Саусақпен қағазға сурет алуды үйрету.
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі. Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.
Қолдану ережесі:
- бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;
- әр саусақты бір түсті бояуға батыру,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.
Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады. Үлкен ақ қағазда (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз алақандарын бастыру арқылы түсірсе өте әдемі сурет шығады.
Қорытынды: Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі сабақтарда балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің сан- алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіружатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі,өнердегі әсемдікке,адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзіне сәбидің басынан кешкен қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |