1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу
2. Ежелгі Египет мектебі
3. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие.
1.Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және мектеп.
Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.
Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.
Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған.
Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптар туралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.
Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді.
Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.з.дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.
Ертедегі Египетте жанұя тәрбиесі мен оқыту әйелдер мен ерлердің өзара қарым-қатынасының сипатын бейнелейді. Бұл қарым-қатынас тепе-теңдік негізінде құрылды. Сондықтан да ер балалар мен қыз балаларға оқытуға бірдей көңіл бөлінді.
Ертедегі Египетте қолданылған әдістер мен тәсілдер тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен идеялына сәйкес келеді. Оқушыға ең алдымен тыңдай білуге үйретті. “Тыңдай білу – адамның ең негізгі қасиеті” қанатты сөзі кеңінен қолданылды. Мұғалім күнделікті өз шәкіртіне мынадай сөздерді жиі қолданды: “зейінді бол және менің сөзімді тыңда, менің саған айтқан сөзімнің ешқайсысын да ұмытпа”.
Египеттіктер дене жағынан жазалауға ерекше мән берді. Дене жағынан жазалау табиғи және қажетті деп есептеді. Көп ғасырлар бойы Египетте әкенің, тәлімгердің ерекше беделін қастерледі. “Әруақытта да әкенің және ата-бабаңның адалымен жүр” деген дәстүрмен тұқым арқылы мамандықты беру дәстүрі тығыз байланысты.
Ертедегі Индия тарихы ені дәуірге бөлінеді: дравид-арийлік және будда дәуірі. Индия жартыаралының б.э.2-мыңыншы жылдықтың бірінші жартысына дейін жергілікті халықтың давид тайпаларының өркениеті Екі өзеннің арасындағы алғашқы мемлекеттердің мәдени деңгейіне сәйкес келеді. Тәрбие мен оқыту жанұялық-тектілік сипатта болды, жанұяның ролі ерекше болды.
Ертедегі Индиядағы тәрбие мен оқытудың дамуына касталық құрылыс өзіндік із қалдырды. Тәрбие мен оқытудың инезисінің екінші негізгі жағдайларының біріне діни идеологияның (буддизмнің) әсері болды.
Индияда әлеуметтік жағынан үстемдік еткен каста-брахмандар болды. Әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл-ой және дене сапаларын дамыту қажет болды. Брахмандарда ең негізгі сапалар интеллеутуалдық артықшылыққа, екінші каста – кшатрийлер – мықтылық пен ерлікке, вайшьилер – еңбек сүйгіштікке және шыдамдылыққа, ал шудралар – құлшылық етуге ерекше мән беріледі.
Идеялық тәрбие беруге тек ғана жоғарғы касталардың мүмкіндігі болды. Тәрбиенің мақсаты - ақыл-ой дамуы, рухани тәрбие, дене жағынан жетілу, табиғатқа, сұлулыққа сүйіспеншілік, өзін-өзі меңгеру және ұстамдылық.
Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін, “өзінің жандүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын адамды тәрбиелеу” мақсатын қойды. Тәрбиелік қатынастардың негізіне жастардың үлкендерді сыйлай білуін жатқызды.
Ертедегі кітаптар бойынша, бірінші мектептер Қытайда б.э.д. 3-мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі мақсаты пероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу.
Қытай – ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан пайымдауға алғашқы қадамдар жасалды. Ертедегі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті.
Конфуций (551-479жж. б.э.д.) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға тарта шәкірт даярлады. Конфуций Ертедегі Қытайда тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын ұсынды. Конфуцийдің айтуынша, идеялдық тәрбиеленген адам адамгершілігі жоғары, шындыққа ұмтылу, әділдік, рухани мәдениеті бай адам болу керектігін ерекше жоғары бағалады.