Кіріспе зepттey жұмыcының өзeктiлiгi



бет16/21
Дата09.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#134808
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дипломная
Алдаберген Аяжан ЕП-20-3к3 Класс.Мех Реферат, Исаева Толғанай сик 211практика11, Саба ты та ырыбы Ньютонны бірінші за ы, инерциялы сана ж йел, жаңасы 1-2тарау мол-физ, в этом году я..., Niyet x Abylai Kenzhaly
ҚОРЫТЫНДЫ
Қaзіргі уақыттa көптeген туриcтер эколoгиялық туpизмді таңдaйды, сeбебі жaяу экcкурсиялық мaршруттар сaны мен тaбиғи жәнe мәдени орындaрға қызығyшылық aртуда. Экoлогиялық туpизмнің баcты негізі – айналaдағы ортaның сапаcы. Oсыны ескере oтырып, қорықтaрдағы, т.б. тaбиғи және тaрихи аймaқтарда туpистер жағдaйын жақсaрту үшін бұл салаға еpекше көңiл бөліп oтыр.
Сонымен, экологиялық туризм - бұл ландшафттың тұрақтылығы мен рекреациялық-туристік сыйымдылығын ескере отырып, туристік сұранысқа негізделген, экологиялық турлар мен бағдарламаларды орындау кезінде табиғат қорғау нормалары мен технологияларын сақтау жағдайында шаруашылық қызметі өзгермеген табиғи аумақтарда, оның ішінде табиғат қорғау аумақтарында дамитын және жұмыс істейтін туризм түрі; оның жетекші функциялары:
- туристердің қажеттіліктерін әртүрлі демалыс түрлерімен қанағаттандыру;
- өндірістік инфрақұрылымды дамыту, қосымша жұмыс орындарын құру;
- жергілікті бюджетті толықтыру, құнды табиғи кешендерді сақтау:
- халықтың қалың бұқарасының арасында экологиялық ағарту.
Экoлогиялық туpизмнің баcты негізі – айналaдағы ортaның сапаcы.
Сонымен, бізбен жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша келесідей теориялық түйіндер мен тәжірибелік ұсынылымдар жасалды:
1. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитеті, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Көлік жəне коммуникация министрлігі тікелей қатысты бағдарламалар мен жоспарларға сəйкес басымдылықтар, мақсаттар, міндеттер жəне көрсеткіштер енгізу қажет. Туризм жəне спорт министрлігі дамытатын стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар басымдылық аясында экологиялық туризмді дамыту бойынша бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру біздің жағдайымызда ЕҚТА-да табиғи туризмге арналған инфрақұрылым дамуына, алдымен туристерді орналастыруға арналған орындардың (мейманханалар, туристік кешендер, қонақ үйлер жəне т.б.) дамуына əкеліп соғады.
2. Қазіргі аймақтық құжаттардың талдауы бұл бағыт бойынша нақты тұжырымдалған саясаттың жоқтығын көрсетеді, осыдан – туризмді дамыту бағдарламалары мен дамудың аймақтық стратегиялары деңгейінде оған қатысты міндеттер мен іс-шаралардың жоқтығы айқындалады. Ең жақсы деген жағдайда дамудың аймақтық стратегиялары мен бағдарламалары экотуризмге қатысты кедергі себепкер шарттар мен тосқауылдарды талқылаумен ғана шектеледі. Олардың құрамында қажетті инфрақұрылымның жоқтығы, оның дамуы үшін заң шығарушы негіздердің əзірленбегені, оның ішінде – табиғи қорықтардың аймағында да, айтылып кетеді. Бұл орайда ең алдымен ұлттық деңгейде жүргізіліп жатқан жəне жүзеге асыруға жоспарланған күш салу əрекеттерге қосымша экотуризмнің қандай аспектілері жергілікті атқару органдарымен дамыту қажет болатынын анықтау қажет. Келесі жағынан, тұжырымдалған ұлттық саясат аясында берілген нақты аймақтың табиғи жəне басқа жағдайларын, қажеттіліктерін, басымдылықтарын, мүмкіндіктерін ескере отырып, экотуризмнің даму түрлері анықталуы қажет.
3. Экологиялық туризм мен реттелетін туризмнің ұйымдастырылуы қарастырылған мемлекеттік қорықтар мен ұлттық парктер жағдайында оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесі мен критерийлер белгіленбеген. Жалпы алғанда, лицензиялау мақсатындағы атап көрсетілген кəсіби талаптар айтарлықтай шартты сипат алған. Оларда туроператорлар іс-əрекетінің жəне олардың жүзеге асыратын турлардың ЕҚТА-да экотуризм мен тұрақты туризм ұстанымдарына сəйкестігін орнатуға мүмкіндік беретін қандай да бір арнайы ережелер жоқ. Іс жүзінде, туроператорлар қызметін лицензиялау рəсімі бұл міндетті шешуге мүмкіндік бере алмайды деп айтуға болады. Сондықтан ЕҚТА-да туризмді ұйымдастыратын субъектілер сақтай алатын жүзеге асыру сызбалары әзірленіп, қолданысқа енгізілуі шарт.
4. Туризмнің дамуымен туристтік зоналар, демалыс орындарының ластануы, қоршаған ортаға залал келтіру фактілерінің артуы жиі орын алатын құбылысқа айналды. Аталған жағдайдың орын алуы экотуризмнің туризмнің қоршаған ортаға кері əсерін бағалау қажеттігін болжайды. Бұл міндетті орындау үшін түрлі құралдар мен əдістемелерді қолдануға болады. Атап айтқанда, туризм жəне рекреация нəтижесінде табиғи кешендердің əсер етуге реакциясын табиғи ландшафттардың дағдарыс деңгейі бойынша бақылауға болады.
5. Экотуризммен айналысатын шағын кəсіпорындарды, ҮЕҰ-ды жəне жергілікті қоғамдастықтарды экотуризмді дамытуды қамтитын стратегияларға, бағдарламаларға жəне жоспарлаға енгізу. Олардың дамыту және жергілікті қоғамдастықтарды, қорғалатын табиғи аумақтарды экотуризммен айналысуға ынталандыру және ұымдастыру үшін оларға түсіндірме жұмыстарын жүзеге асыру, экотуризмнің айрықшалықтарын, іс жүзінде жүзеге асыруды атап өту, туристтерді тарту мәселелерін қолға алу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет