Сара Алпысқызы Назарбаева – Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы

Сара Алпысқызы Назарбаева(Қонақаева) 1941 жылы , ақпанның 12 жұлдызында дүниеге келген.Ол Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылында өмір есігін ашқан.

Сара Алпысқызы Назарбаева “Бөбек” балалар қорының президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И.Дограмачи атындағы халықаралық сыйлығының, “Юнити” халықаралық сыйлығының иегері . “Бөбек”балалар қорының тұңғыш Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева ізгілік пен мейірімділік шартын сақтап өмір кешіп жүрген,жанның жылуын қорғансыз, жаутаң жандарға төгуден жалықпайтын , туған елінің арда қасиеттерін бойына сіңірген ғажайып әйел.

Бүгінгі күні Сара Алпысқызы Назарбаева түркі тілдес мемлекеттер әйелдерінің ел таныған көшбасшысы болып саналады. Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның Бөбек балалар қоры - бүгінде Қазақстан көлемінде ғана емес,шет елдерде де мойындалған,белсене қайрат көрсетіп жүрген қорлардың бірі.

Қор қызметінің басты бағыттары- ана мен баланы қорғау, нәрестелер үйі мен балалар үйін қамқорлықта ұстау,мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен, қажетті керек жарақпен қамтамасыз ету, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларды қолдап қоштау,балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу.
“Өзіңді- өзің таныту рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі” деген Сара Алпысқызы – болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін,ешкімге еліктемей өз тұлғасын қалыптастырып ,өз мүмкіндіктерін ашатын,дарындылығын дамытатын ,қоршаған ортамен жарасымды өмір сүруге бейімделген тұлға қалыптастыратын “Өзін – өзі тану” жобасының авторы.