Кіріспе зepттey жұмыcының өзeктiлiгi



бет21/21
Дата09.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#134808
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дипломная
Алдаберген Аяжан ЕП-20-3к3 Класс.Мех Реферат, Исаева Толғанай сик 211практика11, Саба ты та ырыбы Ньютонны бірінші за ы, инерциялы сана ж йел, жаңасы 1-2тарау мол-физ, в этом году я..., Niyet x Abylai Kenzhaly
С. үкіметтік емес ­ұйымдарға, қоғамдастықтардың мүдделерін танытатын ассоциацияларға, академиялық жəне зерттеу институттарына
34. қоғамдастықтардың келушілерді қабылдайтын ұйымдарына, шағын бизнеске жəне жергілікті өкіметтерге экотуризм жерлеріне қатысты техникалық əрі қаржылық қолдау, білім беру мен мүмкіндіктерін ұлғайту бойынша жəне басқа да қолдау көрсетуді ­сыну. Бұл тиісті саясаттар, даму жəне басқару бойынша жетекшілік ететін ережелер, қадағалау механизмдері тұрақтылық бағыты бойынша даму мақсатында жүзеге асырылады;
35. экотуристік іс-əрекеттің экожүйелерге, биоалуандылыққа, жергілікті жəне тұрғылықты мəдениетке, экотуризм жерлерінің əлеуметтік-экономикалық құрылымына ықпал ететін нақты əсері бойынша зерттеулер жүргізу жəне қадағалау;
36. экотуризмді дамыту жəне басқару бойынша шешімдерді қабылдау үрдісіне зерттеу арқылы табылған мəліметтер мен ақпараттың қосуын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық жəне жеке меншік ұйымдармен бірлесіп əрекет қылу;
37. экотуризмді дамыту мəселелерінің барабар жəне практикалық шешімдерін дамыту үшін зерттеу институттарымен бірлесіп əрекет қылу.


D. үкіметаралық ­ұйымдарға, халықаралық қаржы институттарына жəне дамуға жəрдем беру жөніндегі агенттіктерге
38. ұлттық жəне жергілікті саясатты, жоспарлау бойынша жетекшілікке алынған ережелерді жəне экотуризмді бағалауға арналған негіздерді жүзеге асыруға жəрдемдесу жəне дамыту. Олар биоалуандылықты сақтау мəселелерімен, əлеуметтік-экономикалық дамумен, адам құқықтарын құрметтеумен, кедейлікті жеңумен, табиғатты сақтау жəне тұрақты дамудың басқа да міндеттерімен өзара байланыста болу керек. Мұның мақсаты – осындай ноухаудың барлық елдерге таратылуын жақсарту. Дамушы жəне даму мəртебесі төмен елдерге, шағын аралдық дамушы мемелекеттерге жəне, БҰҰ 2002 жылды Халықаралық Тау Жылы деп атағанын ескере отырып, таулы аймақты елдерге ерекше көңіл бөліну керек;
39. халықаралық басқарушы ережелер негізінде жасалған экотуризм бойынша жоспарларды жəне саясаттарды қолдану мен тұжырымдауға байланысты аймақтық, ұлттық жəне жергілікті ұйымдардың м*мкіндіктерін күшейту;
40. шағын жəне орта кəсіпорындардың қажеттіліктерін ескеретін экотуризмді сертификаттау жүйесіне арналған халықаралық стандарттар мен қаржылық механизмдерді дамыту немесе тиісті ретінде қабылдау жəне оларға қолдау көрсету;
41. экотуризмге қатысты елдер мен секторлар арасында тəжірибе алмасу үшін саясаттарға, басқарушы ережелерге жəне жобаларға ғаламдық, аймақтық жəне ұлттық деңгейлерде жан-жақты сұхбаттасу үрдістерін енгізу;
42. бүкіл дүние жүзі бойынша экотуристік кəсіпорындардың жетістігі мен сəтсіздігінің себепшісі болатын факторларды анықтау бойынша əрекеттерін күшейту. Бұл басылым құралдары, көшпелі миссиялар, оқытатын семинарлар мен техникалық жəрдемдесу бойынша жобалар арқылы басқа ұлттармен ең үздік тəжірибелермен алмасу мақсатында жүзеге асырылады; UNEP, WTO жəне басқа да халықаралық ұйымдар Тұрақты туризм мен экотуризм мəселелері бойынша саммитінен кейін халықаралық сұхбаттасуды жалғастырып, кеңейтулері керек, мысалы, халықаралық жəне аймақтық форумдар өткізу арқылы экотуристік дамуға шолу өткізу;
43. олардың қаржылық қорларын, қарызға алу жағдайлары мен рəсімдерін экотуризм идустриясының негізін құрайтын шағын жəне орта кəсіпорындардың қажеттіліктеріне сай болатын қылып тиісті ретте бейімдеу. Бұл олардың ұзақ экономикалық тұрақтылығының шарты болуы қажет.
44. дербес дамыған бөлік ретінде тұрақты туризм мен экотуризмге қолдау көрсету үшін адамның ішкі қорлар əлеуетін дамыту жəне ішкі сараптаудың, зерттеудің, құжаттаудың бар болуын қаматасыз ету, сонымен қатар тұрақты даму құралы ретінде экотуризмнің қолдануын қадағалау;
45. қажетті уақыт пен қорларды ескеретін мүмкіндіктерді күшейту мен оқытуға арналған қаржылық механизмдерді дамыту. Бұл жергілікті тұрғындарға экотуризмнің дамуына тең дəрежеде қатысуға мүмкіндік беру керек;


Е. Жергілікті жəне тұ­рғылықты қоғамдастықтарға
Осы Декларацияның алдыңғы тарауларында жергілікті жəне тұрғылықты қоғамдастықтарға жасалған ескертулерге қосымша (əсіресе, 2 беттегі 5,8,9, жəне 10 тараулары; 3 беттегі 1 тарау; А- 2 мен 17; В 21 мен 27; С 35; D 45) қатысушылар жергілікті жəне тұрғылықты қоғамдастықтарға келесі кепілдемелерді жолдады:
46. Қоғамдастықтар үшін экотуризмнің дамуынан болатын ұжымдық кірісті жақсарту бойынша стратегияны қоғамдастықтардың экотуризмді енгізуі мүмкін даму көрінісінің бөлігі ретінде анықтау жəне енгізу, осыған адамдық, физикалық, қаржылық жəне əлеуметтік капитал жəне техникалық ақпаратқа жақсартылған қол жетерлік енеді.
47. қоғамдастықтардың дəстүрлі дағдыларды қолдану жəне қолдау қабілеттерін күшейту, тəрбиелеу жəне ынталандыру, атап айтқанда, жергілікті табиғи қорларды тұрақтылық негізінде қолданатын үй кəсібін, ауылшаруашылық өндірісін, дəстүрлі тұрғын үй құрылысын жəне ландшафтік сəулет өнерін.


F. Т­ұрақты дамыту бойынша Дүниежүзілік Саммитіне (ТДДС)

48. туризм үшін тұрақты даму ұстанымдарын қолдану қажеттілігін жəне экотуризмнің экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық пайданы жасау ісінде ерекше рөлін мойындау;


49. Туризмнің, оның ішінде экотуризмнің рөлін ТДДС-тің күтілетін нəтижелеріне енгізу

Квебек қаласы, Канада, 2002 жылдың 22 қыркүйегі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет