Кіріспе тарау ҚР. Тжм. Абай Облысы. Тжд, «Семей қаласы тж басқармасы» мм туралы мәлімет



бет2/17
Дата29.10.2022
өлшемі3,27 Mb.
#155561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
отчет 13 ӨСБ.практика

Кіріспе.
Мен Жоғарғы Шәкәрім колледжінің 4курс студенті Болатұлы Ерасыл 01.09.2022-10.09.2022жж аралығында Семей қ.№5 ӨСБ-дан технологиялық тәжірибеден өттім.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуір «Азаматтық қорға-ныс туралы» заңы , ҚР аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтен-ше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынас-тарды реттейді: мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргі-зуші обьектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызатын зардаптардан қорғаудан мемлекеттік саясатты жүргізудің басым бөлігінің бірі болып табы-лады.
АҚ және ТЖ қызметкерлерінің міндеттері – халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық іздестіру-құтқару, шұғыл және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс ‑ әрекеттерін жан – жақты қамтамасыздандыру, медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, зілзаладан, өрттен қорғау, материалдық қамтама-сыздандыру, өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғау болып саналады.
Қазақстан Республикасында өрт шығу саны жылдан жылға азаймай, ал оның салдарынан бүліну көлемі тұрақты түрде өсіп отыр. Статистика куә болып отырғандай, әр 15 минут сайын елімізде өрт шығады, әрбір бір сағатта бір адам өліп, 20 адам дене күйіктері мен жарақат алады және жыл сайын орасан зор құндылықтар күл мен түтінге айналып кетіп отырады.
Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігінің ережесі 2006 жылы 8 ақпанда төтенше жағдайлар министрлігінің үкімі бойынша бекітілген. Бұл ереженің мақсаты, адам өмірін, денсаулығын, жеке және заңдық тұлға-лардың, мемлекеттің мүлкін, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері:
●Өрт қауіпсіздігі саласында адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншігін, ұлттық құндылықтар мен қоршаған ортаны қорғау;
●Ұйымдар мен азаматтардың әрекетіндегі тәуекелдік деңгейін өз уақытында анықтау.
●Өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу шараларын ескерту және жүзеге асыру;
●Өртті сөндірудің, алғашқы апаттық – құтқару және тағы басқа кезек күттірмейтін жұмыстардың, медициналық көмек көрсетудің, зардап шеккен жұмысшылар мен азаматтарды әлеуметтік қорғау, шығынды өтеудің, өрт салдарының азаматтар мүлігіне, қоршаған орта мен шаруашылық нысанда-рына әсерін анықтаудағы міндеттілік;
Мамандық бойынша оқу –өндірістік тәжірибені өту нәтижесінде білім алушылардың мақсаты, апаттық іздестіру-құтқару қызметінің (ТЖ-лар Департаменті бойынша бөлімшелерінің, мекемелерінің) құрылымы туралы негізгі түсініктерін, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізудің принциптерін, ТЖ салдарын жою тәсілдерін, апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қажетті тәжірибелік іс-әрекеттерді іс жүзінде пайдалана білуге міндетті.
Мамандықтың бойынша оқу –өндірістік тәжірибенің негізгі міндет-теріне төмендегі сұрақтар кіреді:

  • төтенше жағдайдың салдарын жоюдың және іздестіру-құтқару, шұғыл іс-әрекеттерді ұйымдастыру, апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің сұрақтары бойынша білім алушылардың тәжірибесін тереңдету мен қалыптастыру;

  • апаттық іздестіру-құтқару қызметтерінде және олардың бөлімше-лерінде қызметті (кезекшілікті) жүргізуді басқарудағы және ұйымдасты-рудағы әдістерін зерделеу;

  • шұғыл апаттық-құтқару бөлімшелерін және диспетчерлік қызмет жұмыстарын ұйымдастырумен танысу;

  • апаттық іздестіру-құтқару бөлімшелерінің ұйымдастырушылық жұ-мысы дағдыларын үйрену;

Мен оқып жатқан мамандығыма байланысты оқу-тәжірибе жұмысым-ды Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына карасты, №5-ші Өрт сөндіру жасағында өттім.
Өрт сөндіру жасағы мекемесінде болғанда карауылдық қызметтің өткізілу технологиясымен танысып, жауынгерлік өмірдің кейбір сәттерін басымнан өткіздім, коледжде алған теориялық білімімді практикамен ұштастырып өртті сөндіру іс-тәжірибесіне, құтқарушының қызметіне байла-нысты сұрақтарды зерделеп,кәсіби дағдыларды меңгеруге тырыстым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет