Кіріспе Зертханалық жұмыстар физика пәнінен студенттердің орындайтын оқу жұмысының маңызды түрі болып табылады және ол бағдарламада қарастырылған сағаттар көлемінде орындалады



бет17/71
Дата11.12.2021
өлшемі4,79 Mb.
#99164
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
Байланысты:
жаңа зертханалық 2019.docx

Қондырғының сипаттамасы
Б
ұл жұмыста домалау үйкелісін зерттеу үшін көлбеу маятник әдісі қолданылады. FPM-07 көлбеу маятнигі (3-сурет) жіпке ілінген шариктен 1 тұрады. Ол көлбеу үлгіге 13 жанаса орналасқан. Арнаулы бағыттаушы 10 арқылы үлгілерді ұясына орналастыруға және одан шығарып алуға болады. Шарик қатты денеден жасалған үлгімен әр уақытта жанасып тұратындай етіп орналасады. Қатты үлгілер мен шариктердің материалдары бірдей. Шариктің тербелуі кезінде ауытқу бұрыштарын градуспен көз арқылы байқау үшін арнаулы шкала 14 орнатылған. Көлбеу маятник оның негізі 2 арқылы төрт аяққа орналасқан. Олардың көмегімен маятникті горизонталь орналастыруға болады.

Маятниктің негізіне құбыр 3 арқылы оның корпусы 4 жиылған, ол кронштейнмен 5 байланысқан. Кронштейнге көлбеулікті өлшейтін шкала 7 орналасқан. Маятникті белгілі бір бұрышқа көлбеу орналастыру үшін тұтқа 11 пайдаланылады. Тербеліс санын есептеу үшін кронштейнге фотоэлектрлік тетік 12 қолданылған. Шарикті арнаулы оймаға 15 бұрап орналастыруға немесе оны алуға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет