Негіз
|
Халықаралық тәжірибеден мысал
|
Реттеу пәні
|
Сәйкестік мониторингі
|
Мінез-құлықтың ерікті кодексі
|
ЕҚТА-дағы тұрақты туризмнің Еуропалық хартиясының желісі ЕUROPARC Федерациясымен үйлестіріледі.
|
Еуропаның қорғалатын табиғи аумақтары қызметінің Хартияға сәйкестігі.
|
Өтінішті бағалаушының қарауы, бағалау комиссиясының нәтижелерін бекіту, әр 5 жыл сайын қайта тексеру.
|
Ерікті сертификация
|
«Ecotourism Australia» қауымдастығымен жүзеге асыратын экосертификация бағдарламасы.
|
Турларды, туристерді орналастыру және бару орындарын 3 деңгей: табиғи туризм; экотуризм; озық экотуризм бойынша сертификаттау.
|
Тәуелсіз бағалаушының өтінішті зерделеу негізінде сертификаттар беруі, содан кейін сертификатты жергілікті жерге барып тексеру арқылы растау.
|
«National Sanitation Foundation» ұйымы жүзеге асыратын туроператорларды экосертификациялау бағдарламасы, АҚШ.
|
Туроператорларды 5 деңгей бойынша: бірден бес жұлдызға дейін экосертификациялау.
|
Бағалау комиссиясының берген өтінішін зерделеу негізінде, ең жоғары үш деңгей бойынша (3-5 жұлдыз) сертификаттар беру-құжаттарды қарау үшін жергілікті жерге барып тәуелсіз аудиторды тарту.
|
ЕҚТА туралы Қазақстан заңнамасында қолданылатын экотуризм мен реттелетін туризм жөніндегі ережелерді ескере отырып, Қазақстанда сәйкестікті реттеудің және бағалаудың ұлттық ерікті схемаларын дамыту, сондай-ақ қазақстандық туроператорларды жоғарыда келтірілген 2-кестедегіге ұқсас туризм жөніндегі халықаралық экосертификациялық бағдарламаларды пайдалануға ынталандыру маңызды болып табылады. Бұл ЕҚТА-ның және ЕҚТА-да туризмді ұйымдастыратын туроператорлардың қызметіне экотуризм бойынша ерікті стандарттар жүйесін енгізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, туроператорларда тиісті ұлттық немесе халықаралық сертификаттардың болуы ЕҚТА-ға турларды жүзеге асыру үшін оларға рұқсат беру үшін қосымша критерий ретінде қызмет ете алады.