Еңбек жолын 1965 жылы бастады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі



Дата26.06.2018
өлшемі1,83 Mb.
#45060
түріӨмірбаяны

ӨМІРБАЯНЫ

  • Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген.
  • Еңбек жолын 1965 жылы бастады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі,
  • 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.

1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте,

  • 1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте,
  • 1984-1986 жылдары "Жазушы" баспасының бас редакторы.
  • 1987 жылы еркін шығармашылык қызметте,
  • 1988 жылдан бері "Жұлдыз" журналының бас редакторы. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
  • "Аласапыран" тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" сыйлығының сахибы.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

  • “Кешқұрым” атты тұңғыш әңгімесі 1964 жылы “Жұлдыз” журналында жарияланды.
  • "Қобыз сарыны" атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды.
  • "Көкмұнар" (роман, 1972), "Бір атаның балалары", "Көк мұнар" (повестер мен әңгімелер), "Аласапыран" (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), "Шақан Шері" (роман), "Мен" (ғұмырбаяндық роман-хамса), "Құмырсқа-қырғын" (әңгімелер), "Ұлтсыздану ұраны" (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген.
  • 2002 жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған.

Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген “Аласапыран” тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі.

  • Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген “Аласапыран” тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі.
  • Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген.

МАРАПАТТАРЫ

  • 1984 жылы М.Мағауинге «Аласапыран» тарихи роман-диологиясы үшін Қазақ ССР-ының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді.
  • М.Мағауин филология ғылымының кандидаты (1967). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Жазушылар одағы прозасы советінің председателі.
  • В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталған. Иә, Мұхтар Мағауин тек айтулы ғалым ғана емес, аса талантты жазушы. бір туар тұлға


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет