Кіріспе. Тау жыныстарының физикасының мақсаты мен есептері



бет26/40
Дата07.02.2022
өлшемі260,52 Kb.
#95221
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Байланысты:
Лекция ФГП (копия) (копия)

Жыныстың жылусыйымдылығы
Минералдар мен жыныстардың меншікті жылусыйымдылығы 0,4-тен 2 кДж/(кг·К)-ге дейінгі аралықта өзгереді. Олар әрдайым металлдардың меншікті жылусыймдылығынан жоғары болады.
Минералдардың тығыздығының төмендеуінен меншікті жылусыйымдылығының артуы байқалады. Бұл жағдайда олардың көлемді жылу сыйымдылығы с 1,5-нан 3 МДж/(м3·К)-ге дейін өзгереді.
Тығыз жыныстардың меншікті жылусыйымдылығы тек оның минералдық құрамынан ғана байланысты және арифметикалық орташа шама формуласы арқылы есептеуге болады

(10.18)

Мұндағы mі- меншікті жылусыйымдылығы сі минералдың салыстырмалы көлемді құрамы.
Рудалы минералдар, негізінен, жылусыйымдылығы төмен, сондықтан рудалы жыныстарда рудасыз жыныстарға қарағанда жылусыйымдылық төмен.
Жылусыйымдылық жыныс күйінен - аморф немесе кристалл күйінде болса да, оған байланыста болмайды. Мысалы, кристалл және балқытылған кварцтын жылусыйымдылығы бірдей, 0,85 кДж/(кг·К)-ға тең. Жылусыйымдылық тағы да басқа жыныс құрылысының параметрлерінен - түйіршікті, қабаттылығы және т.б. байланысты.
Жылусыйымдылықтың кеуектіліктен байланысы с ауа мен минералдың шамасының мөлшерімен байланысты.
Кеуекті жыныстардың көлемді с жылусыйымдылығы арифметикалық орташама ретінде анықталады.
Ауаның көлемді жылусыйымдылығы 1,29 кДж/(м3·К)-ге тең болғандықтан,

(10.19)
мұндағы с0 және ρ0 - жыныстың минералдық фазасының меншікті жылусыйымдылығы мен меншікті тығыздығы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет