Дипломдық жұмыстың мақсаты: Пейзаж жанры туралы кең түсінік алу. Пейзаждың түрлерімен және тарихымен танысу.
«Туған өлке» атты дипломдық тақырыпты таңдай отырып, біз оқушыларды отан сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыруды мақсат тұтамыз. Тақырыптың аумағында табиғат көріністерін бейнелеу арқылы оқушыларға сурет салудың негізін үйрету. Қоршаған ортадағы табиғатты тікелей көріп бейнелеуге, оны сезіммен қабылдауға оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.