Қондырғының сипаттамасы
Қондырғының электр сызбасы 2 суретте, монтаж сызбасы 3 суретте келтірілген. Зерттелетін үлгі – Холл датчигі бөлме температурасында кемтіктік өткізгіштікке ие германийдің жұқа пластинкасынан тұрады. Датчик 6 электромагниттің өзекшесінің саңылауына орналасқан және 4 тұрақты кернеу көзіне қосылған. Электромагниттің орамы 6 реттегіш бар тұрақты кернеу көзіне 8 айырып-қосқыш арқылы қосылған. Айырып-қосқыштың көмегімен Iэм электромагниттің орамдарындағы токтың бағытын өзгертуге болады. Токты 9 миллиамперметрмен өлшейді. Холл кернеуін өлшеу үшін 5 цифрлық вольтметрді қолданады.
2 сурет. Электр сызбасы:
(1-1) – 6 электромагниттің қоректендіру тізбегі; 8 – айырып-қосқыш; 9- мультиметр (режім А 200мА, кірістер СОМ, mA); (2-2) – Холл кернеуін өлшеу тізбегі; 5 – мультиметр (режім V 2 V, кірістер СОМ, V ); (3-3) – Д Холл датчигін қоректендіру тізбегі; 4- «+15 В» тұрақты кернеу көзі; 7 – «Холл эффектісі» миниблогы; 10- реттеуіші бар «0...15 В» тұрақты кернеу көзі.
3 сурет. Монтаж сызбасы :
5, 7, 9 – 2 суретті қара.
Жұмыстың орындалу тәртібі
Өлшеулерді орындау
1. Кестеге электромагнит орамдарының N санын, саңылаудың енін h және датчиктің қалыңдығын d жазыңыз («Холл эффектісі» миниблогында көрсетілген.)
2. 3 суретте көрсетілген монтаж сызбасы бойынша электр тізбегін жинаңыз.
3. «Сеть» батырмасымен кернеу генераторы блогының қоректендіруін қосыңыз. «Исходная установка» батырмасын басыңыз. (реті 19, 6 б. 1 суретті қара)
Кесте
Қондырғының параметрлері: I=5 мA, N=…орамдар, h=…мм, d=… мм
|
Шама
|
№
|
Iэм, мА
|
U1, мВ
|
U2, мВ
|
U3, мВ
|
B, мТл
|
1
|
10
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
…
|
…
|
|
|
|
|
10
|
100
|
|
|
|
|
|
|
Орташа нүкте (1.1 қосымша)
|
|
|
«0...15 В» (реті 14, 6 б. 1 сур. қара) кернеу қондырғысы батырмаларымен электромагнит тізбегінде Iэм ≈10 мA токтың мәнін орнатыңыз.
5 мультиметрдің көмегімен U1 кернеуді өлшеңіз (электромагнит орамдарындағы токтың берілген бағытында).
8 айырып-қосқыш арқылы Iэм токтың бағытын өзгертіп, U2 кернеуді өлшеңіз.
«0...15 В» кернеу қондырғысы батырмаларының (реті 14, 6 б. 1 сур. қара) көмегімен электромагниттің орамдарындағы Iэм токты әр 10 мА сайын арттыра отырып, 5,6 баптағыдай U1 және U2 кернеулерді өлшеңіз. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңыз.
«Сеть» батырмасымен кернеу генераторы блогының қоректендіруі мен мультиметрлер блоктарын ажыратыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |