Улану кезіндегі шұғыл көмек. Улану



бет1/4
Дата27.04.2020
өлшемі28,55 Kb.
#64824
  1   2   3   4
Байланысты:
Улану кезіндегі шұғыл


Улану кезіндегі шұғыл көмек.
Улану – қоршаған ортадан бір немесе бірнеше уытты заттардың енуі салдарынан ағзаның физиологиялық функцияларының бұзылуын тудыратын патологиялық үрдіс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша экономикалық дамыған елдерде балалардың жіті және созылмалы улануының саны жылдан жылға көбеюде.

Балалар көбінесе кездейсоқ уланып қалады және мектепке дейінгі жастағы балалар жиі уланады. Жіті улану жыл мезгіліне байланысты туындайды. Көбінесе көктемде және күзде улану саны көбейіп, қыста және жазда азаяды.

Педиатриялық токсикологияда улы заттарды қолданылу мақсатына қарай бөлетін улар тізімі маңызды болып табылады:

  1. тұрмыстық химия заттары;

  2. өнеркәсіптік улар;

  3. дәрілік құралдар;

  4. алкоголь және оның жасанды өнімдері;

  5. улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтар.

Жіті улану көбінесе дәрілік құралдарды қолданудан жиі пайда болады. Бүгінгі күні улану туғызатын 300-ден астам дәрілік құралдар белгілі, олардың кейбір түрлері балалар үшін аса қауіпті болып табылады (аминазин, эуфиллин, бромкамфора, амитриптилин және т.б.). Дәрілік құралдармен улану жиі жағдайда оларды шамасынан тыс қолданған кезде, бала ағзасы бұл дәріге жоғары сезімталдық танытқанда, бірнеше дәрі-дәрмекті бір уақытта ішкенде туындайды. Балалар көбінесе үйде дәрі-дәрмектердің дұрыс жерде сақталмауына, балалардың қолы жететін жерде орналасуына байланысты кездейсоқ уланып жатады. Балалар әдемі көрінетін бұршақ тәріздес, капсула пішінді дәрілік құралдардың сыртқы түріне қызығады.

Этил спирті (этил ішімдігі) – халық жиі қолданатын дәрілік құралдардың бірі. Ол арақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, әртүрлі алкогольді ішімдіктердің, кейбір дәрілік құралдардың құрамында болады. Алкогольді ішімдіктерден улану 8-15 жас аралығындағы балаларда жиі байқалады, өте аз алкоголь мөлшерінің өзі бала ағзасында өте ауыр уыттануды тудырады.

Уыттану дегеніміз сырттан келіп түскен немесе ағзаның ішінде пайда болған у (токсин) әсерінен ағзаның зақымдануы.

Тұрмыстық улану арасында көміртек тотығы, тұрмыстық газ, пайдаланылған газ (әсіресе 1-3 жас аралығындағы балаларда газдалған көшеде серуендеу кезінде туындайды), сілтілер, қышқылдар (сіркесу қышқылы және т.б.), тұрмыстық химия заттары (кір жуу ұнтағы, әртүрлі тазалағыш құралдар және т.б. ), улы (карбофос, жәндіктерді, кеміргіштерді жою құралдары) заттармен улану жиі кездеседі. Әсіресе бұл заттар балалардың қолы жететін жерде орналасқан кезде улану жағдайлары жиі туындайды. Уытты емес заттар тобы да дұрыс қолданылмаған жағдайда улануға апарады. Бұл топқа дәрумендер, косметикалық құралдар (әртүрлі кремдер, сусабындар, дезодорант, ерін далабы және т.б.), акварель бояулары, түрлі түсті борлар жатады. Кездейсоқ улану әсіресе 1-3 жас аралығындағы балалардың қоршаған ортамен танысуы кезінде туындайды, өйткені бұл жастағы бүлдіршіндер көзіне түскен заттарды ұстап қана қоймай, дәмін татуға тырысады. Жазғы мерзім кезінде көбінесе саңырауқұлақтармен, улы өсімдіктермен улану жиі орын алады. Баланы жәндіктер (бал арасы, аралар) және улы жыландар (сұр жылан және т.б.) шаққанда да ауыр уыттану туындауы мүмкін. Жасөспірімдер арасында (12-14 жас) ерекше сезімдерді сезіну үшін саналы түрдегі улану – токсикомания кездеседі. Мұндай кезде жасөспірімдер дәрілік құралдарды (димедрол және т.б.) шамасынан артық қолданады, «Момент» желімі, бензин буларын иіскейді, саңырауқұлақтар-галлюциногендерді және т.б. жейді. Эмоциялық жағынан лабильді (тұрақсыз), жабырқаңқы (депрессиялық) көңіл-күйге бейім келетін жасөспірімдер отбасындағы немесе балалар ұжымындағы (мектеп және т.б.) келіспеушіліктер салдарынан суицидтік, яғни, өзін-өзі өлтіру мақсатымен әртүрлі дәрілік құралдарды қолдануы мүмкін.

Ана мен бала орталығына жыл сайын әртүрлі жағдайда уланған балалар түсіп жатады, олардың көпшілігі арнайы бөлімшелерге жатқызылады. Соңғы жыл барысында уланып түскен науқастар саны – 91 адамды құрады, олардың ішінде этил спиртімен уланғандар – 3, тұрмыстық заттармен уланғандар – 46, өсімдіктермен – 36, улы саңырауқұлақтармен және өсімдіктермен – 3, өрмекші және жылан шаққан науқастар саны – 3. Стационарда бұл науқастарға жоғары мамандандырылған емдеу қызметі көрсетіледі. Бірнеше күннен кейін балалар сауығып, үйлеріне қайтады. Әрине, кейде өмірін сақтап қалу үшін реанимацияға түсетін жағдайы ауыр балалар да кездеседі. Ата –аналар үшін жіті уланудың алдын алу туралы сұхбат жүргізіледі.

Клиникалық тізімдеме бойынша жіті уланудың 4 мерзімі бар: латентті (жасырын), токсикогенді (резорбтивті), соматогенді (кейін білінетін асқынулар) және қайта қалпына келу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет