дата29.10.2022
өлшемі3,27 Mb.
#155561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
отчет 13 ӨСБ.практика

1.3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру.
Баскарманы Министрмен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық баскарады.
Басқарма бастығы табиғи жэне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтьқ қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік кауіпсіздік саласындағы жүктелген міндеттерді жузеге асыру ушін дербес жауапшылық алады.
Басқарма бастығы, өрт және өндіріс кауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын жузеге асыратын мамандар мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
Басқарма бастығы:
1) Басқарма қарамағындағы мемлекеттік басқармаларда төтенше жағдайлар саласындағы мемлекетік саясатты іске асырады;
1-1) аймақта орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар минстірлігінің бөлімшелеріне, тек Министірге тікелей бағынатын бөлімшелерден басқасынан, шұғыл басшылықты жүзеге асырады.
2) заңнамада көзделген шегінде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) өз өкілеттілігі шегінде Департаментте, барлық мемлекттік орган-дарда және ұйымдарда Басқарманы ұсынады;
4) Департамент бастығына Басқарманың ерекше көзге түскен кыз-меткерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттауға, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және басшы құрамына мерзімінен бұрын құрмет атақтарын, әскери және арнайы атақтарды немесе жұмыс істеп отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақ беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің, орындауы ушін міндетті нұсқаулар береді;
6) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды.
7) Басқарманың ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқыктық, жұмыл-дыру, материалдық-техникалық және қаржылык қамтамасыз етуді ұйымдас-тырады.
8) қамтамасыз етеді:
Министрліктің Операциялық жоспарымен, Абай Облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс жоспарларымен, Ведомствоаралық мемле-кеттік комиссиялар, Алқалар қаулыларымен, Министрлік бұйрықтарымен және Министрлік басшылығының нұсқауларымен көзделген құрылымға және іс-шараларға сәйкес жыл сайынғы Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеуді және Департамент бастығына бекітуге ұсынады;
Департаментке жыл сайынғы есепті және Басқарма қызметінің нәти-желері туралы есепті белгіленген мерзімде ұсынуды қамтамасыз етеді;
9) Басқарма қызметкерлерінің, олардың отбасы және зейнеткерлерге медициналық, санатория курортының, сауыктыру қызметін көрсету, тұрғын үй, кызметтік-шаруашылық және тұрмыстык жағдайларын әлеуметтік дамыту және жақсарту бойынша ic-шараларды жүзеге асырады;
10) жеке және заңды тұлғалардың өтінішін уақтында қарауды қамтамасыз етеді;
11)Департаментке тәртіптік жауапкершілікке тарту, тәртіптік жазаны алу туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ өзін көрсеткен Басқарма қызметкерлерін марапаттау туралы өтініш енгізеді;
12) құзіретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
13) Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 66-бабына сәйкес қажетті қылмыстық іс жүргізу шараларын қабылдауды ұйымдастырады;
14) Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-1 және 285-баптарымен көзделгне қылмыстар туралы істер жөніндегі сотқа дейінгі іс жүргізу барысында анықтау органының бастығы болып табылады;
15)Семей қаласы аумағында орналасқан өртке қарсы қызметтеріне қатысты аға жедел бастық болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет