Құрал-жабдықтары: «Ферромагнетик», «Кедергі» миниблоктары, арнайы пішінді сигналдар генераторы, мультиметрлер.
Кіріспе
Ферромагнетиктер – ерекше магниттік қасиеттерге ие бола алатын күшті магнетиктер. Бұл қасиеттер жөнінде №8 «Феррфмагнетиктің магниттелуінің негізгі қисығын алу»атты жұмыстың кіріспесінде толығырақ жазылған. Ферромагнетиктердің магнит өтімділігі магнит өрісінің кернеулігіне тәуелді. Осыған байланысты магнит өрісінің кернеулігінің шамасына ортаның магнит өтімділігімен байланысатын контурдың сипаттамалары тәуелді, мысалы,соленоидтың L индуктивтілігі:
(1)
және оның айнымалы токтағы кедергісі
(2)
мұндағы -магниттік тұрақты, -соленоидтың орам саны,S-соленоид өзекшесінің көлденең қимасының ауданы, -өзекшенің орта ось сызығының ұзындығы, - айнымалы токтың циклдік жиілігі.
Өлшеулер әдісі
Бұл жұмыста өзекшенің магнит өтімділігін өлшеу (1) формулаға сәйкес катушканың индуктивтілігін және оның , және геометриялық параметрлерін өлшеуге негізделген. Индуктивтілікті анықтау үшін белгілі жиіліктегі айнымалы токтағы катушканың индуктивті кедергісін өлшеу жеткілікті. Айнымалы токтағы катушканың толық кедергісі
, (3)
себебі, әдетте , онда катушканың актив кедергісін айнымалы токтың жиілігі 200 Гц индуктивті кедергісімен салыстырғанда ескермеуге болады.
Ом заңы бойынша I ток пен соленоид орналасқан тізбек бөлігінде U кернеуді өлшеу арқылы Z шамасын анықтауға болады:
. (4)
(1), (3), (4) теңдеулерін қолдану арқылы магнит өтімділігінің есептеу формуласын аламыз:
, (5)
мұндағы –қондырғы тұрақтысы. Орамдардан I ток өткенде сақина пішіндегі өзекшеде пайда болатын магнит өрісінің кернеулігі
(6)
формуласымен есептеледі.
Сонымен, токтың әрбір мәніне магнит өрісінің белгілі кернеулігі, өзекшенің магнит өтімділігі және магнит өрісінің индукциясы сәйкес келеді:
. (7)
Токтың әр түрлі мәндеріне сәйкес және - ны анықтап, тәжірибе жүзінде
а) - магнит индукциясының магнит өрісінің кернеулігіне тәуелділігін (ферромагнетиктің магниттелуінің негізгі қисығы);
б) - өзекшенің магниттік өтімділігінің магнит өрісіне кернеулігінің тәуелділігін тұрғызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |