Кіріспе зepттey жұмыcының өзeктiлiгi



бет20/21
Дата09.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#134808
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дипломная
Алдаберген Аяжан ЕП-20-3к3 Класс.Мех Реферат, Исаева Толғанай сик 211практика11, Саба ты та ырыбы Ньютонны бірінші за ы, инерциялы сана ж йел, жаңасы 1-2тарау мол-физ, в этом году я..., Niyet x Abylai Kenzhaly
В. Жеке меншік секторына
20. экотуристік индустрия тұрақты болу үшін, барлық қатысушы мүдделі жақтарға, оның ішінде жоба иелеріне, инвесторлар, менеджерлер мен қызметкерлерге жəне жоба жүзеге асырылатын жердегі табиғи аймақтарды сақтау бойынша жұмыс істейтін ұйымдар мен қоғамдастықтар үшін кіріс əкелу қажет екенін естен шығармау; 21. олардың іскерлік əрекетін жағымсыз əсерді барынша азайту, сезімтал экожүйелерді жəне жалпы қоршаған ортаны сақтауға жағымды үлес қосу, таза кіріс əкелу жəне жергілікті əрі тұрғылықты қоғамдастықтарды қатыстыру арқылы ­ғыну, дамыту жəне ­йымдастыру;
22. экотуристік құрылыстарды жобалау, жоспарлау, дамыту жəне олардың қызмет көрсетуі тұрақтылықтың келесі ұстанымдарының енуін қамтамасыз ету керек: сезімтал учаскелерді жобалау жəне жұртшылықтың қабылдауы, сонымен бірге су, энергия əрі материалдарды сақтау жəне еш кемсітушіліксіз халықтың барлық санаттары үшін қол жетерлігі;
23. экотаңбалау сияқты сенімді сертификаттау немесе өзге де ерікті реттеу жүйелерін қабылдау, себебі ол əлеуетті келушілерге олардың тұрақтылық ұстанымдарын қолдайтынын көрсетеді жəне ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің сенімділігін танытады;
24. басқару жоспарлары мен басқа да ережелерге сəйкес экотуризм бойынша іс-əрекетті қамтамасыз ете отырып, берілген аймақтарда кез келген жағымсыз əсерді барынша азайту үшін, туристік тəжірибе сапасын жетілдіре отырып, табиғи ресурстарды сақтауға қаржылық үлес қоса отырып табиғи аймақтарды қорғауға жəне биоалуандылықты сақтауға жауапты мемлекеттік жəне үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп əрекет қылу;
25. өздерінің іс-əрекеттерін жүзеге асырғанда экотуристік өнімнің шынайылығын қолдау үшін жəне туризмді ұйымдастыру жерінде орын алған қаржылық əрі басқа кірістердің үлесін ұлғайту үшін жергілікті материалдар мен өнімдерді жəне жергілікті материалдық-техникалық əрі адамдық ресурстардың қолданылуын ұлғайтуға үлес қосу. Осыған қол жеткізу үшін жеке меншік операторлар жергілікті жұмыс күшін оқытуға қаржы бөлу керек;
26. экотуристік іс-əрекетті құруда жеткізу арналарының толығымен тұрақты жəне соңғы өнім мен қызмет көрсетудің мақсаты ретінде белгіленген тұрақтылық деңгейімен үйлесімді болуын қамтамасыз ету;
27. тұрғылықты халық пен қоғамдастықтардың мəдениетін нақты жəне құрметпен көрсетуді қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар өздерінің қызметкерлері жəне келуші қонақтар демалуға баратын жерлердің дəстүрлері мен тарихы туралы жақсы əрі нақты ақпарат алу үшін, тұрғылықты халық пен жергілікті қоғамдастықтардың басшыларымен белсенді жұ­мыс жүргізу;
28. келушілер арасында экотуризм орындарына қатысты əдепті жəне саналы экологиялық мінез-құлықты экологиялық білім беру жəрдемімен немесе табиғатты сақтау бойынша бастамаларды жəне жергілікті қоғамдастықтарды қолдауға ерікті үлес қосуды ынталандыру арқылы үгіттеу;
29. барлық басқарушылар мен штаттар арасында жалғасқан экологиялық білім беру арқылы жергілікті, ұлттық жəне ауқымды экологиялық əрі мəдени мəселелер туралы хабардарлығын ­лғайту, сонымен қатар қоғамдастықтың экономикалық дамуына, сақтауына əрі кедейлікті жою ісіне олардың жəне жанұяларының үлес қосуын қолдау;
30. берілген аймақтағы туристік іс-əрекеттің кең өрісін дамыту жəне олардың операцияларын туризмді ұйымдастыру үшін арналған түрлі орындарына кеңейту арқылы олардың ұсыныстарын түрлендіру. Бұл экотуризмнен болатын əлеуетті пайданы тарату үшін жəне экотуризмнің кейбір таңдаулы жерлерінде ұзақ уақыттық тұрақтылығына əсер ететін шамадан тыс жүктемеліктен аулақ болу үшін жүзеге асырылады. Бұл жөнінде жеке меншік операторлардың экотуризм орындарына келушілердің əсерін басқаратын жүйелерді құру жəне олардың жұмысына үлес қосудың қажет екендігіне көзі жетті;
31. оқытуға, маркетингке, өнімдерді əзірлеуге, зерттеулер жүргізуге жəне экотуризмді қаржыландыруға көмек көрсете алатын бизнес ассоциациялар мен кооперативтер іс-əрекетіне арналған қаржылық механизмдерді құру жəне дамыту;
32. халықаралық, шығу жəне ену экотуризмінің операторлары, жергілікті қызмет көрсетушілер мен жергілікті қоғамдастықтар арасында тиісті құралдар мен стратегиялық альянстар арқылы қаржылық табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз ету;
33. компания деңгейінде тұрақтылық бойынша саясатты т­жырымдау жəне іске асыру, оларды болашақта операциялардың əр бөлігінде қолдану көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет