Кіріспе Зерттеу өзектілігі



бет1/3
Дата05.11.2016
өлшемі0,57 Mb.
#499
  1   2   3

Ф-ОБ-001/033

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алған жылдан бастап, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың билікке келуі тұсынан бастап елге елеулі, халыққа қалаулы жазушыларымыз бен ақындарымыз мемлекеттік билік жадына тартыла бастады. Сол азаматтардың арасында көрнекті қаламгер, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері, философ Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаевтың жұлдызы жарық көрінген болатын. Оның еңбектерінің барлығы дерлік ел мен жер, Отан тағдырына арналған. Әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тереңінен қарай отырып, ел болашағы мен көп ұлтты мемлекетіміздің әл-ауқаты оның жадынан тыс қалған емес. Осындай еліміздің біртуар ақыны, жазушы әрі саясаткер ел қалаулысының мемлекеттік және қоғамдық қызметімен, оның қаламгерлік шығармаларынан тысқары қалу қателік деп білемін.

Оның шығармаларымен танысу, мемлекеттік және қоғамдық қызметімен таныса отырып, Әбіш Кекілбайұлының біз білмейтұғын қырлары мен сырларының әлі де көп екендігін ұғамыз. Оның әрбір шығармасының мағынасы өте терең әрі оқырманның жанын баурап алардай екендігін ұғыну оңай. Әрбір жазған еңбегі мен әрбір атқарған қызметінің тиянақты болғандығы анық.

Әбіш Кекілбайұлы көптеген сыйлықтардың иегері және лауреаты. Тағайындалған сыйлықтары мен лауреат атақтары тек қазақ жерінде ғана емес, шетелдерде де ерекше құметпен тапсырылған болатын. Оны тек қазақ елі ғана емес, онымен қоса орыс, неміс, тїрік және т.б. елдерде сїйікті жазушы, көрнекті қаламгер әрі бірден-бір саясаткер деп таниды. Әбіш Кекілбайұлының мемлекеттік және қоғамдық-саяси белсенділігінің рөлі ерекше бағаланады.

Марапаттары:



  • «Қазақстан Республикасы бірінші Президентінің» ордені (2004 ж. желтоқсан) иегері;

  • «Құрмет белгісі» ордені иегері;

  • «Отан» ордені иегері;

  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері;

  • Абай атындағы Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

  • ҚР Президентінің бейбітшілік пен келісім сыйлығының лауреаты;

  • Немістің «Фольк унд Вельт» кітап баспасы сауалнама хаттамасында «ХІХ ғасырдың таңдамалы жазушылары» атақ иегері;

  • «Азия-Африка» жазушылары халықтар комитетінің мїшесі;

  • КСРО жазушылар Одағы алқасының, халықтар «Лотос» жазушылар сыйлығының қазылар алқасының, Мәскеудің «Художественная литература», «Дружба народов» баспасының редакциялық алқа мїшесі1.

Қазақстанның дамуы їшін әрқашанда өз еңбегін еш аямайтұғын Кекілбаев еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, ұлтаралық, дипломатиялық, халықаралық т.б. мәселелерінде белсенділік танытады. Тіл мәселесі де Кекілбайұлының жадынан ешқашан тысқары қалған емес. Қазақстанның даму жолын саралап, халық тағдырына жанашырлықпен қарап, азаттық жолында, ұлттық мїдде мен ұлттық сананың өрбуіне өз їлесін қосқан бірден-бір азамат.

Ел жағдайы ушығып тұрған сәтте дїниеге келген Әбіш Кекілбайұлының балалық шағы жан аярлықтай өтсе де ешқашан өз арман-мақсатынан алыс қалмаған. Әкесінен алыс болса да, анасының қолғабысы бола білді. Арманның асқарында өссе де сол арманның жїзеге асатынына сенімі мол болатын. Жастайынан елім деп, жерім деп соққан жас жїрегінің сыры тереңде еді. Туған жері Маңғыстау өңірі Кекілбайұлы їшін арманмен құралған, ерекше сипатқа ие болған сағымдай еді. Сол арманның жетегінде жїре отырып елдің әл-ауқатын өз шығармаларында әсерлей жеткізе білді.

Алғашында 1962 жылдары Қазақ Мемлекеттік Университетін жақсымен бітіріп, сол жылдан бастап «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» секілді ерекше сипатқа ие болған газет редакциясында әдеби қызметкер және бөлім меңгерушісі қызметімен жұмыс атқара бастайды. Бұдан кейінгі жылдары да өз жұмысын қоғам төрінен алады. Алайда әрбір атқарған қызметі ерекше сипатқа ие болатын. Қайда жїрмесін өз жадынан ел қамын бір сәтке болса да есінен шығармай, болып жатқан оқиғалардан бей-жәй жїрмеді.

Өз еңбегінің арқасында Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері сыйлығына иегер атанады. Өзінің сол кездердегі жазған еңбектері шетелдіктердің көңілін баурап алғандай.

1964-1968 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегия мїшесі қызметін атқарады. Бұл жылдары да Әбіш Кекілбайұлының шоқтығы әрқашан биікте көрінетін. 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редакторы болып қызмет жасайды. 1975-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі болып тағайындалады. Бұл жылдар атқарған жұмысы аз емес болатын. Ел ішіндегі ұлтаралық байланыстардың дұрыс жолға қойылуы, экономикалық және әлеуметтік мәселелер, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәселесі Әбіш Кекілбайұлын толғандырды. Осы салада көп еңбек ете отырып, елді дұрыс жолға, даму жолына салуда ұсыныстар жасаған болатын. 1984-1986 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары қызметін атқарады. 1986-1988 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1988-1990 жылдары Қазақ КСР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі президиумының төрағасы болып тағайындалады. Бұл жылдары Әбіш Кекілбайұлы көптеген тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайта жаңғыруына және олардың ерекше құметке ие болуына өз їлесін қосты. 1990 жылдан 1991 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарған болатын. 1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарады. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалады. 1996 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, 2002 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланады2. Осы жылдардың барлығында Әбіш Кекілбайұлының атқарған қызметі аз емес. Олардың барлығы дерлік мемлекет пен оның даму жолына арналған. Осы аралықта жарық көрген еңбектерінің өзі отансїйгіштік, ықпалдастақ пен тәуелсіздік тақырыптарына арналып жазылған.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Әбіш Кекібайұлының қоғамдық-саяси қызметі өте ауқымды, қоғамдық алатын орны өте ерекше. Кекілбаев өмірі мен мемелекеттік қызметтерін, атқарған және атқарып жатқан еңбектері ерекше құрметке ие. Бұл тұрғыда көптеген еліміздің және шет елдік азаматтардың бірнеше көлемді еңбектері жариялаған болатын. Мемлекет және қоғам қайраткері, философ, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті қаламгер, драматург, сыншы, Парламент Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаев өмірі, шығармашылығы мен қоғамдық қызметтеріне арналған Сұлтан Оразалиннің екі бөлімнен тұратын деректі фильмі 2007 жылдың 28 қарашасында жарық көрді.

Әбіш Кекілбайұлы шығармалары көптеген тақырыптарға арналған. Алғашқы шығармалары қазақ халқының қиын-қыстау кезеңдердегі әл-ауқаты жайында баяндалады. Тарихи тұрғыда да Әбіш шығармалары аз емес. Оның шығармалары әлемнің 14 тіліне аударылып, бірнеше мақалалар басылып шыққан болатын. Оның ішінде орыс тіліндегі, тїрік және неміс тілдеріндегі еңбектері жарық көрген. Тїркияда Әбіш Кекілбайұлы құрметіне арналған жеке пошталық марка қолданысқа енгізілген. Тек қазақ елінің ғана емес, бірнеше шетелдік мемлекеттердің де сїйікті қаламгері әрі қоғам қайраткері ретінде танылған Әбіш Кекілбайұлының қоғамымызда алар орны ерекше.



Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси қызметі еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бұрын алғашқы бастауын алған болатын. Одан бері келе еліміздің тәуелсіздігі мен оның тұрақты дамуымен, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығы тұсында Әбіш Кекілбайұлының қызметі ерекше көзге тїседі. Мемлекеттік даму тұрғысында, тұтастық пен ынтымақтастық және әділеттілік Әбіш Кекілбайұлының ұранына айналғандай.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:

  1. Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу;

  2. Әбіш Кекілбайұлы шығармаларына шолу жасау;

  3. Еліміздің тәуелсіздігіне дейінгі жылдардағы Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси қызметтерін қарастыру;

  4. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы Әбіш Кекілбайұлының саяси қызметтерімен танысу;

  5. Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси көзқарастарын білу;

  6. Қазақстан Республикасы және шетел көлеміндегі Әбіш Кекілбайұлының қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті қаламгер ретінде алатын орны мен деңгейінен мағлұматтар.

Ғылыми жаңалығы: Бұл ақырыпты зеттей келе, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, философ, жазушы, қаламгер, сыншы, драматург, қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі Әбіш Кекілбайұлының сегіз қырлы, бір сырлы бойындағы қасиеттерін оқып біліп, байқадым. Сондай-ақ Кекілбайұлының ерекше қасиетерінен басқа да, ерекшеліктерін білдім, атап айтқанда:

  1. Әбіш Кекілбайұлын халықаралық интеллектуалдық әлеумет бойынша әлемнің ең ойшыл 100 адамы санатында;

  2. Немістің «Фуль унд Вельт» баспасының дїниежїзіне танымал 200 їздік қаламгердің ең таңдаулы 50-нің қатарында;

  3. Әбіш Кекілбаев еңбектері тек қазақ тілінде ғана емес, әлемнің 14 тілінде жарық көріп, бірнеше мың данамен тараған;

  4. Егемендік алған жылдардан бері Әбіш Кекілбайұлы көптеген ғылыми-танымдық, зерттеу еңбектері жарық көрді;

  5. Саясат, мәдениет пен тарихтың өзекті мәселелерінен көптеген мақалалары жарыққа шықты;

  6. Қырғыз Республикасының қайраткері, неміс және тїрік ұлттарының көрнекті қаламгері;

  7. Әбіш Кекілбаев құрметіне арналған Тїркия Республикасының пошталық марка айналымы;

  8. Көптеген мемлекеттік сыйлықтардың иегері;

  9. Ақтау қаласындағы Әбіш Кекілбайұлына арналған мұражай;

  10. Кекілбаев еңбектері жан-жақты зерттеле келе, қоғам қайраткері ретінде және көрнекті қаламгер ретінде танылған саяси тұлға екендігі сараланып бір тұжырымға келтірілді.

Зерттеу объектісі: Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ойы, шығармашылығы мен қоғамдық қызметтері.

Зерттеудің құрылымы: Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси ой-пікірлері атты жұмыс екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен және кіріспе мен қорытындыдан тұрады.

І - тарау. Кеңес дәуіріндегі Әбіш Кекілбайдың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өмірі мен көзқарастары.
1.1. Әбіш Кекілбайдың азамат ретінде қалыптасуы және қоғамдық есеюі.
Қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі, қаламгер, философ, сыншы, драматург, мемелекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының қоғамымызда алар орны ерекше.

Адам баласы дїниеге келерде бәрі бірдей сияқты. Өсе келе әр тїрлі мінез – құлық бітеді. Ерен ақылды, туасы шешен, ойшыл, нағыз ақын, хас жазушы, азамат, қайраткер болу барлығына бұйырмайды. Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев 1939 жылдың 6 желтоқсанында Маңғыстау облысы, Оңды ауылының Мырзаайыр деп аталатын жерінде дїниеге келген. 360 әулиенің жері атанған бұл мекенде Әбіш Кекілбайұлы кіндік қаны тамғандықтан оны ерекше құрмет тұтады. Сол кездегі соғыс салдарынан ел тартқан көп қиындықтар Әбіш Кекілбайұлының жан дїниесіне ерекше із қалдырған еді. Әкесі Кекілбай екінші дїниежїзілік соғыста қаза болады. Анасы Айсәуле оның осы кїнге жетуіне бірден-бір себепші. Отбасында жағыз бала, екі әпкесімен сол жылдардың салқын ызғарымен өседі. Әкесінің орнын білдірмеуге тырысқан Әбіш анасының қолғабысы болды. Екі апкесінің бірі мектепке баратын, ал екіншісімен Әбіш їйде қалатын еді. Сол замандардағы кездескен көп қиындықтарды жеңе білген ол жас кезінен әдеби шығармаларға өте бейім болатын. Ең алғашқы «Екпінді егін сала ма?» атты көлемді мақаласы сол кездегі «Сталин жолы» газетінде жарық көрді. Мақаланың кемшіліктері жан-жақты талқылана отырып, бірнеше тармақтан тұратын қаулы қабылданған болатын. Ол қаулы ел көлемінде жїзеге асты. Мектеп қабырғасынан зерек өскен Әбіш Кекілбайұлының болашағы кемел еді. Маңғыстау облысы, Оңды ауылының Оңды мектебін тамамдап, университет қабырғасына аяқ басады. 1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін жақсымен бітіріп шығады. Университет табалдырығында оқуға, ізденіске өте құштар ол өз замандастары Мұхтар Мағауин, Төлек Тілеуханов сынды замандастарымен бірге жан-жақты ізденісте еді. 1960 жылдары елді қызықтыратын бірден-бір мәселе ел мәселесі болатын. Сол жылдары Әбіш Кекілбайұлы өз замандастарымен бірге ел тағдыры, жер тағдыры терең толғандыратын. Жасырын әдебиеттерді жиі оқу арқылы, тіл мен ел тарихын, есімдері ұмытылуға айналған ерекше тұлғаларды еске ала отырып ой бөлісу, өз замандастарымен бірге жабулы шындықты ұғынуға ерекше уақыт пен назарды аудару, сол мәселелер оларды бей-жай қалдырмағандығының көрінісі еді.

Қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі, қаламгер, мемелекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының мемлекеттік қызмет саласындағы орны ерекше. Алғаш рет өзінің қоғам қайраткері ретіндегі қызметін 1962 жылы бастаған болатын. Ол кездері «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» сияқты газеттердің әдеби қызметкері және бөлім меңгерушісі қызметінен бастайды. Осы жылдары өзінің жарық көрген бірнеше еңбектерінің барлығы дерлік ел, жер, Отан тағдырына байланысты өрбіді. Еңбектері мен мақалалары газет беттерінде жарық көрді. Замандастары әрі әріптестерінің арасында ерекше озығы саналатын. Сол кездердегі әріптестері Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Кәрібай Ахметбекұлы, Оразбек Сәрсенбай, Қалдарбек Найманбай, Кәдірбек Сегізбаев, Қуанышбай Құрманғалиевтер сынды елдің қалаулылары Әбіш Кекілбайұлын ерекше құрметпен айтатын. «Лениншіл жас» газетінің сол кездегі бас редакторы Шерхан Мұртазаның айтуынша: «Сол ортада жампоздай болып, Әбіш Кекілбайұлының тұлғасы ерекше тұрды. «Бұйдыраған екі шекелі», толқынды бұйра шашты, тұңғиық терең ойлы көз,- осы жігіт тым ерте есейген, жастайынан көсемдікке жаралғандай, қарттың даналығын бала жастан бойына жастанғандай, бай қазыналы етіп, тәңірім терезесін биік жаратқандай әсер қалдырар еді. Қазақ әдебиеті әлемінде Әбіш Кекілбайұлы їлкен биікке көтерілді. Әдебиетте өзгелер байқамаған, өзгелер айта алмаған сөзді айтты. Басқа ұлыс, ұлттардың намысын қорламастан, қазақ рухын асқақтатты. Бояуы көп, бай көркемдікті былай қойғанда, бұл жазушының азаматтық берік тұғырының айғағы»,- дейді3.

1962-1965 жылдары Әбіш Кекілбайұлы «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінің редакциясында әдебиет-өнер меңгерушісі болып қызмет атқарады. Жоғарғы оқу орнын жаңа аяқтаса да, ұшқыр ойлы, шеберлігімен жұмысын өте тиянақты атқара білді. Әбіш Кекілбайұлы ел тағдырынан, болып жатқан оқиғалар мен саясаттан ешқашан тыс қалған емес. Оның алғашқы «Ең бақытты кїн», «Тасбақаның шөбі» сияқты әңгімелерінен бастап, «Кїй», «Шыңырау», « Ханша дария хикаясы» повестері, «Аңыздың ақыры», «Елең-алаң», «Їркер» романдары, әсіресе туелсіздік жылдарында жазылған публицистикалық шығармалары, «Абылай хан» драмасы Әбіштің тұлпар шабысты жїйрік екенін, көркем сөздің нәзік құпияларын игерген зергер, оқушы көкірегіне ақылдың нұрын құятын ойшылдығын танытты4.

Одан кейінгі жылдары мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегия мїшесі қызметін атқарады. 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы қызметін атқарады. Бұдан бертін келе Әбіш Кекілбайұлы көп салаларда қызмет атқарды. Қазақ Комунистік Партиясы Орталық Комтитетінің мәдени бөлімінің нұсқаушысы және сектор меңгерушісі қызметін, Қазақстандық мәдениет министрлігінің орынбасары, Қазақстандық жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы. 1988-1990 жылдары тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы орталық кеңесі президентінің төрағасы қызметіне ұсынылады. Осы жылдары Әбіш Кекілбайұлы бірнеше жерлерге іс-сапармен аттып, тарихи ескерткіштерді қорғау мен тарихи жерлерді жаңғырту мәселелерінде ерекше жұмыстар жасай білді. Маңғыстау өңірінде болған іс-сапарында сол өңірдегі тарихи ескерткіштерге сипаттама бере отырып, олардың елеусіз қалдырылмайтындығы жөнінде баян еткен болатын. Тарихи-мәдени мұра саласында жїрген уақытында Әбіш Кекілбайұлы «Мирас» қорының ашылуынан бастап ерекше таихи мұраларға көз жігін тіге бастады. Оған қоса мұра тану мен мұра зерттеудегі сараңдық төңірегінде де өз ойын анық білдірген болатын. Өз мақсатын жїзеге асыруда Әбіш Кекілбайұлы сол жылдары «Білім» қоғамымен бірігіп, «Тарихи білімдер таратудың апталығын», Мәдениет қорымен бірігіп ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» программасы аумағында арнайы конференция, Архитекторлар одағымен бірігіп «Қала және табиғи-тарихи ая» халықаралық конференциясын, Қазақ телевидениесі, «Қазақфильм» киностудиясы арқылы аталмыш шараларға орайластырған ғылыми-көпшілік фильмдер шығару істерін жїзеге асырған болатын. Сол жылдары ежелгі Тараздың, Жамбыл облысындағы Ақтөбе су қоймасын, Сайрам зиярат орындарын қалпына келтіруге ат салысып, олардың қайта жаңғыруына бастау бола білді3. Мәдени-тарихи мұраларды зерттеуді қолға алған Әбіш Кекілбайұлы болашағы жарқын әрі баянды егеменді ел болатынымызға сенімі мол еді.

Тарихи мұраға қамқорлық жасау – тек өткенге ізет емес, ол ең алдымен болашақтың қамын ойлау. Әлеуметтік белсенділікті ауадай қажет ететін тұста Әбіш Кекілбайұлы бабаларымыздың, кїллі қоғамымыздың, тарихымыз бен халқымыздың рухани мерейіне қатысты көптеген іс-шараларды жїзге асыруға ат салысқан азамат5.

1988-1990 жылдары Қазақ КСР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі президиумының төрағасы. Бұл жылдарда жасаған еңбегі де ауыз тола айтарлықтай. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі ХІІ-Х және ІІІ мың жылдықтың 400-ге жуық ескерткіштерінің қазба жұмыстары арқылы Қазақстанда табылғандығы, Қаратау бойындағы, Арал маңындағы, Қараторғай жағалауындағы, Жезқазғандағы, Алтайдағы Усть-Нарым, Кіші Краснояр, Батыс Қазақстандағы Ырғыз, Қарақұм т.б. ескерткіштері ежелгі заманның бет-бейнесінің көзін ашуда еңбек етті.

«Мәдениетті адам мәдениетті алаламайды, бағалайды, өзгенікі, өзімдікі деп бөлмей, біреуін қолдап, біреуін қорламайды, бәріміздікі деп бәрін де бірдей бағалап, бірдей қорғайды. Қайсысының да тарихы мен сыр-сымбатына жіті їңіліп, терең тїсінуге тырысады. Мәдени плюрализм осылайша орнығады. Ондай өрелі рухани қызметін жақыннан бастап алысқа, өткеннен бастап ертеңге қарай жалғастырады. Өткендегіні бїгінгінің, бїгінгіні – ертеңгінің мұрасы деп біледі. Мұра – ол тек тарихи ескерткіштердің жиынтығы емес, ол адамдардың дәйім кїрделі, дәйім белсенді әрекеттерінің барлық жемісі мен нәтижесі, жеңісі мен тағылымы».

1990 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы ОК бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарады. Халқымыздың өзегін өртеген тіл мәселесі бойынша Әбіш Кекілбайұлы көптеген жиындарға қатыса отарып, қазақ тіліне деген мәселенің шешілуінде өз кїшін аямады.

Ең басты мәселе – ынтымақ төңірегінде қаншама рет әңгіме өрбітті. Өйткені, сол кездегі ел мїддесі тек көптің кїшімен ғана жїзеге асатын шаруа еді. Ал көпті кім-кімнің де көңілінен шыға алатындай жөн пиғыл, жїйелі жосық қана ортақ іске жұмылдыра алады. Барлық нәрсенің болмасын әуел басы татулық пен ынтымақ екендігін ортаға салатын. Көп ұлтты мемлекет өз өрмегін құрайтын әр тіннің бояуының, қанық арқауының ширақ болғанына мейлінше қам жемесе, өзі де ойдағыдай өркендей алмайтыны анық болатындығын атап өткен болатын. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам орнатуға бел байлаған елдің одақтық парламенттің де алдымен қолға алып, алдымен жїзеге асыруы тиіс ең басты парыздарының бірі. Ол їшін азаматтық қоғамға азаматтық қорғаныс керек екендігін де жасырмайтын. Ұлтаралық мәселелердің алдын алу їшін ең алдымен сол ұлттар арасындағы келіспеушіліктерді, әділетсіздікке әкелетін, жарасымды қарым-қатынасты їзетұғын оқиғалардың алдын алу керектігін атап өткен еді. Сол кездегі қазақ тілінің толғандырып отырған мәселесінен де алшақ қалмады.

Ұлтаралық қатынаста тек экономикалық жарасымдылықты алға тартқан болатын. Сонымен бірге Қазақстанның экономикалық ахуалы мен тілдің пайдаланылуы, рухани мїдделерді қанағаттандыру мен мемлекеттік шаруашылықты басқаруда әділетті өкілеттілікті конституциялық реттілікке көшірудің мәні зор екендігін атап өткен болатын. Көп ұлтты республика жағдайында экономиканы жаңғырту мен ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ету керектігі, жерге меншік, өзін қаржыландыру, өзін-өзі қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару, кәсіпорындар дербестігі жайындағы мәселелерді талқыға сала отырып, оның дұрыс жолдарын табуға ат салысты. Әбіш Кекілбаев экономика және әлеуметтік мәселелер төңірегінде көптеген мәселелердің шешімін табуда өз еңбегін еш аямаған болатын6.
1.2. Әбіш Кекілбай шығармаларындағы қоғамның әлеуметтік, мәдени-рухани өмірінің бейнеленуі.
Әбіш Кекілбайұлының шығармаларының негізгі арнауы – белгілі тарихи жағдай мен оған тап болған жеке адам, олардың бір-біріне тигізетін ықпалы, соларға берілетін бїгінгі кїннің бағасы. Кекілбайұлының көркемдік тїрлілігінің қуаты мен қасиеті ежелгі аңыздар мен әңгімелерді бїгінгі кїннің елегінен өткізе отырып, тарихи-философиялық тұрғыдан екшей алуына, сол әңгімелерден кїллі адам баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып, өткен кїндер шындығына бїгінгі кїннің жарық сәулесін тїсіретіндігінде. Кекілбайұлы көтерген тақырыптың бірі - әділеттілік пен сїйіспеншілікке, адамшылық пен қайырымдылыққа қарым-қатынасты суреттейтін, көпшілікті өлшеусіз қайғы-қасіретке, алапат ойран-сұмдықтарға бастайтын шегі – шеті жоқ билік пен қара басының қамын кїтпеген билік иесінің ештен кеш болса да райынан қайтуы. Ол шығармашылық пен қоғамдық өмір тыныс-тіршілігін жіктеген емес.

Әбіш Кекілбаев егеменді еліміздің барлық саяси өмірі мен қоғамдық тыныс-тіршілігінің ыстық-суығын бастан аяқ атқарысып келе жатқан айтулы азамат. Сондықтан да оның публицистикасында тәуелсіздік тақырыбының көрінуі заңды. Әбіш Кекілбай сезімнің емес, терең ойдың, ақыл-парасаттың иесі болғандықтан, оның шығармашылығында тәуелсіздіктің, қоғам өмірінің, егемендіктің көрінуі-заңды әрі керек те.

Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған їгіт-насихаттық сипат береді. Бұл, қоғам өмірі їшін маңызды мәселелерді талқылау. Публицистикалық стильде қоғамдық-саяси мәселе әр сипатта қарастырылады. Осы тұрғыда Әбіш Кекілбайұлы шығармашылығы қазіргі қазақ публицистикасындағы тілдік категориялар мен нормалардың қолданыс табуын қазақ публицистері қатарында орны ерекше.

Тұтас бір халықтың тарихы мен тағдыры, заман келбеті, саяси, әлеуметтік жағдай, алапат қырған соғыстар, әдет-ғұрып, салт-сана, тақ таласы мен бақ таласы, қызғаныш пен кїндестік, бірлік пен дїрдараздық, достық пен жауластық, сан тїрлі, сан мінезді қаптаған кейіпкер Кекілбаев шығармаларынан ерекше орын алған. Ұлттық мїдде мен азаттық, халық тағдырына байланысты ұлы идеяларды негізінен тарихи жағдай, уақыт ұсынады. Оның кейде сол халықтың өрлігіне, ерлігіне, намысқойлық қасиеттерін де суреттей білген.

Жазушы шығармаларының мазмұны мен мақсаты жағынан екі топқа топтауға болады: бірі-көркем әдебиет їлгісінде жазылған өлеңдері, тарихи роман, повестері; екіншісі-қоғамды жаңартудың саяси-мәдени мәселелері жайында сөйлеген сөздері, әр тїрлі басылымдарда жарияланған мақалалары, халықтың рухани мұрасы құрмет сезімін қалыптастыратын көркем публицистикалық шығармалары.

Әбіш Кекілбай тілі-аса көркем, публицистикалық жанрлар стилі аясына сыймай, газет тілі заңдылықтары шеңберінен шығып, кейбір ресми қасаңдықты сырып тастайтын тіл. Жалпы, қазақ тіл білімінде қоғамдық лексиканың негізі болып табылатын мемлекет қайраткерлері тілі осы кезге дейін арнайы, жан-жақты зерттелген емес.

Кекілбаев әлеуметтік-экономикалық тақырыпта айрықша қалам тартқан азамат. Сондықтан да оның тілдік құралдарды пайдалануына қоғам дамуындағы құбылыстар ерекше әсер етіп отырған. Публицистің қайсыбір шығармасы да әділет пен шынайылықты ту ете отырып, қоғамдық өмірдің әрбір қырын кеңінен қозғай жазуға негізделгендігі байқалады. Сол шығармалары арқылы оның тілдік ерекшеліктерінің өзіндік сипаттары айқындалады. Оны тек туындыгер көсем сөздерін мұқият оқып, зер сала қараған адам ғана байқай алады.

Әбіш Кекілбайұлының шығармаларының негізгі тақырыптары мемлекет, оның құрылымы мен тәуелсіздігіне арналған. Қоғамның саяси-мәдени салаларында елеулі өзгерістер еніп, мемлекетіміз іргелі ел болып қалыптасқан тұсында ұлттық мәдеиетіміздің, дїниетанымымыздың дамуында әдеби дәстїрлер өз септігін тигізді. Ұлтымыздың егемендікке қол жеткізіп, көгімізде халқымыздың көк байрағы желбіреуіне ат салысқан зиялылармен бірге, бїгінгі заман келбетіне келелі қоғамдық қызметімен танымал тұлға, қазақ халқының ұлы ойшыл жазушысы, мәдениет және қоғам қайраткері - Әбіш Кекілбайұлының рухани өміріміз бен тарихымыздан алар орны ерекше.

Әбіш Кекілбаев шығармашылығымен, әлеуметтік қызметімен таныса отырып, талдау жасау барысында сезімдік қабылдауымызда ол туралы їлкен ойшыл, мемлекет және қоғам қайраткері, тума талант, терең таным иесі, ақын, халық жазушысы, сыншы, драматург, сөз зергері, аудармашы деген ұғымдар легі қалыптасады. Оның дїниетанымында қамтылған мәселелерді қарастыру арқылы: қоғамдық-саяси көзқарастар эволюциясы, қоғамдық сананың қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері, шығыс мәдениеті, сана және тіл, ұлттық болмыс, адамгершілік, гуманизм және т.б. їлкен әлеуметтік-философиялық мәні бар халқымыздың көкейкесті мәселелерінен хабардар боламыз. Сондай-ақ, оның қаламынан туған шығармаларындағы қоғамдық-саяси және философиялық ой толғаныстары халқымыздың діліне, мәдениетіне, әдебиетіне ықпал деңгейінің кїштілігімен көзге тїседі.

«Абылай хан» атты драмалық дастанында қаламгер болмысының жаңа бір қырынан танылуы деуге болады. Онда басқа да бірқатар өлеңдерінде кездесетін философиялық тұжырымдар мен диалектикалық категориялардың ғылыми тағылымдылығын, құндылығын дїниетанымымызға қосқан їлес деп білеміз. Ұлттық мїдде, азаттық пен еркіндік идеясы, қоғам мен адам арасындағы қарым-қатнастар, адамның қоғамдағы алатын орны, тарихи процестер ұлы ойшылдың туындылары мен ой толғаныстарының арқауы.

Әбіш Кекілбаев «Їркер» (1981ж), «Елең-алаң» (1984ж) сияқты шығармаларында тұтас бір кезеңнің саяси мәдениеттік бейнесін, халқымыздың жан сақтау, аман сау болу идеясын, саяси мұраттарын тұтас ұлт алдында «болу немесе болмау» мәселесі тұрғанын қарастырған. Осы романдарында жоңғар шапқыншыларына қарсы азаттық кїресінің қолбасшыларының бірегейі әйгілі «Аңырақай» шайқасының бас сардары, халқымыздың Ресеймен бірігуі арқылы ел-жұртымыздың өміршеңдігі мен тұтастығы жолындағы елеулі іс-әрекеті мен танымал тарихи ірі бейне Әбілхайыр ханның тұлғалық болмысын, образын сомдау қаламгердің рухани дїниемізге қосқан қомақты їлесі деп тїсінуге болады. Тарихи кезеңнің тұтас болмысын қоршаған ортаның қоғамды материалды және идеалды дїниелерді субъектінің, жеке адамның жан дїниесі мен санасы арқылы бейнелеуі ғұламаның дїниетанымының тереңдігінің белгісі. Сондай-ақ, «Аңыздың ақыры» (1971ж) деген романында өткен кезеңіміз бен тїрліше дәуірлердегі аса шеберлікпен суреттелген. Бұл шығармадағы өміршінің мінез-құлық білімін тїбегейлі суреттеу ұлттық психологиялық ойлылық пен парасаттылық тәрізді қасиеттерді бейнелеп, дала даналығының данышпандығын ұсынады. Сонымен бірге «Тасбақаның шөбі», «Көлденең көк атты» әңгімелері мен «Кїй», «Ханша дария хикаясы», «Шыңырау», «Бәсеке», «Бәйгеторы», «Бір шоқ жиде» атты повестерінде адам өмірінің әлеуметтік болмысын, өткен мен бїгіннің және болашақтың маңызды мәселелерін, адам психологиясының алуан иірімдерін, мұрат-мїддесін, салт-дәстїрін нанымды қозғай білген. Ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан моральдық бейнесі аты аңызға айналған батырларымыздың ерлігі, сөз зергері билеріміздің ғұмырнамалық тұжырымдары ойшылдың шығармаларында әфсаналық желілерімен байланысып, өмір шындығының өз їйлесімін тауып жататындығын аңғаруға болады.

Философ-жазушы болмыс мәселесін, табиғат жаратылысын, адам санасына тәуелсіз объективті дїниелердің өмір сїруін, адамдардың әлемдегі тіршілігін және олардың қоршаған ортаға әсер ету белсенділігін, ықпал жасауға қабілеттілігін өз шығармаларында шебер пайдаланған. Яғни, ол субъект пен объект арақатынасы адам және әлем, индивид және қоғам оның өмір сїру қағидалары, ұлттық болмыс туралы толғаныстар жалпы адамзаттық құндылықтарды сақтау мәселелері, дәстїр сабақтастығын өз шығармаларында жан-жақты қамтылған.

Әбіш Кекілбеавтың «Сайранқұмарлық санаға тїсу» деген қоғамдық ой-толғанысқа толы мақаласында «Өнер қашанда әлеуметтік зұлымдыққа емес, әлеуметтік ізгілікке қызмет ету арқылы өседі. Біз көркем шығармалы мақсат деп осыны ұғамыз. Ұлы мұраттарды тек талантты шығармалар ғана қорғай алады... Рухани бедерсіздік саяси тәуелсіздікті де тәрк етеді. Тойған тоғышарлыққа халықтың, адамның азаттығы емес, нәпсісінің азаттығы керек.

Ал, тәуелсіздік шекарасын өрелі азаматтық сана мен биік рухани мәдениет қана айна қатесіз анықтай алады»,-деп тұжырым жасауы соның айғағы1.

Әбіш Кекілбай тәуелсіздік туралы салмақты, салиқалы ойлары да аз емес. Бїгінгі публицистикаға қойылатын талап-шығарма қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы шарт. Жалпы, публицистикалық стильде қоғамдық-саяси мәселе әр сипатта қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда Әбіш Кекілбай шығармашылығы қазіргі қазақ публицистикасындағы тілдік категориялар мен нормалардың қолданыс табуын нақтылай зетрттеп, қарастыратын нысан болатындығы анық. Өйткені қазіргі қазақ публицистері шоғырында Ә.Кекілбайдың дара қолтаңбасы, тілдік-стильдік ерекшеліктері айрықша байқалады.

Оның «Бір шөкім бұлт» (1960ж), «Дала балладалары» жинағында, «Кїй», «Бәсеке», «Ханша-дария хикаясы», «Шыңырау» (1967ж), «Бәйгеторы» атты тарихи хикаялар автордың ел өмірі мен халық тағдырына тарих көшінің алуан-алуан тереңінен зер салуға, көп жәйттерді салыстыруға, тїсінікпен қарауға солардың әр алуан әлеуметтік-қоғамдық шындықтарына көз жеткізуге, соның қатпар-қатпар қыртыстарындағы небір ащы да, небір жасампаз да жақтарынан мейлінше сіңімді тағылымдар алуға баршамыздың назарымызды аударады. Әбіш Кекілбаевтың екі романында «Їркер», «Елең-алаң» тарихилық сипат басым. Ол халықтар тарихының даму бағытына әлеуметтік өзгерістер негізінде қарайды. Адамдардың қай дәуірде болса да їмітті болашақтан кїткенін, өзара қарым-қатынасқа, материалдық және рухани байланысқа ұмтылғанын ол жақсы тїсінеді.

Қоғамымыз қайшылықты даму барысында тәуелсіздікке қол жеткізіп, қоғамның саяси-мәдени салаларына елеулі өзгерістер еніп, мемлекетіміз іргелі ел болып қалыптасуда. Ұлттық мәдениетіміздің, дїниетанымымыздың дамуына, ұлттық болмысымыздың рухани мұрасының сақталуына әдеби дәстїрлер де өз септігін тигізуде. Ұлтымыздың егемендікке қол жеткізіп, көгімізде халқымыздың көк байрағы желбіреуіне ат салысқан зиялылармен бірге, бїгінгі заман келбетінде келелі қоғамдық қызметімен танымал тұлға, қазақ халқының ұлы ойшыл жазушысы, мәдениет және қоғам қайраткері - Әбіш Кекілбаевтың рухани өмірімізден, тарихымыздан алар орны ерекше.

Оның шығармашылығымен, әлеуметтік қызметімен таныса отырып, талдау жасау барысында сезімдік қабылдауымызда ол туралы їлкен ойшыл, мемлекет және қоғам қайраткері, тума талант, терең таным иесі, ақын, халық жазушысы, сыншы, драматург, сөз зергері, аудармашы деген ұғымдар легі тізіліп қалыптасады. Кемеңгер ойшылдың туындыларының тек әдеби, тілдік зерттеулерден ғана көрініс тауып, философиялық талдауға жїйелі ұшырамауы, ондағы мәселелердің көлемділігі, кїрделілігі арнайы зерттеуді қажет етеді. Оның дїниетанымында қамтылған мәселелерді қарастыру арқылы: қоғамдық-саяси көзқарастыр эволюциясы, қоғамдық сананың қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері, шығыс мәдениеті, сана және тіл, ұлттық болмыс, адамгершілік, гуманизм және т.б. їлкен әлеуметтік философиялық мәні бар халқымыздың көкейкесті мәселелерінен хабардар боламыз. Содай-ақ, оның қаламынан туған шығармаларындағы қоғамдық-саяси және философиялық ой толғаныстары халқымыздың діліне, мәдениетіне, әдебиетіне ықпал деңгейінің кїштілігімен көзге тїседі. Бұл ретте оның прозалық шығармаларының алатын орны бір төбе. Жазушының «Бір шөкім бұлт» (1965), «Дала балладалары» (1966), «Дәуірмен бетпе-бет» (1972), «Тыру-тыру тырналар» (1974), «Бір уыс топырақ» (1974), «Шыңырау» (1982) атты шығармаларынан шығыстың ойлау ерекшеліктері көрініс тауып, ежелгі ұлттық әсемдік дәстїр мен қазіргі парасат їрдісі ұштасып біріктірілген сипаты танылады. Бұл шығармаларында ұлы әлеуметтік идеялар халқымыздың тұрмыс-салты, арман-мұраты философиялық және психологиялық тұрғыдан терең суреттеліп, көрсетілген. Бұған алғашқы жарық көрген «Алтын шуақ» (1962) пен «Дїние ғапыл» (1999) атты шығармаларындағы көтерілген мәселелер дәлел.

«Дїние ғапыл» атты еңбегінде өлеңдер мен тағылымдық мәні зор «Абылай хан» (1999) атты драмалық дастанында қаламгер болмысының жаңа бір қырынан танылуы деп бағамдауға болады. «Абылай хан» дастанында және бірқатар басқа да өлеңдерінде кездесетін философиялық тұжырымдар мен диалектикалық категориялардың ғылыми тағылымдылығын, құндылығын дїниетанымымызға қосқан зор їлес деп ұғынған орынды. Сондықтан олар ғылыми-философиялық талдау жасауға молынан тұрарлық дїниелер. Ұлттық мїдде, азаттық пен еркіндік идеясы, қоғам мен адам орны, тарихи процестер ұлы ойшылдың туындылары мен ой толғаныстарының арқауы.

«Аңыздың ақыры» (1982) романында да өткен кезеңіміз бен тїрліше дәуірлердегі әлеуметтік құрылым халқымыздың мәдениеті мен рухани дїниесі аса шеберлікпен суреттелген. Бұл шығармадағы өміршінің мінез-құлық білімін тїбегейлі суреттеу ұлттық психологиядағы ойлылық пен парасаттылық тәрізді қасиеттерді бейнелеп, дала даналығының данышпандығын ұсынады. Автордың бұл және басқа туындыларында халықтық дїниетанымның көрініс беруі ғасырлар қорларының дәуірлік сипатын елестетіп, рухани мұраларының кїрделілігі мен құндылығын, құрылымдарының жїйелілігін елестетеді. Оның шығармаларының мазмұнынан жеке тұлғалардың психологиялық жан кїйзелісін шебер бейнелеуінен руханилық пен материалдылықты, жан мен тәнді, мәңгілік пен өткіншілікті, болмыс пен болмауды, траги-философиялық толғаныс пен дїниенің сыры туралы ой кешу дәрежесін көрсетеді.

«Аңыздың ақыры» алғаш рет «Махамбет мұнарасы» деген атпен жарияланған болатын. «Мені тарихи тақырыпқа итермелейтін оқиға емес, адам да емес, бағзыдан бері шешімін таппай келе жатқан өзекті әлеуметтік проблема»-дей келіп, ол «Дала балладалары» аты шоғырлы повестері мен «Аңыздың ақыры» романында сол заманғы психологиялық жеке адам бейнесіне аса назар аударды. «Їркер» романы алғаш 1981 жылы «Жазушы» баспасында жеке кітап болып шығарылып, 1991 жылы «Жалын» баспасынан «Плеяды – созвездие надежды» деген атпен орыс тілінде басылды. Бұл – төрт бөлімнен тұратын тарихи роман.

Қазақстанның Ресейге қосылуын көркем бейнелейтін бұл екі романда «Елең-алаң» мен «Їркердің» заңды жалғасы болып отыр. Ондағы кейіпкерлер де, оқиға да ортақ. Романның бас кейіпкері - Әбілхайыр. Жазушы Әбілхайырды қол бастаған батыр, ел басқарған билеуші, халыққа, оның мїддесіне жақын жан ретінде көрсетуге тырысқан. Роман кіші жїздің ханы Әбілхайырдың Ресейге жіберген елшілерін кїтуінен басталады. Автор шегініс жасау нәтижесінде Әбілхайырдың монологімен көп сырды аша білген. Патшаға елші жіберу оған да оңай болмады. Кейіпкердің ішкі монологі арқылы автор қазақтардың ел болу, бірігу жолындағы ізденістерін шолады. Көлтөбедегі, Сарам мен Мәртөбедегі бас қосуларды еске алады, ол бір қазақ халқының мамыражай кїйі сияқты еді. Тәуке жіберген елшілікті Гагрин: «Сібір губерниясынан қазақ ордасына шапқыншылық болмайды. Қол астындағыларға сіздермен тату-тәтті тұруға бұйрық берем»,2-деп шығарып салып еді. Ол кезде Әбілхайыр жас сұлтан болатын. Тәуке қайтыс болған соң жағдай өзгереді, қазақ жеріне көз салушылар көбейеді. Оған қарсы Болатхан әрекет ете алмайды. Әбілхайыр қазақтың басына тїскен осы қиыншылықтар жөнінде ойланады. Жазушы осы ұзақ монолог арқылы Әбілхайыр бойындағы билік құмарлықтың да ояна бастағанын көрсете білген.

Әбілхайырды хан көтерген соң оның алдында қазақтың болашағы туралы шешім қабылдау міндеті тұрды. Жоңғарды жеңсең, ар жағында құжынаған қытай тұр. Ендеше, қазақ «ары тартса арба, бері тартса өгіз өлетіндігінің» кебін киіп тұрғанда не шешім жасаса да асықпау керек. Сол жолда ол Ақназар, Тәуекел, Тәуке, Қайыптардың да көкірегінде жїрген азулы империяға бодан болу жайлы ойларға да иек артады. Ендеше, Әбілхайыр тыңнан жол тауып отырған жоқ еді. Ол қазақты сан рет толғандырған ойға «тәуекел» деп бел буады. Жоңғардың шабуылынан шаршаған қазақты аман алып қалу їшін Әбілхайырдың орысқа елші жіберуінің себебін жазушы тарихи шындық негізінде ашқан.

Тәуке ханның тұсында оның кеңесшілері – қазақтың әйгілі їш биі – Төле, Қазыбек, Әйтеке болса, Әбілхайырдың кеңесшілері – Бөкенбай, Есет секілді қазақ їшін жанын да арын да қия білетін халық ұлдары, ержїрек батырлары. Әбілхайырдың да қол бастаған батыр, соғыс техникасын терең меңгерген айлакер болғанын автор Сұғындық асуындағы жоңғарлармен болған соғыста жеткізе суреттеген. Ол хан болғаннан кейін де «бетегеден биік, жусаннан аласа» бола тїседі. Себебі, «Әбілхайыр кімнің арқасында кім болғанын білмей жїр. Одыраңдаған оншақты батыры болмаса, шіркіннің шама-шарқын көрер едік»3,-деген сөздерді естіп жїреді. Сондықтан да ол алдымен батырлардың көңілін табуға тырысады. «Алаш» ұрандарының туын ұстаған Бөкенбайға ол еш жерде қарсы келген емес, керісінше, ол басшы да, қосшы да секілді. Ал, Тайлан секілді қарадан болуы – хан, сұлтан болса да қарапайымдылығының белгісі. Әбілхайырдың қарапайымдылығын ашу їшін олардың танысқандарын бергі өміріне шолу жасалады. Ескінің көзіндей болған Мәті ақсақалды сұлтанның іздеп барып, тїсін жорытуы да қазақтың болашағына жасалған болжам. «Заманына қарай амалы» дегенде Мәті ел бастаған ердің тїлкідей айлакер болуын мегзесе, ол - Әбілхайырға берген ақыл-кеңесі сияқты. Елшілер келгеннен кейінгі елші мен ханның, хан мен би-сұлтандардың бірін-бірі аңдып арбасуы да бїкіл қазақ атынан елші жіберген Әбілхайырға Кіші жїздің ішіндегі ауыз бірлігін сақтау да оңай болмағандығының көрінісі. Ол осы тұста Бөкенбай сынды батырларды пайдаланады.

Жазушы ханды хан еткен қара халық болса, ханға халық алдында есеп беріп, тізе бїктіріп отыруды да ұмытпайды. Орыстың елшісін қараламақ болып жапқан жалаға Әбілхайырдың өз басы тірлігуі – осының айғағы. Құмға шөге отырған Әбілхайырдың мїшкіл халі – оның халық алдындағы дәрменсіздігі. Хан сайлаған халық оны асауға байлап өлтіруге әзір. Осы оқиға арқылы біріншіден, халықтың, көптің кїштілігі, екіншіден, Әбілхайыр мен Тайланның арасындағы достық жарқын бейнеленген.

Роман қаршадай Ералының елшілікке аттануымен аяқталады. «Жол шыққанда Їркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы еді! «Їміт артсаң їркерге қара!» деуші еді ғой»,- деп романды аяқтаған автор олардың алдынан їркердің тууын жақсылыққа жориды. Їркер – жарқыраған шоқ жұлдыз болса, елшілікке аттандырғандардың сол ісі қазақты адастырмайтынын аңдатады. Осыған дейін бірде қалмақ, бірде башқұрт, бірде жоңғарға їрке қараған қазақтың қарсы алдынан туған їміт отын автор осылай мегзеген. Романның негізгі идеясы да осы.

«Заманың тїлкі болса – тазы боп шал» дегендей, тїлкі заманда айлалы да ойлы болу їшін керек дегені. Жазушы бұл қасиеттердің бәрін де Әбілқайырдың бойына тани білген.

Таң ата, елең-алаң шақта көрген тїс рас болады. Төңірек жарық бола қоймаған алакеуім шақ. Қазақ пен орыс арасындағы шарт жасалғанмен, оның болашағы бұлыңғыр, анық емес дегенге мегзейді. Әбілқайыр їшін жұмбақ болған сол бір шақ – қазақ їшін де көп нәрсенің жұмбақ екенінің айғағы. Атып келе жатқан таң – қазақ алдынан туар кїннің жарқын боларының белгісі. Романның негізгі идеясы осыған саяды.

«Їркер» де, «Елең-алаң» да реализмі бай шығармалар. Жазушы өмірде болған адамдарды, тарихта болған оқиғаларды екшеп алуға тырысқан. Оның көп ізденгендігі әрбір оқиғаны бїге-шїгесіне дейін тәптіштеп суреттеуінен көрінеді.

Шығарма қазақ халқының басынан өткен ХЇІІІ ғасырдағы тарихи оқиғаны белгілі тұрғыда саясаттандыра суреттейді. Оқиғалардың Әбілқайыр, Тевкелев көзімен суреттелуі олардың саяси көзқарастарын да ашады. Сондықтан да оны - тарихи әр қырынан зерделеп зерттеген саяси роман деуге болады. Автор қазақ халқы өз еркімен орысқа бодан болды деген ұстанымға сїйеніп, оның әлеуметтік, экономикалық, саяси сан қырлы астарын ашуға тырысады.

Әбіш Кекілбаев драматургия жанрында да біршама їлес қосты. Оның әлем әдебиетімен тәржімалаған драмалық туындылары қазақ театрларында ана тілінде сөйлеп, көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Қазақтың М.Әуезов атындағы Ұлттық академиялық драма театрында және басқа да театрларда Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», «Кориолан», «Король Лир», Валехо Антонио Буэроның «Бїгін мейрам, бїгін той», А.Чеховтың «Ваня ағай» және Макс Фриштің «Ғылым қуған Дон Жуан» сынды драмалық туындылар репертуардан берік орын алса, жазушының «Абылай хан» атты халықтық-қаћармандық сахналық дастаны еліміз тәуелсіздік алған тұста жасалды. Туынды 1998 жылы Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Әбіш Кекілбаев прозалық шығармаларында қазақ халқының ғасырлар бойы арман етіп аңсаған рухани тәуеліздігін негізгі мәселе етіп көтерсе, сол асыл армандарды енді сахнаға да алып келді. Шығарма жөнінде өнер сїйер қауымды елең еткізер пікірлер де айтылды4.

Пьеса їш бөлімнен тұрады. Бірінші көріністе тарихтан өзімізге мәлім Сабалақ атымен жїрген жас Абылаймен кездесеміз. Ұрыс майданында жоңғар ханы Қалдан Шереннің батыр ұлы Шарышты өлтіріп, батырлығымен танылды.

Екінші көріністен аң аулап жїріп, қапияда кез болған ойраттардың тұтқынына тїскен батырдың жан арпалысына кездесеміз. Батырға көмекке келетін сұлу Кїлпаш оған көңілі кетіп, олардан Әмір Сана туады. Абылай зынданнан өзінің шешендігімен, тапқырлығымен құтылады. Драматург осы тұста сөз құдыретін таныта білген. Баласын өлтірген батырға бостандықты бергізген де сөз құдіреті. Бірін-бірі аңдыған екі батырды бәтуаға, сыйластыққа алып келу – драматург шеберлігі.

Їшінші көріністе оқиға шиыршық ата тїседі. Бұл көріністе қазақтың өз ішіндегі бітпес дауға кездесеміз. Қазақ шонжарлары қалмақ шапқыншылығынан қорқып, Әмір Сананы қайтаруды талап етеді. «Еркек тоқты құрбандық» деп тїсінген хан баласын Ресейге өткізіп жіберуге мәжбїр болды. Автор Абылай ханның тїйдек-тїйдек ойлары арқылы көпке ой сала біледі: «Сыртта – лаң, іште – жылан. Шытырман да шырғалаң. Алға тартсаң – алдыңнан, қияға тартсаң – етегіңнен. Жармасып жатқан жау өңшең». Бір жағынан орысы, бір жағынан жоңғары мен қытайы қысқанда да сол қазақтың өз ішінің дау-жанжалы біткен бе? Осындай сан сауалға жауап іздеген Абылай ханның тїйінді шешімін:

Азаттықтың қамы їшін,

Болашықтың бағы їшін,

Ұлы жорық бастаймын,

Айналайын әлеумет!5 - дегенінен көруге болады. Пьесадағы Абылайдың ақылшысы әрі кеңесшісі болған Бұхар жыраудың бейнесі – Көмей әулие. Ол – ханға қашанда өктем сөйлеп, ақыл-кеңес беруден жалықпаған дана қарт. Әбіш Кекілбаев бұл пьесада қазақтың кешегісі арқылы бїгінін меңзейді. Ол Абылайдың аузына ел басының сөзін салса, жоғарыдағы мысалдар қазақты ел болуға шақырғаны даусыз. Пьесадағы толғаулы ойлар, асылдай сөздер – драматургтың қол жеткізген табысы. Бұл пьеса Кекілбаев шығармашылығының шарықтау биігін танытар туынды.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбіш Кекілбаев – қазақ әдебиетінде поэзия, проза, дрматургия, сын, публицистика, аударма жанрларында бір кісідей їлес қосқан қырымды қаламгер. Оның поэзия жанрындағы алғашқы ізденістерінен батап, соңғы жылдары жазылған сыршыл лирикасы, әңгіме, повестері, романдары қазақтардың кешегі, бїгінгі өмірі жайында терең сыр шертеді. Оларда жасалған тарихи тұлғалар мен біздің замандастарымыздың толымды бейнесі оқырмандар тарапынан їлкен қызығушылық танытуда. Оның тілінің құмға да, тасқа да тіл бітірген образдылығы, елі мен жерін сїйген отаншыл азаматтың бїкіл шығармашылығының қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігін негізгі идея етіп ұсынуы да қолдау табуда.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет