Кіріспе Зерттеу өзектілігі


ІІ - тарау. Тәуелсіздік жылдарындағы Әбіш Кекілбай шығармаларындағы тәуелсіздік идеяларының негізгі бастаулары



бет2/3
Дата05.11.2016
өлшемі0,57 Mb.
#499
1   2   3

ІІ - тарау. Тәуелсіздік жылдарындағы Әбіш Кекілбай шығармаларындағы тәуелсіздік идеяларының негізгі бастаулары.

2.1. Тәуелсіздік жылдарындағы Әбіш Кекілбайдың қоғамдық және саяси қызметі.

1991 жылы алғаш Қазақстан Республикасы өз егемендігін алуымен, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың билікке келуімен бірге Әбіш Кекілбайұлының ресми тїрде саясатқа белсене араласуы осы тұста бастау алды. Алайда бұған дейін бірталай мемлекеттік, қоғамдық лауазымды қызметтер атқарған болатын.

Елбасының тағайындауымен Әбіш Кекілбайұлы 1991 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты, мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалады.

Әбіш Кекілбайұлы жауапты мемлекеттік қызметтің қай саласындағы қызметі болмасын өзінің кең ауқымды ойлай білетін қайраткерлігімен, осы жолдағы ел игілігі їшін жасалған іс-әрекеттерді табанды тїрде жїзеге асыра білетіндігімен танылды. Қоғам қайраткері ретінде кеңінен танымал болған кезі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс келді. Тәуелсіздікті нығайту мен баянды ету жолындағы шешуші сәттерді, маңызды шешімдерді қабылдауда оның жоғары парасаттылығымен өзіне мол жауапкершілікті ала білетіндігі айқын көрінді. Елде ұлтаралық жанжалдарды болдырмау, саяси мәселелерді ушықтырмай тиянақты, дұрыс шешу жолдарын қарастыруда сарабдал саясаткерге тән саяси көрегендік таныта білді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында пайда болған экономикалық дағдарыстар мен өзге де саяси-әлеуметтік тығырықтан шығу їшін жїргізілген реформалардың халық тарапынан қолдау табуына айрықша їлес қосты.

Мемлекеттік қызметке келу тұсында Әбіш Кекілбайұлының бірден-бір әріптесі елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болатын. Белсенді әрекетімен қоса терең ойлы, мол білімді, ғибратты көсемсөздерімен ел санасын оятып, дәл уақытында тиісті сөз айтып та, жазып та келеді. Ол саясатқа сабырлы, салиқалы болып келген болатын. Әбіш Кекілбайұлы мемелекет шаңырғын көтеру мен мемелекетіміздің мемлекеттілігін тұрақтандыру ісінде ерекше орын алған. Қазақ халқының, мемлекетіміздің тағдыры шешілген көптеген тарихи құжаттардың қабылдануында депутат Әбіш Кекілбайұлының орны ерекше еді. Еліміз тәуелсіздік алған кїннен бастап қабылданған барлық заңдарға өз ой-пікірін білдірді, жалпы оның қатысуынсыз ешбір заң қабылдабады десе де болады.

«Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін 1992-1993 жылдары атқарады. Осы жалдарда Әбіш Кекілбайұлы өз ойын, шығармаларын газет бетіне жариялаумен қоса ел тағдырынан, жер тағдырынан тысқары қалмады. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалады.

Әбіш Кекілбайұлы көптеген елдерге ресми делегацияларды басқарып барған болатын. Соның қай-қайсысында болмасын ол туған елінің тұғырын биіктетіп, абыройын асқақтата білді. Шетелдегі әрбір кездесулерде халқымыздың, жеріміздің тарихынан сыр шертіп, оны өзі барған елдің тарихымен шендестіре сөйлеп, әлемдік мәдениеттің сабақтастығын дәлелдей білген саясаткер.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы белгілі қаламгер, білікті саясаткер, аса зор сенім артқан халық қалаулысы, тұңғыш кәсіби парламенттің жетекшісі Әбіш Кекілбаев осы саладағы жұмысын өте жақсы атқарған болатын. Ел тағыры мәселесіне келгенде Әбіш Кекілбайұлы жауапкершілік пен енжарлықты біріктіруге тырысты. Парламентке келген сәтінен бастап ол тәуелсіздікті нығайту, жїріп жатқан саяси, экономикалық, құқықтық реформаны одан әрі тереңдету-жаңа парламенттің парызы екендігін де жасырмады. Елдің әл-ауқатының сол кездердегі төмендеуі мейлінше талапшыл парламенттің жұмысының тиянақтылығын талап етті. Қабылдайтын құжаттардың ақырғы нұсқаларын қабылдау їшін комитеттер мен депутаттық фракциялар өкілдері ұйымдастырылды.

1994 жылы 23 қарашада алғаш рет Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Республикасының делегациясын бастап Иран мен Пәкістанға іс сапарға аттанды. Осы тұста Әбіш Кекілбаевтың жалпы ұлттық және халықаралық деңгейдегі мемлекеттік саясаттағы орны көріне бастады. Ол мемлекет және қоғам қайраткері ретінде тәуелсіз еліміздің тактикалық және идеологиялық іргетасын қаласқан арнаулы саңлақтарымыздың бірі. Бұл ретте қазақ табиғатындағы төзімділіктің тарихи қажеттілік екендігін ісімен де, сөзімен де орнықтыруда тізгін ұстағандардың бірі Кекілбаев болды.

1996 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, комитетінің төрағасы болып қызмет атқарады. 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалады. Мемлекеттік биліктің даму процесі тұрғысындағы жемқорлықтың кереғар әрекеттеріне кедергі жасау жолында, әлеуметтік талдау мен қоғамдық стратегия дамуына байланысты көзқарастары да аз болмады. Қоғамдық істер де Әбіш Кекілбайұлының атқарылуы маңызды іс-әрекеттерінің бірі санатында болатын.

2002 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. «Асар» партиясының Парламенттік мїшесі3. Ана тіліміздің жай-кїйі кейінгі жылдары жұртшылығымызды қатты алаңдатқан кезеңде Әбіш Кекілбайұлының атқарған еңбегі аз емес. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген қағиданың ұлттық тәжірибенің де, әлемдік тәжірибенің де тұрғысынан қаншалықты дәйекті екендігіне тоқталған болатын.

Монтескьенің: «Бағынышты халық қашан өз тілін біржолата ұмытқанша ел болудан їмітін їзбейді»,-деген әйгілі сөзінен келіп, «сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп кїйзеле айтқандар, ең алдымен, төл тілімізде оқытуға ат салысқандары белгілі. Елді дамыту їшін оқуды, оны дамыту їшін тілді дамыту керек дейтін қағиданы «тілін құрту арқылы елін де құртуға болады» дегені де бар. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» - деген ұрымтал да ұран тасталуы, естір құлаққа да, айтар ауызға да аса қонымды, аса сїйінішті.

Їлкен стратегиялық маңызға ие бұл кескіндеме, төл тарихымыздың тұрғысынан қарағанда, жоғарыда айтылған ұлт-азаттық қозғалысы сардарларының ой-армандарымен тікелей їндесіп жатқан ұрпақтар сабақтастығын, адамзат тарихы тұрғысынан алып қарағанда, бїгінгі кезеңде бїкіл әлемдік аяда өткір қойылып отырған ең өзекті мәселені жан-жақты қозғап отырған байыптылығымен, жіті өміршеңдігімен тартымды. Ең бастысы – тілдің болашағы ұлттың болашағымен, тілдің дамуы ұлттың дамуымен өзектестіріле қаралды. Дамудың өзі де бағзы бабаларымыздың сөйлеу арқылы қалған тіршілік иелерінен ірге ажыратып, көш бойы ілгері озып кеткендігінен болса, тіл туралы ойлану - бәрі туралы ойлану. Тіл келешегін ескеру – артымызда қалған мен алдымызда тұрғанның бәрін еске алу.

Әбіш Кекілбаевтың 1991 жылдан бергі атқарған мемлекеттік және қоғамдық жұмыстары ауыз тола айтарлықтай. Бірнеше елдерге жасаған іс сапарлары, Қазақстан аумағындағы ел, жер жағдайларыман танысуы, көптеген көненің көзін ашу барысында атқарған еңбектері аз емес. Мемлекеттік даму стратегиялары, заңнамалар мен экономикалық даму жолында Әбіш Кекілбаевтың атқарған еңбегі жетерлік. Мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік, тіл, діл мәселелері Кекілбайұлының бір мезетке де ойынан шыққан емес. Осы тұрғыда оның бірнеше еңбектері де жарық көрді. Кеңес Одағы кезеңіндегі тыйым салынған әдебиеттер, сол замандарда айтылуы мїмкін емес мәселелер еліміз егемендігін алған жылдардан бастап Әбіш Кекілбаевтың көкірегінен жарқын шыққан болатын. Газет беттеріндегі мақалалары мен сұхбаттары халық қамы їшін жасалуы тиіс мәселелерді меңзейтін. Барлығы халық їшін, барлығы дамушы Қазақстан мемлекеті їшін өз еңбегін ешуақытта аямаған азаматтың елі їшін атқаратын жұмысы көптен көп. Өзінің мемлекеттік саясатқа араласуынан бастап Әбіш Кекілбаев өз шығармашылығы мен қызметін әрқашан бірге алып жїрген азамат.

Кекілбайұлы жауапты мемлекеттік қызметтің қай саласында жұмыс істесе де өзінің кең ауқымда ойлай білетін қайраткерлігімен, осы жолдағы ел игілігі їшін жасалған іс-әрекеттерді табанды тїрде жїзеге асыра білетіндігімен танылды. Оның қоғам қайраткері ретінде кеңінен танымал болған кезі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс келді. Тәуелсіздікті нығайту мен баянды ету жолындағы шешуші сәттерді, маңызды шешімдерді қабылдауда оның жоғары парасаттылығымен өзіне мол жауапкершілікті ала білетіндігі айқын көрінді. Елде ұлтаралық жанжалдарды болдырмау, саяси мәселелерді ушықтырмай тиянақты, дұрыс шешу жолдарын қарастыруда сарабдал саясаткерге тән саяси көрегендік таныта білді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында пайда болған экономикалық дағдарыстар мен өзгеде саяси-әлеуметтік тығырықтан шығу їшін жїргізілген реформалардың халық тарапынан қолдау табуына айрықша їлес қосты.

Белсенді әрекетімен қоса терең ойлы, мол білімді, ғибратты көсемсөздерімен ел санасын оятып, дәл уақытында тиісті сөз айтып та, жазып та келеді. Ол саясатқа сабырлы, салиқалы болып келген болатын. Әбіш Кекілбайұлы мемелекет шаңырғын көтеру мен мемелекетіміздің мемлекеттілігін тұрақтандыру ісінде ерекше орын алған. Алғаш саясатқа араласа бастаған тұста Әбіш Кекілбаевты бірнеше мәселелер толғандырған болатын. Олардың қатарында тіл, әлеуметтік және экономикалық жағдай, еліміздің даму мәселесі т.б. болды. Кекілбаев саясатқа шындығында әдебиеттен келген болатын. Яғни, әдебиетті тұлғалар жасаса, саясатты қоғамдық мїдде жасайды. Сол кездердегі экономикалық жағдай, жалпы халықтың әл-ауқаты, тәуелсіздік пен ықпалдастық мәселелері тереңінен толғандырды.

Тәуелсіздік, ынтымақтастық, ықпалдастық тұрғысында Әбіш Кекілбаевтың қарсылығы да аз болмады. Он алты миллион халқы бар елеміздің әл – ауқатын әлсіретпей, еңбекке жарамды бөлігін жұмыспен қамтамасыз етіп, табиғи ресурстарымызды ұтымды пайдалану арқылы экономикамызды шикізат қана емес, дайын тауар да шығара алатындай етіп нарықтық жїйеде қайта құруға қажетті технология мен инвестиция їшін алдымен экономикалық тәуелсіздікті – ең басты басым мақсат санау керектігін ұсынды.

Алғашқы саясатқа араласқан жылдарында Әбіш Кекілбаев қолда бар кәсіпқорлық отандық бұйымдар шығаруға, отандастарымызға жаңа жұмыс орындарын жасап беруге, мұқтаж топтарды әлеуметтік қамсыздандыруға айта қаларлықтай ат салыса алмай отырғандығын да жоққа шығармады. Қайта құру қолға алынғаннан бері іскер топтардың ұлттық капитал тїзіп, отандық инвестицялық белсенділік туғызуға әлі құлықсыз, қауқарсыз екендігін айтады. Реформаның әлі де болса жан-жақты қаралуы тиістігін алға тартты. Жаппай кїмәнданушылықты кїшейту арқылы әлеуметтік шығармашылықты асқындату демократияның да, тәуелсіздіктің де пайдасына еместігі анық. Реформаны жақтаушылар мен көңілі толмайтындардың екі жағы да реформаға ынтаны кїшейтпейді, тәуелсіздікті бекемдемейді, демократияны нығайтпайды. Көп уақытқа дейін екі тарап пиғылы өзіне ерекше болатын. Бірақ бұл қоғамдық сана бұл қалпында қалмайды. Билікте монополизм, экономикада олигархияшылдықтың, идеологияда экономикалық снобизм мен әлеуметтік кекшілдіктің дамуымыздың қайшылығына әкелері сөзсіз еді. Ол їшін мәмілеге келу шарт болатын. Саясатта негізделген демократияны, экономикада көп мїддесін көздейтін әлеуметшіл нарықты, идеологияда адамгершілік пен әлеуметтік бәсеңдікті қастерлейтін гуманизм мен либерализмді жақтайтындар қатары көбейетіндігіне сенімі мол еді. Ол їшін мәмілеге келу керек болатын. Оны билікке таласушы кїштер емес, шын билікке ие кїштердің бастағаны тәуелсіздігіміздің өміршеңдігіне көбірек тиімді болары анық еді. Елбасымыздың реформаны жетілдіріп, оған көпшілікті көбірек жұмылдыруға бағышталған бастамалары сол мақсаттан шығып жатқандығы да белгілі болатын.

Бїгінгі кең ауқымыды реформаны да санаулы саясаткерлер емес, саналы көпшілік қана ойдағыдай жїзеге асырмақшы. Жеріне, суына, тіліне, діліне, тарихына, тағдырына ие халық өз егемендігі мен дамуы їшін ат салысары анық еді. Елбасымыз жаңа реформаны ойдағыдай өрге басуы їшін қазіргі Европалық одақтың ұстанып отырған бағыттары мен қағидаларын тегіс қамтитынын көрсетеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы евразияшылдықты аймақтық не континенттік ықпалдастықпен емес, басқа да елдермен тең мїдделік негізінде ықпалдасуға септігі тиетін дәнекер ретінде қарастырады. Сол арқылы демократиялық кеңістіктің барлық құрлықты қамтып, кеңейе беруін көздеді.

Осы тұрғыдан келгенде, бір-бірімен ара-жіксіз жалғасып жатқан екі құрлықтың арасындағы мәдени-тарихи байланыстың кеңейе беруін көздеді. Егер Евразиялық жаңа одақ құрамында кеңес республикаларымен қоса Германия, Тїркия, Қытай, Индия, Жапония сынды іргелі мемлекеттер болса, ол жаңа гегемонизмнің ұйтқысына айналуына жол бермес еді. Мәселен, қазіргі Европа одағындағы елдердің арасында бір-біріне оңай еңсеріле қоймайтын Англия, Франция, Германия, Испания, Италия сынды мемлекеттер болмаса, тең құқылық қағидасы қатаң сақталынбай, әлсіздердің кїштіге қарсылығы қайта бел алып кетуі мїмкін. Мемлекеттер арасындағы сенімділік пен ықпалдастықтың болғанын құптаған Әбіш Кекілбаев, жаңа гегемонизм мен жаңа блоктың қайтадан кїш алуына жол бермейтіндей болу керектігін айтады. Сонда ғана европалық одақ өз әрекеттерін жїзеге асыра алады.

Барлық мәселені қарастыруда Кекілбаев жалпы саяси жағдай, тәуелсіздік жолындағы кїресті алға тартады. Қазақ халқының өткені мен болашағы, тәуелсіздік тақырыбын тереңінен ойға салды. Тәуелсіздік ешқашан оңайлықпен орнаған емес. Ол ауыртпалылықты барлығына көтеруді керек етеді. Өйткені, өз тізгіні өзінде емес кісіде, халық та өз мїддесіне жете алмайды. Сондықтан да біз қандай қиындық көрсек те, тәуелсіздік тізгінінен айрылмауымыз керек. Тәуелсіздігімізді сырттың ала көзінен, іштің алауыздығынан аман сақтап қалу – біздің тарихи алдындағы ең басты парызымыз. Барша тығырықтан шығаратын бір-ақ жол – тәуелсіздігімізді тәу етіп, тәуекелімізге бекем болу1.

Тәуелсіздікті нығайтудың ең басым кепілі – ішкі ынтымақты нығайту болып табылады. Ол жоқ жерде тәуелсіздік жай сөз болып қалады. Оған жол бермеудің жалғыз жолы – экономикалық қатынастарды да, саяси қатынастарды да мейлінше демократияландыра тїсу. Бармақ басты, көз қыстылыққа жол бермеу. Әркімнің өз еңбегімен кїн көруіне ғана емес, ауқатты өмір сїруіне құқықтық та, экономикалық та мїмкіндіктер жасауға кїш салу. Ол їшін жїргізіліп жатқан реформадан бас тартуға болмайды. Жїріп жатқан реформаны көптің көңілінен шығатындай қылып, қайта пайымдау керек. Оның тиімділігіне көптің көзі тезірек жететіндей қылып, жұмыс, жалақы, зейнетақы, әлеуметтік қызмет мәселелеріндегі шиеленіскен тїйіндерді тезірек шешуге кїш салған жөн. Біз реформамен тәуелсіздікті қолда бар табиғи, моральдық, интеллектуалдық ресурстарды бей-жай жұмсауға емес, демократия мен нарық тетіктерін ұтымды пайдалана отырып, орнықты дамуды қамтамасыз етуге жұмсауымыз керек. Билік институттары мен саяси партиялар, мемлекеттік құрылымдар мен іскер топтар, реформа жағдайындағы қоғам мїшелерінің жаңа жағдайға ыңғайлану процесін ақылға сыйымды қалыпта өтуіне қам жасап, кїш біріктірілуі керек. Оған құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам ықпалдастығы керек. Осы жолдағы бірлескен қимылдардың атқарар орны ерекше. Билік институттары әрі тарт та, бері тарт ахуалдан, саяси партиялар жамырай қол көтеретін оқиғаларды тосып, былайғы кезде қалғып отыратын бойкїйездіктен арылып, ел қамын ойлайтын шынайы саяси плюрализм ахуалына тезірек көшкендері дұрысырақ. Сонда ғана қоғам өзін қинаған мәселенің ықтимал шешімін уақытылы таба алады. Сонда ғана тұсында барша, жалпы болып бар міндетті жалқының мойнына артып қойып, артынан ойдағыдай іс шықпаса, бар жауапкершілікті де соған итере салатын әлеуметтік масылдықтан тезірек айығады. Әр нәрсеге дер кезінде баршамыз болып назар аударып, баршамыз болып шешім іздемесек, қапы соғып қалар тұстарымыз көбеюі әбден мїмкін.

Тәуелсіздікті нығайту жолында қоғам ішкі, сыртқы мәселелерді жаңа отаршылдықтың жолын бөгейтіндей қылып шеше білу арқылы ғана жан сақтай алады. Кез келген мемлекет өз саясатын кїллі адамзат қауымдастығында өзі орналасқан құрлықта, өзімен шектес аймақта қалыптасқан ахуалды мұқият їйлестіре отырып жїргізуге тырысады. Біздің сыртқы дїниемен ықпалдастығымыз осы їш деңгейдің їшеуінде де қатар жїзеге асып жатуға тиіс. Қазіргі адамзат Кеңестер Одағының құлауы арқасында қос кіндікті тайталас жағдайын құлатып, ондай бір-бірінің ізін аңдыған теке тірестік ахуалға қайта тїскісі келмейді. Тапшылық идеологияның одан шағындау ауқымдарда да белең алуына мїдделі емес. Біз бір кезде тайталас идеологияның бетпе-бет келген шарпылыс аймағында өмір сїрген болатынбыз. Кейін шарпылыс їрдістен бәсеңдік їрдіске көшетін мемлекетаралық қарым-қатынас Еуразия кеңістігінде өркен жайған еді. Ал өзіміз құрамдас бөлігі болып келген кеңістік кешегі тайталаста жеңіліп қалып, басқаларды жеңіске жеткізген, экономикалық, саяси, құқықтық стандарттарға тезірек қол жеткізуге мїдделі едік.

Бізге тәуелсіздік қымбат болса, ТМД елдерінің қай-қайсысына да әлемдік және континенталдық қатынастарға тезірек ұластыратын көп деңгейлі, кең қарымды ықпалдастыққа, жалпы планеталық және континенталдық интеграция кеңістіктеріне батыл қадам басуға ұмтылғанды басым міндет санағанымыз тиімді.

Әбіш Кекілбаевтың саясатқа келгелі бергі уақытында еліміздің Конституциясы төрт рет өзгеріске ұшыраған болатын. Жоғарғы Кеңес жұмысына кірісе сала, оған елеулі өзгерістер енуіне тура келді. Өйткені, Президент институты құрылды. Парламентті жартылай кәсібилікке көшірді. Көп ұзамай егемендігімізді жария еттік. Соған байланысты одақпен қарым-қатынасымызды қайта пайымдадық. Экономикалық реформа өрістеп, меншік алуандығы келді. Республиканың ішкі құрылысы мен басқару жїйесіне де көптеген жаңалықтар енді. 1993 жылы өз Конституциямызды қабылдадық. Алайда оның барлығы тарихтан туындап отырғандығы мәлім.

Конституциялық реформаның кїрделі құбылыс екендігі, оның қоғамның конституциялық санасына тікелей тәуелді екендігі, ал оның бір кїнде қалыптаса салмайтындығы өзгелердің тәжірибесінен де, өз тәжірибемізден де тїсінікті. Алғашқы Конституция тәуелсіздік алуымызда іле-шала қабылданды. Ол кезде саяси дербестік пен жаңаша дамудың қыр-сырына жете қанбаған еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұрын-соңды байқамаған көп нәрсеге көз жетімді болды. Демократиялық романтизмнен айығып, демокатиялық реализмге ауысар кез келген болатын. Ол мемлекеттік билікті тїбегейлі қайта пайымдауды талап етті. Өйткені, кешегі тоталитарлық кеңестік қоғамды демократияландыруы мемлекеттік билікті айта қаларлықтай әлсіретті. Енді сол кеңістікте жаңа сипатты даму жолын аңдап тәуелсіз мемлекеттер мен демократиялық қоғамдар орнату їшін билік жїйесіне жаңаша сындарлылық дарытпай болмайтынына көз жете бастады. Әйтпесе, билік бөлісу қағидасын тиісінше нақтыламайынша, билік институттарының құқықтары мен міндеттерін, өкілеттері мен шарттарын нақты мөлшерлеп, нақты межелемейінше, олардың өзара ықпалдастығын құқықтық негізде жїйелемейінше, демократияның бір жағынан анархизмнің, екінші жағынан авторитаризмнің қауіпінен арыла алмайтыны белгілі еді. Ол деген кешегі кеңестік империяның киген кебіні енді балаң тәуелсіз мемлекеттердің де киюіне жол беріп қою болып шығар еді.

Енгізілген өзгерістер мен тәуелсіздік жолындағы жаңа қадамдар, елбасының реформалары мен тәуелсіздіктің тәуекелін арттыру їшін пайдаланатынына нық сеніміміз мол. Реформа мен тәуелсіздік орныға тїскен сайын демократияның да нығая тїсетіні ешқандай кїмән туғызбаса керек.

Демократия жайында, қоғамдық ахуалға тек басшы мен заң ғана емес, электорат та жауап береді. Өйткені, ондай ахуал билік институттарының да, азаматтық қоғам институттарының да, оппозициялық кїштердің де конституциялық мәдениетті қаншалықты қатаң қадағалайтындығына тікелей тәуелді. Сондықтан да, дамыған демократия елдерінде кеңінен тараған: «Дұрыс жағдайда өмір сїргің келсе, қай сайлауда да тек дұрыс адамдарға дауыс бер», - деген қағиданы құптау ол әрбір сайлаушының нық сенімін білдіреді.


2.2. Әбіш Кекілбайдың тәуелсіз мемлекеттегі «Отан тарихы» туралы көзқарасы.

Әбіш Кекілбайұлы бұл тақырып тұрғысындағы көзқарасы өте бай әрі көлемді. Оның «Шандоз» атты тарихи-ғұмырнамалық баяны жалпы қазақ халқының тарихына арналған. «Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына» тарту етілген бұл тарихи баянда жалпы қазақ халқы мен жұртының өмірі бейнеленеді.

Махамбет – ұлттық тарихымыздың ең кїрделі жылдарындағы ерекше көзге тїскен ерен тұлға. Тәуелсіздік дәуірінде ол бұрынғыдан бетер биіктей тїсті. Баршамыз білетін жалынды жырларының бұрын аңғарыла қоймаған қырлары мен сырлары ашыла тїсті. Ақын тағдырының талай жұмбағы айқындала бастады. Ол їшін жыр сұңқарының өмір жолы мен жан дїниесіне өзі көтерілген зәңгір биік деңгейден көз тастау керек еді. Сонда оның кїрескерлік жігері мен суреткерлік шабытын сусындатқан елдік тарих пен әлеуметтік шындықтың ұлан-ғайыр жазиралары кеңінен қамтылып, жыл өткен сайын жақындай да жарқырай тїсер рухани бейнесінің өміршеңдігі мен өнегелілігі молынан зерделене тїсер еді.

Көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайұлының бұл тарихи-ғұмырнамалық баяны осындай мақсатпен жарық көрген. Махамбеттің ақындық және азаматтық болмысын қысқа ғұмырының ауқымымен шектемей, өмір сїрген отаршылдық дәуірінің шытырман шындығы мен жанын пида еткен ұлт-азаттық қозғалыстардың шерлі шежіресі арасында қарастырып, ел бірлігі мен тәуелсіздік баяндылығы сарынында толғайды.

Бұл шығарманың негізгі өзегі – жазушының қазақ халқының Ресей империясына бірігуі тұсындағы ел мен жердің, ұлт пен діннің жалпы кїйзелген жағдайын меңзейді. Махамбет пен Исатай қазақтың елеулі тұлғаларының өн бойындағы ерекше қасиеттері айқын көрініс тапқан. Оған қоса сол замандары Ресей империясымен тїзген саясаттың кей тұстарын аша тїскен. Бұл баян Махамбет ерлігі тұсында өрбиді.

Махамбет ешқашан ел ішінде патша мен әкімнің араласуымен әділет орнайды дегенге сенбейтін. Осы жылдары Махамбет їстінен іс қозғалған болатын. Шекара Комиссиясы Махамбетке не жағдайда да сенбейтінін білдіріп, оны Батыс Оралдан алып келуін Баймағамбетке тапсырған. Осы арада қозғалыстың басталуын сезінген патша ұлықтары сескене бастады. Жәңгір ханның тїбіне жеткен топ ендігі қауіптің болмайтынына сенімді емес еді. Шекара Комиссиясының ендігі тұстағы әрекеті Махамбетті қолға тїсіру. Бұл іс Баймағамбетке тапсырылды, алайда бұл істен қалай құтылу жолын жан-жақты іздестіре бастаған сұлтан екі ойлы еді. Орынбор Махамбет туралы қайта-қайта сұрау ала бастады. Баймағамбет ендігі тұста Махамбетті ұстап әкелуден өзге шара қалмағанын байқап, оны патша бұйрығы бойынша қолға тїсіреді. 1838 жылдың 12 шілдесінде Ақбұлақтан 12 шақырым жердегі Шейітсайда Исатайды өлтіреді. Көп ұзамай 1846 жылы 19 қазанда Көк Жайық бойында Махамбет қаза болады.

Исатай көтерілісі тарихи маңызы зор көтеріліс болды. Сол замандағы мұсылман әлемінің жалпы қазақ еліндегі көрінісі патша әкімшілігінің қатаң бақылауында болатын. Әр молда есепке алынып, оларға тым қатал қаралды. Нарындағы қозғалыста бұл пиғыл байқала қоймады. Алайда, патша әкімшілігінің негізгі идеясы – қазақ даласында бұл әрекетті тїбегейлі жою еді. Еділ бойы Орал тауы арқылы тарайтын діни ықпалды бұл аймақтардың қазақ даласынан бұрын отарлануы салдарынан патша саясаты әлдеқашан өзіне ыңғайланған болатын. Патша идеологтары Исатай мен Махамбет қозғалысының «діндер қозғалысына» айналмауын құнттаса, ұлт-азаттық қозғалысына айналмауын да солай құнттады. Сондықтан, олардың бір тобы оны їйреншікті «феодалдар соғысы» ауқымына қарай ойыстыруға тырысты. Қазақстандағы патша отаршылдығының їш іргелі тұлғасы – Неплюев, Игельстром, Перовский қазақтардың Ресей озбырлығына қарсы кїресінің їш кезеңінде їш кейіпті саясат қалыптастырды. Әбілқайыр тұсында басталған әскери, аграрлық отаршылдыққа қарсы кїресті Жәдік пен Өсеке әулеттері арасындағы династиялық бақталастықты қоздыру арқылы тойтарып отырды. Ол кездегі әулетаралық тайталас жалпы қазақтық мемлекеттілікті қайтадан қалпына келтіру жолындағы Әбілқайыр мен Абылай талпыныстарын жїзеге асыртқызбай тастады.

Қазақ мемлекеттілігін ежелден құрап келе жатқан їш арыс їш ұлысқа қайта бөлініп кетті. Енді сол «ұлыстық» хандықтарды одан әрі ыдырату керек болды. Оны барон Игельстром қолға алды. Шонжарларды бір-біріне айдап салды. Бұл тәсіл оңай ғана хандық билікті қақыратып берді. Бірақ, билер, старшындар мен батырлар хансыз қалғандарына қапы қалмағанымен, мемлекетсіз қалғандарына қиналды. Жаңаша мемлекеттесудің жолдарын іздестіре бастады. Оны жїзеге асыра алатындай өз көсемдерін де туғызды. Сырым Датов қозғалысы тарих сахнасына осылай шықты.

Ақ сїйектер їстемдік еткен хандық бірте-бірте феодалданып, билікті бір қолға шоғырландыратын ұлттық монархия болуға тырысса, батырлар, билер, ру басылары көшпенді дїниеге көбірек тән тайпалық әскери-демократиялық республика құруға ұмтылды. Бұл Ресей монархтарын қатты шошынтты. Игельтром кері шақырылып алынды. Сырым Хиуаға қуылды.

Француз революциясы жеңісінен қатты қобалжыған патшайым Кіші жїздегі хандық билікті қалпына келтіргенді жөн көрді. Ол Кіші жїздің одан әрі ыдырауын жеделдетті. Бұрын әр тайпаны би немесе батыр билесе, енді сұлтан билейтін болды. Олардың әрқайсысы өз алдына хан болғысы келіп, Кіші жїзді әуелі екіге, сосын төртке бөліп әкетті. Қазақ қауымын қақыратуға әбден төселген отаршылдық саясаттың технологтары енді сол төрт биліктің әрқайсысын Ресейдің ішкі аумақтық билік жїйесіне сәйкестендіріп, одан әрі бөлшектей тїсуге құлшынды. Кіші жїздің Батыс, Орта, Шығыс бөліктерінде хандық биліктің жойылуы себепті динстиялар жїйесінің енгізілуі олардағы аумақтық құрдымдануды бұрынғыдан бетер кїшейтуге мїмкіндіктер туғызды.

Ал Ішкі Ордада патша әкімшілігі аса қарқынды әрі жемісті өрістеп жатқан феодалдану процесіне тап болды. Шаруашылық жїргізуде, мәдени-тұрмыстық салада Ішкі Ресейлік стандарттарға ұмтылған Жәңгір хан хандық билікті сақтап қалуда табандылық танытты. Мұндағы бұрынғы рулық элитаны биліктен аластату, аумақтық майдалануды одан әрі жеделдету, жерге меншіктілік енгізу феодалдануды мейлінше қарқындатты. Жаңа жағдайда ақ сїйектер әулеті бұрынғы таққа таласатын алауыздықтан гөрі төрелер їстемдігін нығайтатын «ақ сїйектер ынтымағы» әлдеқайда тиімді екенін тїсіне бастады. Бұл отаршылдық идеологиясы көздеген тїздіктерді мемлекеттік дербестікті қайтадан қалпына келтіретін мїмкіндіктердің бәрінен айыру қағидасымен сәйкеспеді. «Патшашыл» , «ресейшіл» Жәңгір билейтін Ішкі Ордада хандық билікті жою жолындағы одан арғы әрекеттерді астыртын жїргізуге тура келді.

Жәңгір жїзеге асырған жаңаша жер бөлісу мен билік бөлісу Ішкі Ордадағы ішкі наразылықты кїшейтті. Бұрынғы рулық элита жоғары дәулетті топ болу тїгілі орта дәулетті топ бола алмай қалды. Қауымда екіге жарылу қауіпі туды. Нарын бойында бұрқ ете қалған Қайыпқали Есімов көтерілісін билікке таласқан «феодалдар соғысына» жатқызуға болғанымен, одан он жылдан соң бас көтерген Исатай көтерілісін ол санатқа ойланбастан қоса салу қиын еді. Өйткені, бұл көтерілісте халықтық сипат басым болды. Сондай-ақ оны тапық кїреске жатқызу да ұшқарылық болар еді. Өйткені, марксшілдік мағынадағы таптық кїреске көптеген сипаттары бойынша їйлесе қоймайтын.

Оған біраз уақытқа дейін Орынбор әкімшілігіне де онша мән беріп жарытпады. Генерал-губернатор В.А.Перовскийді одан гөрі Жәңгір ханның саяси өркөкіректігі көбірек алаңдатқан тїрі бар. Өйткені, ол орыс їкіметі қанша оқытып, қанша баулыса да мемлекеттік дербестік пен мұсылмандық мәселесінде өз дегенінен басқаға илікпеді. Сондықтан да, генерал-губернатор жер бөлісу мен салық салуда көпе-көрінеу жіберіліп отырған өрескелдіктер салдарынан туындап жатқан қара сїйек ру басыларының наразылығына біразға дейін көз жұмып қарады. Тіпті ол жайында Петербургте ешқандай хабар да бермеді. Одан гөрі Астрахан губернаторы көбірек алаңдаушылық білдірді. Бір кезде қазақтардан келген қауіпті қазақтардың қолымен бөгей тұру їшін құрылған Бөкей Ордасының өзі бїлікшілік орталығына айналып кете ме деп абыржыды.

Ол кезде Перовскийді қара сїйектердің наразылығынан гөрі Ішкі Ордада ашық бой көрсете бастаған ақсїйектік астамшылдық көбірек ызаландырып жїр еді. Бұқара тарапынан көрсетілген әлгіндей қарсылық ақ сїйектер желбауыздығын едәуір тежейтініне сенді. Өз қауымынан қолдау көрмеген саяси элитаның амалсыз отаршыл өкіметтің қол астына кіретін әдеті де жоқ емес еді. Ондай әрекет бодан қауымды мемлекеттік дербестік, ұлттық тұтастық, әлеуметтік ынтымақтан адаландыра тїсер еді. Сондықтан, олар саяси элитаны көрер көзге сатып алу арқылы қалың бұқараның наразылығын туғызып, бодан қауымдары оқтын-оқтын әлеуметтік соғыстарға айдап салып отыратын.

Нарын көтерілісі, В.А.Перовскийдің көзқарасынша, ұзақ уақытқа дейін шаруалар көтерілісі сипатына өрістеді. Жер мен салық төңірегінде өрбіді. Оған бірден бір айыпты хан, сұлтандар және оларға ерген жәреуке ру басылары деп табылды. Барлық наразылық соларға қарсы бағытталды. Ол әрекеттер де көшпенді қауымдарға ертеден етене экономикалық ревеншизм – барымта-сарымта дәрежесінен аса қоймады. Ондай кезде әлгіндей жанжалдарға араласу – патша әкімшілігі їшін жайына жатқан жыланның құйрығын өзі келіп басу болар еді. Сондықтан да, Перовский аңыс аңдап бағуға тырысты.

Наразылар қатары көбейе тїсті. Жіңгірдің екі губернаторға бірдей қол жайып, ешқандай көмек ала алмағаны көтерілісшілерді жігерлендірді. Хан қалың төмпештің астында қалды. Отаршыл әкімшілік ол кезде де тергеушілер жіберумен ғана шектеліп, Ішкі Ордадағы кикілжіңнен бойын аулақ ұстады. Ол тек Исатай қозғалысы, Шөке Нұралиев айтқандай, өз алдына республика болып, дауларды өзі қарап, жазықтыларды өзі жазалап, шын мәніндегі қос өкімет орната бастаған тұста ғана қозғалды. Мұндай ашық бағынбаушылықты одан әрі асқындырып жіберуден сескенді. Бұл тек әлеуметтік бой көрсету емес, нағыз қарулы саяси әрекет еді.

Патша өкіметі їшін бұл көтеріліс қауіпті еді. Ұлттық мемлекеттілікті қайтарып алу жолындағы кїрес қазіргідей бөлек-бөлек хандықтардағы оқшау-оқшау қозғалыстардан тұрмай, қазақ даласын тїгел қамтыған тұтас майданға айналып кетсе, Ресейдің сол кездегі геосаяси жоспарларының көбінің кїлін көкке ұшырар еді.

Хандық биліктің халі мїшкіл еді. Перовский абыржи тїсті. Хандық биліктің мұншама қауқарсыздығы халықты да аздырып жіберген-ді. Тарихи тұлғалардың бұл тұста өз жерлеріне деген икемділігі таныла бастады. Олардың алғашқысы Махамбет еді. Жәңгір хан өле-өлгенше Махамбетті Исатайдың ең бірінші одақтасы әрі ең басты дем берушісі санап өткені белгілі. Соның даулы аузына сенген патша ұлықтары да өз құжаттарында Махамбетті дәл осылай «ұлықтады». Ақын өлеңдері де ерекше екені белгілі. Алғашқысы – Ордада жїргендегі өлеңдері. «Хан емессің қасқырсың», «Есіл ерді». Екінші топ – Нарын жырлары. «Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асынбай», «Азамат ердің баласы». Їшінші топ – Жайық сыртында туған шығармалар. «Жақия», «Аспандағы бозторғай» , «Мұнар кїн», «Желк-желк еткен ала ту». Бұл топтағы шығармаларды хронологиялық жағынан екіге бөлуге болады. Исатай өлгенге дейінгі жырлар, Исатай өлгеннен кейінгі жырлар.

Махамбет жырлары қазақ елі мен жерінің мұңымен қайғысы болды. Махамбет жїрегінде ең басты шер-шемен – сол бір қайырсыз қоныстағы сормаңдай халқының келеңсіз тағдыры. Жатса да, тұрса да ойынан кетпейтін жалғыз уайымы да сол: «Арғымақтың баласы аз оттар да, көп жусар – талаудан татқан дәмі бар; азамат ердің баласы аз ұйықтар да, көп жортар – дұшпанға кеткен ары мен барымтаға тїскен малы бар». Оның басты мұраты да сол: дұшпанға кеткен ары мен барымтаға тїскен малы, демек, жат қолындағы жері мен езгідегі елі їшін аз ұйықтап, көп жортатын мігірсіз кїрес.

Махамбет өз тұсындағы хан-төрелермен майлы қасықтай аралас, қыл өтпестей тату болмағаны мәлім. Оның қай тұстағы басылымдары мен ел аузындағы жырларының бәрінен де ақ сїйектермен ат құйрығын їзісіп өштесіп өткендігі көрінеді. Оның ханмен тек өз намысы, өз мїддесі їшін емес, ел намысы, ел мїддесі їшін кетіскені рас.

Ақын әлеуметтік қараулықтың астарын хан мен төңірегіндегі халықтан қаралай алыстап кеткен ақ сїйектік өркөкіректігінен, жалпыға жаны ашымайтын өзімшілдігінен көрді. Махамбет отаршылдыққа қарсы қайран табудың орнына, өздері билік пен байлық қуалап, басқыншының сойылын соғып кеткен ақ сїйектер қауымын өз тұсындағы қазақ қоғамы їшін қасірет деп білді. Алдымен солардың їстемдігінен құтылмай, отаршылдықтың құрығы ұзармаса, еш қасқармайды деп ойлады.

Махамбет – нағыз ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі. Оны атқа мінгізген тек өз басының емес, езгіге тїскен елінің, ұйытқысы айрыла бастаған ұлтының мїддесі. Бір жағынан, қазақ билері мен ақындарына тән ақиқаттан аттамайтын рухани қайсарлықты танытса, екінші жағынан қазақ даласындағы хандық биліктің көп нәрседе, мықтап сыр білдіре бастағанын байқатады. Отаршыл озбырлықтың алдында ұлттық билік өзінің оралымсыздығы мен дәрменсіздігін әбден әйгілеп берді. Қауым өз тағдырын қауіпті межеге жеткізген билік тозғындығына қатты алаңдаулы еді. Хандық биліктің тарихи келешегіне кїмәнді кїшейте тїсетін объективті де, субъективті де жәйттер баршылық еді. Ол тек сөз болып отырған кезде ғана көзге тїскен келеңсіздіктер емес болатын.

Қазақ хандықтары Шыңғыс ханның тірі кезінде балаларына еншіленген далалық ұлыстардағы ХЇІ-ХЇІІІ ғасырлардағы саяси өзгерістер нәтижесінде пайда болған. Еуразия көлемінде әлденеше ғасырлар бойы їстемдік еткен Шыңғыс хан тїзген билік жїйесінің мықтап сыр алдырған тұсы Алтын Орданың құлауы болды. Соның салдарынан, бұрын әлемдік империя кїшпен біріктіріп отырған отырықшы дїние мен көшпенді дїние қайтадан ірге ажыратып, екіге бөлініп кетті. Отырықшылық феодалдық қатынастар нығайып, діни идеология їстемдік құрды. Көшпенділер ежелгі їрдістер ауқымынан тұрмыста да, саясатта да көп алшақтай қоймады. Бұл тарихи қалыптасқан төл мемлекеттілікті екі оттың – сырттағы басқыншылық пен іштегі наразылықтың ортасында қалдырды.

Қазақ қауымының сол замандардағы хәлі тек саяси келеңсіздіктерден ғана емес еді. Барлығы өркениеттік дағдарыстан бастау алған болатын. Бұл тек қазақтардың басындағы ғана ахуал емес еді. Индустриялық дамудың пайда болуы әуелі әлемнің тек бір құрлығының бағын жандырып, қалғандарына қасірет болып жармасты. Өйткені, ол өзгенің базарына, шикізаттарына, жұмыс қолдарына көз алартуды кїшейтіп еді. Бұрын тек көрші саяси кеңістіктерді ғана қамтитын отаршылдық басқыншылық енді бїкіл әлемді тегіс шарпи бастады. Бұл халықтардың сыртқы ықпалдастыққа, іштегі ынтымаққа мейлінше мұқият қарауын талап етті.

Бодан елге де, тәуелсіздік тұғырына енді көтерілген елге де әлеуметтік кикілжіңдерден гөрі азаматтық татулық қымбатырақ екендігіне бїгінгі әлем айқынырақ көз жеткізіп отыр. Қандай болмасын ұлт тек тәуелсіздік жағдайында ғана өз мїддесіне жете алады. Тәуелсіздік қана оған өзінің көп ғасырлық саяси-рухани тәжірибесін заманалық өзгерістер тұрғысынан қайта зерделеп, бїкіл адамзаттық дамуға орайлас өркениеттік сәйкестілікке қол жеткізуге жол ашып бере алмақшы. Махамбет бізге, ең алдымен, осы тұрғыдан аса қымбат. Себебі, оның өмір сїрген дәуірінде қазақ даласы отаршылдықтың аяусыз алқымдаған аймақтарының бірі болды. Оның есесіне, ол сол кездің өзінде кейін әлемдік ауқымдағы ең басты шешуші саяси процеске айалған ұлт-азаттық қозғалысының ең алғаш қанат жайған кеңістігіне айналды. Өткен ХХ ғасырда ғана дегеніне тїбегейлі жете бастаған бұл өміршең қозғалыстың іргелі көсемдері бола білген бірегей тұлғалары бірде сол былағай заманның өзінде ереуіл атқа ер сала білді. Олар кїллі адамзаттың ұранына айналған «Еркіндік, Азаттық, Бостандық, Теңдік, Тәуелсіздік» туын алдымен қолға ұстап, аспандата биік көтерді. Адамдарды қанау мен қорлауға, халықтарды өгейсіту мен кемсітуге, мәдениеттер мен дәстїрлерді басынуға, діндер мен тілдерге қол сұғып, елдік пен мемлекеттілікті аяқ асты етуге қарсы кїреске шықты.

Қазақ даласындағы азаттықшыл ақыл-ойдың бас сардарларының санатында айбынды ақын Махамбет те алдымен ауызға ілігеді. Оның жан-жїрегіңді тїгел баурап алатын өжет те өктем жырлары әлі кїнге жаныңды тебірентер бостандық дұғасындай пәрменді. Олар кїні кешеге дейін бізді елдікке, теңдікке, бостандыққа шақырып келсе, енді соларды мәңгілік баянды ететін бірлікке, өркениеттілікке, өрелілік пен рухани кемелдікке шақырады.

Бұл тарихи-ғұмырнамалық баянда Әбіш Кекілбайұлы қазақ елінің жағдайын Махамбет тұсында айқын көрсете білген. Ерекше тұлға, елі їшін, жері їшін аянбай еткен ерен еңбегі әлі кїнге әрбір қазақ жїрегінде сақталған. Қаламгер Махамбеттің өн бойына біткен ерекше қасиеттерін оның шығармалары арқылы да көруге болатындығын меңзейді. Еліміздің келешегі їшін әуел бастан «Тәуелсіздік, Теңдік пен Бостандық» сияқты арманды шынайы өмір көрінісіне айналдыруда өз кїшін аямады. Осы шығарма арқылы жазушы қазақ елінің таихынан сыр шертеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет