Кіріспе Зертханалық жұмыстар физика пәнінен студенттердің орындайтын оқу жұмысының маңызды түрі болып табылады және ол бағдарламада қарастырылған сағаттар көлемінде орындалады



бет32/71
Дата11.12.2021
өлшемі4,79 Mb.
#99164
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
Байланысты:
жаңа зертханалық 2019.docx

Өлшеулерді жүргізу

  1. Миллиметрлік қағаз бетіне электродтардың контурын және қондырғыдағы координаталық торды салыңыз.

  2. 4-суреттегі өрістерді модельдеу блогінің кірісін қосып, 3-суретте көрсетілген электр сызбасын жинаңыз.


3 сурет. Электростатикалық өрісті зерттеуге арналған электрлік сызба




4 сурет. Өрістерді моделдеу блоктарын қосуға арналған кірістер




  1. «Сеть» батырмасымен кернеу генераторының қоректендіру блогын қосыңыз. «Исходная установка» батырмасын басыңыз. (реті 19, 6 бет, 1-суретті қараңыз)

  2. Зондты электродтарға тигізе отырып, қай электродтың потенциалы 0-ге тең екендігін анықтаңыз.

  3. «0- +15 В» кернеу қондырғысының батырмасымен екінші электродтың потенциалын (мұғалім тапсырмасы бойынша) вольтметр арқылы белгілеңіз. Электродтардың потенциалдарының мәндерін өрістің картинасына белгілеңіз. Сонымен екі эквипотенциал бет анықталады.

  4. Оқытушы тапсырмасы бойынша (№5...10) эквипотенциал сызықтар тұрғызатындай етіп, өріс картинасынан зондтың потенциалының өлшеу қадамын таңдап алыңыз.

  5. Нөлдік потенциалы бар электродтың қасынан потенциалы тең өріс нүктесін тауып, өріс картинасына белгілеңіз. Зондты өріс бойымен жылжыта отырып, осындай потенциалға ие 8-ден кем емес нүктелердің координаттараын анықтап, миллиметрлік қағазға енгізіңіз. Бірінші және соңғы эквипотенциал сызықтар үшін электродтардың сыртқы жағынан 2-3 нүкте анықтаңыз!

  6. Бірдей потенциалға ие нүктелерді иілген (түзу емес) қосыңыз. Өріс картинасында осы сызықтың потенциалдардың мәнін көрсетіңіз.

  7. бірдей потенциалға ие әрбір бет үшін 7,8 баптардағы өлшеулерді жүргізіңіз.


Өлшеу нәтижелерін өңдеу

  1. Потенциалдың нөлдік потенциалы бар электродтан қашықтыққа тәуелділік графигін тұрғызыңыз.

  2. Зерттелетін өріс картинасында күш сызықтарын салыңыз.

  3. Өрістің 2,3 нүктелері үшін ( графигінің оське әр түрлі көлбеуліктегі таңдап алынған бөліктерінде) электростатикалық өрістің кернеулік мәнін (6) формула бойынша анықтаңыз.

  4. Жұмысты қорытындылау үшін зерттеліп отырған өріске талдау жасаңыз: күшті электр өріс аймағы қай жерде орналасқанын анықтаңыз және ол өріс картинасы мен графигінде қалай көрінеді?


Бақылау сұрақтары:

  1. Эквипотенциал беттің анықтамасын беріңіз, оның қасиеттері қандай?

  2. Өрістің күш сызықтарының қасиеттерін анықтаңыз.

  3. Электростатикалық өрістегі зарядқа әсер ететін күш неге тәуелді?

  4. Біртекті электростатикалық өріске тән қасиеттер қандай?

  5. және шамаларының байланыс теңдеуін жаз.

  6. , , векторлары және біртекті электростатикалық өрісте қозғалған бөлшектін үдеу-векторы қайда бағытталады?

  7. Зерттелетін өрістің картинасында эквипотенциал және күштік сызықтар қалай жүргізіледі?

  8. Потенциал градиенті векторының қасиеттерін пайдаланып, күш сызықтарының бағытын қалай анықтайды?

  9. Зерттелетін электростатикалық өрістің нүктелеріндегі кернеулікті қалай анықтайды?

  10. Электр тізбегінде мультиметрдің атқаратын ролі қандай?


Әдебиет

  1. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики. – М.:Высшая школа,1989. - §§24.3, 24.5.

2. Калашников С.Г. Электричество. – М.: Наука, 1977. - §§109-111,119





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет