Кіріспе зepттey жұмыcының өзeктiлiгi



бет1/21
Дата09.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#134808
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Дипломная

КІРІСПЕ


Зepттey жұмыcының өзeктiлiгi. Туризм, өзінің бaғыттaрымен, сoңғы жылдaры әлемнiң көптеген мемлекеттерiнiң шaруaшылығының негiзгi сaлaсынa яғни «пaйдa көзiне» aйнaлды. Aл бaғыттaрының iшiнде өзiн aйқын көрсетiп, мaңыздылығы жaғынaн aлдыңғы қaтaрдa тұрғaн ерекше түрi – экoлoгиялық туризм.
Экологиялық туризмді ең алдымен адамның «ашық» табиғат жағдайында болуын, адамның танымдық, ғылыми, өлкетану қажеттіліктерін қанағаттандыратын, табиғаттың көркем, экзотикалық, қайталанбас құбылыстарымен және объектілермен тікелей өзара іс-қимылын болжайтын туризм ретінде анықтауға болады.
Әлемдік тәжірибеде экологиялық туризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда басым түрде іске асырылады. Дәл осы ЕҚТА — штатында әкімшілік, ғылыми және атқарушы персоналы бар, рекреациялық қызметті сауатты ұйымдастыруға, туристерді экологиялық ағарту қызметін қамтамасыз етуге, осы аумақта барынша жол берілетін жүктемені есептеуге, рекреациялық аумақтардың жай-күйіне мониторинг ұйымдастыруға, тозған экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге қабілетті аумақтық ұйымдастырылған құрылымдар.
Қазақстан Республикасының туристік саласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.
Біздің республикада экологиялық туризмді дамыту туризмнің жалпы дамуы аясында өзекті болып табылады, өйткені экотуризм, егер оны жоғары табысты және бұл ретте экономиканың экологиялық қауіпсіз саласы ретінде қарастыратын және дамытатын болса, Қазақстан дамуының маңызды бөлігі болуы мүмкін.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экологиялық туризмді одан әрі дамыту үшін бүгінгі күні бірқатар іс - шаралар өткізу талап етіледі, атап айтқанда экологиялық туризмді дамыту үшін қызығушылық тудыратын мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттік орман табиғи резерваттарының инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарларын әзірлеу; - туроператорларды іріктеу арқылы ЕҚТА-ға келушілер ағынын реттеу жүйесін өңдеу; - кейіннен оларды жайластыру және сертификаттай отырып, әр түрлі бағыттағы туристік маршруттар желісін әзірлеу; - ЕҚТА-ға келушілердің қауіпсіздігін және туристік ресурстарды ұстауды қамтамасыз ету; - қосымша инвесторлар мен мүдделі шаруашылық жүргізуші субъектілерді, туристік ұйымдарды, жергілікті халықты тарту арқылы туристік қызмет үшін инфрақұрылымды дамыту;-туристік маршруттарды абаттандыру (демалыс орындарын, баспаналарды жайластыру, шағын сәулет нысандарын және т.б. дайындау және орнату); - жарнамалық-ақпараттық қызметті жүргізу.
Жоғарыда аталған фактілер Қазақстанның ЕҚТА-да экотуризмді дамыту бүгінгі күні жоғары өзектілікке ие екендігін білдіреді. Бұл өзектілік аталған тақырыпты таңдаудың себебін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет