Кіріспе зерттеудің жұмысының өзектілігі



бет17/28
Дата16.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#132121
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
0000d33b-86c23cd9

Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды


Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойдым:
- Сурет салу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Алдымызға қойған бағытымыз:
Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан – жақты дамыта отырып тәрбиелеу;
Балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;
- Күннің екінші жартысында бейнелеу өнері бойынша жеке жұмыстар жүргізу.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Әңгімелесу,кеңес беру,жиналыс,көрмелер ұйымдастыру,ашық есік күндері;
Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Кеңестер беру;
-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу;
Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттерді аламыз:
- Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту;
- сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;
- көркемдік талғамын арттыру;
- іскерлік дағдыларын меңгерту;
Сурет іс-әрекетіне бейімдеу бағыттары:
- айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;
- бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен таныстыру, көркемдік талғамын арттыру;
- іскерлік дағдыларды меңгерту.
Баланың бейнелеу іс-әрекетінің негізгі түрлері болып саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.
Сурет салу әдістері:
«Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді. Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балаларда жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп;
Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.
«Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы:шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру; Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің оюын жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәндік композициялар құрастыруға болады. Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренедіжәне олардың аттарын атап есіне сақтайды.
«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі. Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет