Кіріспе. Тау жыныстарының физикасының мақсаты мен есептері



бет35/40
Дата07.02.2022
өлшемі260,52 Kb.
#95221
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Лекция ФГП (копия) (копия)

Әдістемелік нұсқау


Тау-кен жыныстарының бекімдігі
Тау жыныстарының кен-технологиялық көрсеткіштеріне жұмыстардың негізгі процестері – жыныстарды бұзу операцияларының тиімділігін анықтайтйн көрсеткіштер жатады; түрпілігі (абразивность), қатталығы (твердость), уатылғыштығы (дробимость), бекемдігі (крепость), қопсығыштығы (разрыхляемость),бұрғыланғыштығы (буримость) және атлғыштығы (взрываемость). Жыныстарының бекімдігі - жыныстардың бұзылуға, уатуға, атылысқа және де басқа да сыртқы әсерлерге қарсылық көрсетуге бейімділігі, яғни сыртқы күштердің нәтижесінде қарсылық көрсетуі бейімділігі, яғни сыртқы сыртқы күштердің нәтижесінде болатын бұзылыстарға көрсететін қарсылық. Бекемдік тау-кен жынысының қаттылық, тұтқырлық және серпімділік қасиеттеріне тікелей байланысты.
Жыныстардың қаттылғы дегеніміз қатты затты енгізгенде жыныстың көрсететін қарсылығы. Жыныстың қаттылығы Моос шкаласы бойынша бағаланады.
Жыныстардың түрпілігі дегеніміз жынысты кесетін аспаптың жүзін қайырып, оны өтпейтін жасауға бейімділігі. Сондықтан жынысты кесетін аспатның материалын таңдаған кезде жыныстардың түрпілігі еске алынуы керек.
Жыныстардың уатылғыштығы дегеніміз динамикалық күш әсер еткенді жыныстың ұсақталуға көрсететін қарсылығы. Уатылғыштық жыныстардың серпімділік, беріктік және тұтқырлық қасиеттеріне байланысты.
Кен қазуға байланысты өндірістегі мәселелерді дер кезінде шешіп отыру үшін тау-кен жынысы белгілі бір қасиетіне қарай кластарға жіктелу қажет. Сондай бір жіктелу - М.М.Протодьяконов (1874-1930 ж.ж.) 1926 жылы жасаған тау-кен жыныстарында тараған бекемдік топтастырылуы, мұнда тау-кен жынысы бір-ақ кәрсеткіш-бекемдік коэффициенті арқылы сипатталады. Айтылған топтастыруда барлық тау-кен жынысы беріктігіне қарай 10 категорияға жіктелкен.
Бірінші категорияға бекемдік дәрежесі өте жоғары тау жыныстары =20 жатады, оныншыға - әлсіз батпақты жыныстар =0,3 жатады. Бекемдікті өрнектейтін коэффициент эталоны ретінде топталған топырақ текшесін бір осьтік бағытта сығылған кезде анықталған уақытша сығу кедергісі алынған. Сөйтіп топталған топырақтың бекемдік коэффициенті 1-ге тең болады. Сонымен бекемдік коэффициенті дегеніміз тау-кен жынысының әрбір см2 бетіне түскенде оны сындыратын килограмм күштің жүзден бір бөлігі екен. Ендеше тау-кен жынысының бекімдігі =7 дегеніміз оның әрбір см2 ауданына 700 кг күш түскенге дейін сынбайтындық қасиеті.
Бекемдік коэффициентін эксперимент жүзінде анықтауға болады, мысалы, М.М.Протодьяконов (кішісі) ГОСТ 21153-75 ұсынған талқандау әдісі бойынша.
Талқандау әдісінің мәні келесідей. Салмағы 40-60 г. бес жыныс кесегін алады. Әр кесекті 0,6 м биіктіктен тасталған, салмағы 2,4 кг кір таспен ұсақтайды. Кір тасты 5-15 рет тастаған соң, пайда болған майда кесектерді тесігі 0,5 мм електен өткізеді. Бес үлгіден алынған, мөлшері 0,5 мл-ден кем фрацияны диаметрі 23 мм өлшеуіш тостаққа салады. Өлшеуіш тостақтағы тозаңның биіктігін 1 (мм) өлшейді. Көбінесе динамикалық деп аталатын, бекемдік коэффициентін Д мына формула арқылы есептейді:

(14.1)


n - бір үлгіні сынағандағы кір тасты тастау саны.


Бұл әдіс, жынысты бұзу жұмысы майда бөлшектердің бұзылу кезінде шыққан көлемге пропорционал болады деген жорамалға сүйенген.
Бекемдік коэффициенті негізінен жыныстың қысу күштерінен бұзылуын ғана көрсетеді, ал нақты жағдайларда жару күштері жиі қолданылады. Сондықтан жыныстың технологиялық бұзылуының қиындығын көрсететін басқа көрсеткіш енгізу қажет. Ондай көрсеткішті акад. В.В.Ржевский ұсынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет