Кіріспе. Тау жыныстарының физикасының мақсаты мен есептері


Тау-кен жыныстарының қаттылығы



бет37/40
Дата07.02.2022
өлшемі260,52 Kb.
#95221
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Лекция ФГП (копия) (копия)

Тау-кен жыныстарының қаттылығы

Тау-кен жыныстарының қаттылығы, жыныстың оған үшкір сайманның кіруіне кедергісін анықтайды, яғни нүктелі (түйісу) күш түсіру арқылы бұзуға қарсылық дәрежесі.


Минералдардың қаттылық дәрежесін анықтау үліш шкала ретінде он түрлі минерал алынған. Мұны алғаш ұсынған неміс ғалымының атына Моос шкаласы деп атайды. Моос шкаласындағы он минералдың ең жұмсағы бірінші, ең қаттысы оныншы болып номерленген. Әрбір үлкен номерлі минерал өзінен кейінгі әрбір кіші номерлі минералдың бетіне сызық түсіре алады.
Моос шкаласының эталоны (өлшеуіші) ретінде алынған он минерал мыналар:
1. Тальк

  1. Гипс

  2. Кальцит

  3. Флюорит

  4. Апатит

  5. Ортоклаз

  1. Кварц

  2. Топаз

  3. Корунд

  4. Алмаз

Жыныстар түрлі минералдардан тұратындықтан және олардың қаттылығы жиынтық шама болғандықтан, оны анықтау үшін жынысқа ерекше штамппен жаншуға негізделген әдістерді қолданады.


Соққы кезінде немесе тұрақты артатын күш кезінде сайман жынысқа жаншыла ма, жаншылмай ма, соған байланысты статикалық Нст және динамикалық Нд қаттылық деп бөлінеді және де НстНд.
Көптеген тау-кен жыныстары үшін, арнайы штампқа түсірілген күштің әсерінен жыныстың өңделген бетіне морт түсіруге негізделген, статикалық қаттылықты анықтау әдісі қолданылады. Бұл әдісті Л.А.Шрейнерер енгізген.
Егер тәжірибе барысында деформация байқалса, оған қоса жыныстың серпімділік модулін де анықтауға болады.
Л.И.Борон және Л.Б.Глатман ұсынған: контактылы беріктік әдісі Л.А.Шрейнер әдісінің қарапайым түрі. Бұл әдіс табаны жалпақ, диаметрі 2-3 мм цилиндрлі штамты үлгінің өңделмеген бетіне жаншиды. Үлгінің контактылы рк (қаттылығы), морт бұзылу моментіндегі күштің шамасының (штамп астындағы куыс) штамп ауданына қатынасы арқылы анықталады.
рк және рш арасындағы байланыс шамамен келесіге тең

(14.6)

Жыныстың созымдылығы артқан сайын оның қаттылығы төмендей береді.
Жыныстың қаттылығы бір осьті қосу кезіндегі беріктік шегінен әрдайым жоғары, себебі ол жыныстың жан-жақты қысу кезіндегі беріктігіне сәйкес келеді және көлемдік қысудың сипаты біршама дәрежеде жыныстың серпімді және созылымдылық қасиеттерінен байланысты. Жалпы түрде жазуға болады.


(14.7)

Жыныс созымдылығының артуымен k коэффициентінің 20-дан 5-ке дейін төмендегені байқалған, яғни қаттылықтың сандық мәніне жақындаған деген сөз. Мысалы, Арменияның


жыныстары үшін k8,810, саздар және саздытақтатастар үшін k318, құмтастар үшін k220, карбонатты жыныстар үшін k512 коэффициенттері белгіленген. Сондықтан, (7.7) тендеуіндегі мәні бойынша рк-ға жақын р'к көрсеткішін шығару үшін, k коэффициентін созымдылық коэффициентіне kпл кері пропорционал етіп алуға болады. Онда р'к коэффициентін мына формула арқылы есептеуге болады.


(14.8)

Динамикалық қаттылықты Шора әдісі бойынша анықтауға болады. Оның мәні келесі де, сыналушы жыныс бетіне белгілі бір биіктіктен сфералы алмазды ұшы бар бөлек тасталынады. Қаттылық көрсеткіші ретінде блоктың кері секіру биіктігін алады.


Жыныс қаттылығы, бұзылу сайманының әсерінен бұзылуға қарсылығын көрсететіндіктен, бұрғылау қондырғысының өнімділігін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет