Жоспар Ақыл-ойы зақымдалған балалардың жеке тұлғалық дамуы және эмоция-ерік саласы



Дата04.01.2022
өлшемі1,19 Mb.
#109014
Байланысты:
през 8апта

Жоспар

Ақыл-ойы зақымдалған балалардың жеке тұлғалық дамуы және эмоция-ерік саласы.

  • Ақыл-ойы кем балаларда істерін бақылай алмау,мақсатты әрекетке қабілетсіздік т.б. байқалады.Ақыл-ой кемістігінің жеңіл дәрежесіндегі балалар тұрмыстық жағдайларда жол табуға қабілетті, өзіне қажетті нәрсеге қол жеткізу үшін табандылық пен мақсатты әрекетке бара алады.Кейде көңіл-күйдің бұзылуы себепсіз,тым көңілді,жоғары көңіл-күйімен көрінеді,бұл-эйфория деп аталады.

ПДТ балалар

  • Оларда жиі кездесетін ауыр темперамент белгілері: жоғары моторлық белсендік,көңілі бөлінгіштік,төмен деңгейдегі төзімділік,көңіл-күйдің бұзылуы.ПДТ балаларға тән басқа қорқыныштар типтік,бала жасына сай үрейлер: ертегі кейіпкерлерінен,жан-жануарлардан,қараңғылықтан қорқу,олар баланың әлеуметтенуіне кедергі жасайды.

Есту қабілеті зақымдалған балалар.

  • Баланың жеке тұлғасы оның ересек адамдармен және өзі сияқты құрбылармен қарым-қатынасы процесінде,әлеуметтік тәжірибелерді игеру барысында қалыптасады.Эмоционалдық-еріктік саланың қалыптасуы мен жеке тұлғалық дамуында отбасылық тәрбиенің маңызы зор. Естімейтін ата-аналардың бастауыш сынып жасындағы естімейтін балалары өз құрбыларымен анағұрлым белсенді қарым-қатынас жасайды, білуге құштар,өз достары арасында лидерлікке ұмтылады.

Көру қабілеті зақымдалған балалар.

  • Көрмеушілік пен нашар көрушілік айқын эмоцияға,сезім дамуына өзінше әсер етеді.Ең басты уайым-көру қабілетінің күрт төмендеуі немесе сүлдем жоғалу қаупі.Бұл кезде стресстік күй пайда болады.Көз жанарын жоғалту баланың эмоционалдық ерік-жігер саласында,мінез-құлқында,түйсігінде және сезім тәжірибесінде өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады.Оларда ойын, оқу,кәсіби әрекеттер барысында қиындықтар туындайды.Э.Келлер,ең ауыр нәрсе соқырлықтың өзі емес,көретін адамдардың соқырға деген көзқарасы деп есептейді.

Сөйлеуі бұзылған балалар.

  • Сөйлеу бұзылуындағы тұлғалық қалыптасу мен эмоционалдық ерік-жігер саласын зерттеуге арналған еңбектердің ішінде В.М.Шкловский,В.И.Селиверстов,Л.А.Зайцева,О.С.Орлова,Л.Е.Гончарук,Г.А.Волкова сияқты ғалымдардың еңбектерін атауға болады.Сөйлеуі бұзылған балалардың эмоционалдық ерік-жігер және жеке тұлғалық саласындағы бұзылулар олардың жұмыс істеу қабілетін төмендетіп қана қоймайды,сонымен бірге мінез-құлықтың өзгеруіне,әлеуметтік дезадаптацияға әкеліп соқтырады.

Аутизмі бар балалар

  • Эмоция-ерік саласының бұзылуы ЕЖБА синдромының негізгі белгісі болып табылады және бала туғаннан кейін кешікпей байқалады.Аутизмде балаларда ең алғашқы әлеуметтік қарым-қатынас жүйесі-жандану кешені күрт тежеледі.Сәби балалар ересектердің сөзіне,күлкісіне,іс-әрекеттеріне ешқандай көңіл аудармайды,мүлдем жауап реакциясын жасамайды.ЕЖБА бар баланың өзін-өзі сақтау сезімі қалыптаспаған,керісінше,өзіне деген агрессия элементтері байқалады.Өздерін жарақаттау,өткір және ыстық заттың қауіптілігі тәрізді тәжірибе нашар бекітілед

Күрделі кемістігі бар балалар.

  • Күрделі сенсорлықбұзылулар жағдайында баланың жеке тұлғалық дамуында масыл болуға бейімділік,эгоизм сияқты теріс қасиеттер қалыптасады.Жеке тұлғаның бұлай даму қаупінің себептері: біріншіден, күрделі бұзылулармен тікелей байланысыт.Екіншіден, қоршаған ортадағы адамдардың балаға деген көзқарасына байланысты.Үшіншіден, бұл күрделі кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу тәжірибесімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет