Улану кезіндегі шұғыл көмек. Улану



бет3/4
Дата27.04.2020
өлшемі28,55 Kb.
#64824
1   2   3   4
Байланысты:
Улану кезіндегі шұғыл
6 дәріс
Соматогенді мерзім – ағзадан у шығарылғаннан кейін басталады және екінші мәртелік асқыну түрінде дамиды, осы токсинге тиесілі патологиялық синдром мен аурулар пайда болады: бензин, керосин, күйдіргіш заттармен уланғанда жіті пневмония, ауыр металдар тұздарымен уланғанда жіті бүйрек жетімсіздігі , боз арамқұлақпен және т.б. уланғанда бауыр жетімсіздігі пайда болады.

Қайта қалпына келу – бұл жіті уланудан кейін клиникалық сауығу мерзімі. Бұл кезде уланған бала ағзасында жүйкелік, вегетативті, эндокриндік, иммундық жүйелердің жетімсіздігі түрінде зақымдану белгілері сақталады, бала ағзасына оңалту үрдісі қолданылып, ол дәрігердің бақылауында болады

Әрбір улануды емдеудің төрт шарасы белгіленген: удың ағзаға сіңіп кетуіне жол бермеу, уға қарсы дәрілік затты ағзаға енгізу, ағзадан улы заттарды шығаруды тездету және улану салдарынан зардап шеккен мүшелерді емдеу. Уланған баланы өз күшімен емдеуге болмайды: оны тек дәрігер емдеуі тиіс! Бірақ дәрігер келгенше уақытты бос өткізіп алмау керек: ағза мүшелерінің зардап шекпей тұрғанда ағзадан улы заттарды шұғыл шығаруға әрекет жасау қажет.

  • Жедел жәрдем дәрігерлері келгенге дейін баланы төсекке жатқызу керек. Егер орталық жүйке жүйесінің қозуы, естен тану жағдайлары байқалса, үлкен жастағы балаларды көрпемен орау қажет, ал омырау еметін балаларды жаялықпен құндақтау керек. Бала өз құсығына тұншығып қалмауы үшін оның басын бір жаққа қисайтып, сол жағдайда ұстап тұру қажет.

  • Егер бала құсып қойса, саусақпен жаялық, орамал арқылы баланың аузын тазалау керек.

  • Науқас балаға үнемі бақылау жасау қажет! Баланы ешбір сәтке қараусыз қалдыруға болмайды. Сіз баланың жанында болып, аурудың жаңа белгілерінің пайда болуын бақылауыңыз қажет, жаңа белгілер туындаса ол туралы келген дәрігерге міндетті түрде айту керек.

  • Улануды тудырған тағамды (дәрі-дәрмекті) қолданғаннан кейін 2 сағат өтпес бұрын баланың асқазанын тазалау қажет. Үлкен жастағы саналы бала уланған кезде оған 1-1,5 стақан жылы ауыз суын ішкізіп, күштеп құсқызу керек (екі саусақты тілдің түбіне басу қажет). Бұл әрекетті бала асқазанынан таза су шыққанша 1-3 рет қайталау керек. Соңғы рет су берген кезде суға белсенді көмір (5 таблетка) қосу қажет және баланы енді құсқызбау керек. Кіші жастағы балаға (жұту қабілеті болса) асқазандағы уытты заттың әсерін азайту үшін белсенді көмір салынған (3 таблетка) ауыз суын ішкізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет