Кіріспе зepттey жұмыcының өзeктiлiгi



бет19/21
Дата09.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#134808
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дипломная

А. ұлттық, аймақтық жəне жергілікті үкіметтерге
1. тұрақты дамудың жалпы міндеттерімен үйлесімді ұлттық, аймақтық жəне шағын аймақтық саясаттарды əрі даму стратегияларын т­жырымдау жəне бұны экотуристік іс-əрекетіне қатысу жəне əсер етуі мүмкін немесе бұндай іс-əрекеттің əсері тиетіндермен кең ойласу үрдісін ұйымдастыру арқылы жасау;
2. жергілікті жəне тұрғылықты қоғамдастықтармен, жеке меншік секторымен, ҮЕҰ жəне экотуризмдегі барлық мүдделілермен келісімде табиғатты, жергілікті жəне тұрғылықты мəдениетті, ерекше дəстүрлі білімді, генетикалық ресурстарды, жер мен суға жəне жеке меншікке құқықты сақтауға кепілдік беру;
3. осымен байланысты ұлттық, ауылдық жəне жергілікті деңгейлерде барлық бұқаралық институттарды қызықтыруды, ат салыстыруды жəне үйлестіруді қамтамасыз ету. Экотуризм үрдісінің əртүрлі кезеңдерінде экотуризммен байланысты шешімдерге мүдделі тұлғаларды қатыстырып, жаңа мүмкіндіктер ұсына отырып, министрлікаралық жұмыс топтарын құруды енгізу. Бұдан басқа барабар бюджеттік қаржыландыруды жəне мүдделілердің құқықтарын қорғайтын органдармен бекітілген жəне мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті заңнамалық негіздерді жасау қажет;
4. жоғарыда көрсетілген негіздерге ұлттық, аймақтық жəне жергілікті деңгейлерде қажетті реттеуші жəне қадағалаушы механизмдерді енгізу. Бұл механизмдерге мүдделі жақтармен өзара келісілген тұрақтылықтың объективті индикаторларын жəне кері байланыс механизмі ретінде қолданылатын қоршаған ортаға əсер етуді бағалау бойынша зерттеулер ену керек. Мониторинг нəтижелеріне кең жұртшылықтың қолы жететін болу керек;
5. туристік өнімнің барлық аспектілері, соның ішінде халықаралық тасымалдау, бойынша қоршаған ортаға жұмсалатын шығындарды интернализациялау үшін реттеуші механизмдерді дамыту;
6. өрлеуді басқарудың жерді жоспарлау, аймақтау сияқты құралдарын жүзеге асыру үшін əлеуетті дамытудың жергілікті жəне муниципалды мүмкіндіктерін дамыту. Бұл тек қорғауға алынған жерлерде қатысу арқылы ғана емес, аралық аймақтарда жəне экотуризмнің басқа да даму аймақтарында ұйымдастырылу керек;
7. халықаралық деңгейде қаралып қабылданған сертификаттау, экотаңбалау жəне басқа да ерікті бастамалар схемаларының дамуы бойынша қарастырылған ерікті ережелерді қолдану. Олар экотуризмде тұрақтылықтың орнауына əкеледі жəне жеке операторларды осындай схемаларға қосылуға ынталандырып, тұтынушылардың қолдауын табуына əсерін тигізеді. Алайда сертификаттау жүйелеріне аймақтық жəне жергілікті критерийлер ену керек. Олар əлеуетті дамытып, бұл схемалардың шағын жəне орта кəсіпорындар үшін қолайлы болуына қаржылай қолдау көрсету керек. Бұл схемалардың тиімді жүзеге асырылуына қолдау көрсету үшін қадағалаушы жəне реттеуші негіздер қажет;
8. экотуризмнің негізі болып табылатын микро-, шағын жəне орта кəсіпорындардың дамуы үшін, оларға бизнестерін тұрақты деңгейде бастап, өрлеуге жəне дамытуға мүмкіндік беру үшін техникалық, қаржылық жəне кадрлық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
9. келушілердің санын басқару үшін жəне сезімтал экожүйелер мен мекендеу орындарын қорғап тұрақты пайдалану үшін тиісті саясаттарды, басқару жоспарларды, келушілермен жүргізілетін түсіндірме жұмыстары бойынша бағдарламаларды анықтау жəне қорғауға алынған аймақтарды қаржыландыру үшін жеткілікті қор бөлу. Мұндай жоспарлар құрамына айқын мөлшерлер, басқарудың тура жəне жанама стратегиялары, ережелер, қаржы ену қажет. Олар келуші туристердің , экотуризмнің барлық салаларындағы бизнес құрылымдардың əлеуметтік жəне экологиялық əсер ету мониторингісін қамтамасыз ету керек;
10. экотуризммен айналысатын микро-, шағын жəне орта кəсіпорындарды, сондай-ақ экотуризм бойынша ҮЕҰ мен қоғамдастықтардың іс-əрекетін туризм жөніндегі ұлттық əкімшілік халықаралық жəне ішкі нарық деңгейінде жүзеге асыратын бағдарламаларына жəне дамыту стратегияларына енгізу қажет;
11. өзара əрекеттесуді жəне экотуристік өнімдерді халықаралық пен ұлттық деңгейде дамыту мен олардың маркетингісін жүргізу үшін аймақтық желілерді құруға ынталандыру жəне қолдау;
12. туроператорларға жəне қызмет көрсетудің басқа да ұсынушыларына экотуризмнің ұстанымдарын қабылдау жəне олардың əрекетін жауапты экологиялық, əлеуметтік əрі мəдени арнаға аудару үшін жағдай жасау (мысалы, маркетинг пен басымдылық беру сияқты);
13. қоршаған орта мен адамдардың денсаулығын қорғау саласындағы негізгі стандарттардың экотуризмнің барлық даму аясында, тіпті қашық ауылдық аудандарда да анықталып, орындалуын қамтамасыз ету. Бұл учаскені таңдау, жоспарлау, жобалау, қатты қалдықтармен айналысу, кəріз жүйесі, өзендер бассейндерін қорғау, т.б. сияқты аспектілерді қамтиды. Экотуризмді дамыту жөніндегі стратегияларды үкіметтер тұрақты инфрақұрылымға жəне жоғарыда айтылған аспектілерді реттеу мен қадағалау бойынша жергілікті/муниципалды мүмкіндіктерді күшейтуге қаржы бөлінбей қабылдамайтын болатынын қамтамасыз ету;
14. қоршаған ортаға əсерін бағалау бойынша зерттеулер үшін жəне туризм жерлерінің əлеуметтік əрі экологиялық жағдайы туралы жазбаларға арналған сауалнама үшін базалық бағытты орнату, жойылып бара жатқан түрлердің мекендеу жерлеріне ерекше назар аударылу қажет. Экотуризм мен тұрақты туризм бойынша зерттеу бағдарламаларына инвестициялар жасайтын институттарға қолдау көрсету немесе қаржы бөлу;
15. туризмде тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша бас жоспарларды əрі халықаралық жəне жергілікті құқық негіздерін жетілдіру үшін халықаралық ұстанымдарды, жетекшілікке алынған ережелер мен тұрақты туризм бойынша əдеп кодекстерін (мысалы, UNЕР, WTO, Биологиялық алуандылық бойынша Конвенциясы, Халықаралық Еңбек Ұйымы жəне Тұрақты Даму бойынша БҰҰ Комиссиясы ұсынған сияқты) əрі қарай жүзеге асыруға қолдау көрсету;
16. келесіні мүмкін нұсқалардың бірі ретінде қарастыру – тау-кен өндіру өнеркəсібінің жəне басқа өндірістік өнеркəсіп салаларындағы мемлекеттің иелігіндегі жəне басқаруындағы жерлерді туристік секторға қайта бөлу. Бұны мүдделі қоғамдастықтар үшін таза жəне экологиялық пайдасын сақтап əрі, мүмкіндік болғанда, артып қосымша жасау;
17. балалар мен жастарға бағытталған табиғатты аялау, тұрақты даму, жергілікті жəне тұрғылықты мəдениет пен олардың экотуризммен байланысы туралы хабардарлығын жетілдіру бойынша оқыту бағдарламаларын ұсыну жəне дамыту;
18. туризмді ұйымдастыру орнында шығу жəне ену туризмімен айналысатын операторлар мен УЕҰ əрі басқа да қызмет көрсетуді ұсынушылар арасында қызметтестікті дамыту жəне кейіннен туристерді оқыту, туризм орындарында, əсіресе, дамушы елдердегі туристердің мінезқұлықтарына ықпал ету;
19. жеткізу мен тасымалдауды қамтамасыз ету жүйесінің жоспарлау мен жобалауына тұрақты тасымалдау ұстанымдарын енгізу жəне туроператорлар мен саяхаттайтын жұртшылықты тұрақты нұсқаларды таңдауға ынталандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет