Кіріспе. Тау жыныстарының физикасының мақсаты мен есептері



бет40/40
Дата07.02.2022
өлшемі260,52 Kb.
#95221
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Лекция ФГП (копия) (копия)

Әдістемелік нұсқау

Кен өндірісінің, тау-кен жынысы қатынасатын кез-келuен технологиялық процесі, қандай да бір дәрежеде жыныстың физикалық қасиеттерінің біразына байланысты болады.


Сондықтан, ондай процестерді жобалау, технологиялық кестені таңдау, тиісті құрал-жабдықтарды таңдау, болмаса осы құрал жабдықтарды тиімді қолдану, еңбек өнімділігін арттыру, кен жұмыстарының өзіндік құны мен энергия шығынын төмендету, барлығы да тау-кен жыныстары физикалық қасиеттері мен өсу физикалық процестерді біліп барып істелінетін жұмыстар.
Кен жұмыстары кезінде тау-кен жынысымен сайманның, механизм немесе агрегаттық әсерлесу процестерін тау-кен жыныстарының физикасы мен процестері зерттейді және кен өндірісінің физикалық процестері деп жалпылама аталады, олар технологиялық белгілері бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: жыныс массивін қазуға дайындау (құрғату, еріту); тау-кен жыныстарын бұзу, ұсақтау, майдалау; тау-кен жыныстарын бекемдеу және кен қазындыларын ұсату; тау-кен жыныстары массивтеріндегі қауіпті және сәтсіз жағдайлармен күресу; тау-кен массасын тасымалдау және жинау; пайдалы қазбаларды өндеу және байыту;
қасиеттерін, сапасын, жыныс және пайдалы қазба құрамын, құрылысын, жыныс массивтің күй-жайын, технологиялық процестерді бақылау; минерал байлықтарын комплексті пайдалану.
Технологиялық процестерді зерттеу, жыныстың физикалық қасиеттері мен процесс параметрлерінің арасыңдағы қатынасты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде келесі сұрақтарды шешуге жол ашады:
жобалау жұмыстарында кен орнын қазу жүйесі мен әдісінің тиімдісін таңдау; кен жұмыстарын жүргізуге керек жабдықтармен механизмдерді таңдау;
кен қазу машиналары мен құралдарын жасау кезінде белгілі механизмдердің параметрлерін нақты тау-кен жынысына сәйкес жетілдіру;
зерттелген физикалық эффектіге негізделген жаңа механизмдер жасау;
кен өндірісінде - механизмдерді тиімді қолдану, олардың өнімділігін жоспарлау және болжау; жұмысшы еңбегін жоспарлау; жыныстағы процестерді бақылау.
Мысалы, кен орнын ашу жұмыстарын, қазу жүйесін, жер асты қазындылардың орналасу орнын, қазу тәртібін жоспарлау үшін, жыныстың беріктік, серпімділік, реологиялық қасиеттерін және олардың массивте таралуын, қазып жатқан массив құрылысын, оның ылғалдылық дәрежесін және сүзілу сипаттамаларын білу керек.
Жынысты механикалық әдіспен бұзу кезінде, оның механикалық аспаптамалары, ал механикалық емес әдіс кезінде жыныстық жылулық және электрлік параметрлері еске алынады. Мысалы, бұрғылау станогының шарошкаларындағы тістерінің саны, тістердің орналасуы, айналу жылдамдығы, осьтік күштер жыныстың беріктік және серпімділік қасиеттеріне байланысты алынады.


Негізгі әдебиеттер: 1. [240-302].
Қосымша әдебиеттер: 3.[65-72].
Бақылау сұрақтары:

  1. Тау жыныстарының қандай негізгі параметрлерін білесіз?

  2. Пайдалы қазылымдарды өндіру кезіндегі негізгі процестерді атап көрсетіңіз

  3. Пайдалы қазылымдардыбайытудың негізгі түрлерін атаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет