Тақырыбы: Аутизм,тірек қимыл бұзылған,күрделі балалар,есту және де көру бұзылған балалар қарастыру



бет1/6
Дата16.12.2023
өлшемі3,78 Mb.
#197340
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
инклюзиа

ТАҚЫРЫБЫ:МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕЛГЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ИНТЕГРАЦИЯСЫ

Дайындаған:Хаберова Жаннұр


Жоспар:
I.Негізгі бөлім
II.Кіріспе бөлім
1)Есту қабілеті бұзылған балалар
2)Көру қабілеті бұзылған балалар
3)Ақыл-ой қабілетін бұзылған балалар
4)Тірек-қимыл аппараты
5)Сөйлеу кемістігі бар балалар
6)Эмоционалды-еріктік сферасының бұзылысы бар балалар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

“Aнoмaлия”- грек сөзінен алғанда «дұрыс емес» деген мағынаны білдіреді. Ақаулығы бар балалар жалпы денелік және психикалық жағынан кемшіліктері бар балалар тобына енеді.Ақаулығы бар балалардың дене және психикалық жағынан бұзылып келуі, олардың жалпы дамуына өзіндік өз әсерін тигізеді. Мұндай балалар тобы арнайы оқыту мен тәрбиелеу және түзету жұмысын қажет етеді.

Ақаулығы бар балалар тобына:

  • Есту қабілеті бұзылған;
  • Көру қабілеті бұзылған;
  • Сөйлеу тілі бұзылған;
  • Интеллектілік дамуы бұзылған;
  • Психикалық мінез-құлқы жағынан бұзылған;
  • Психикалық дамуы баяу;

Тірек- қимыл аппараты бұзылған;

Күрделі түрдегі бұзылыстар;

Балаларда психо-денелік ақаулықтардың болу себептері: • экологиялық әсерлер (өндіріс орындары мен газ- мұнай саласы, қара-түсті металлургияның зиянды заттардың ауаға тарауы.Су қоймасының ластануы,жер асты суларының ластануы; • экономикалықжағдай; • әлеуметтікжағдай; • отбасылық жағдай; • онкологиялық ауру; • жұқпалы аурулар; • эндокриндік жүйке ауру салдары; • генетикалық бұзылыстар; • дүниеге келу сәтіндегі қолайсыз жағдайлар; • даму жағдайының ауыр деңгейде болуы.

Есту қабілеті бұзылған балалар

Баладағы есту қабілетінің бұзылыстары іштен туа және жүре пайда болады. Іштен туа біткен саңыраулық өмірде сирек 25 % шамасында ғана кездеседі. Мұның пайда болу себептері: ана құрсағындағы даму кезеңінде есту мүшелерінің дұрыс дамымауынан, тұқым қуалау себебінің ықпалынан және анасының жүктілік кезінде тұмау, қызылша немесе басқада жұқпалы аурулармен ауруы, дамудың алғашқы айларында зиянды зақымданудың әсерінен болады. Кейіннен пайда болған саңыраулық әртүрлі аурулардың зиянды әсерінен, есту жүйкесінің немесе құлақ ішінің асқынып ауруы нәтижесінен пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет