Кіріспе зерттеудің өзектілігі



бет3/9
Дата14.09.2017
өлшемі6,81 Mb.
#32100
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сурет 3. Кіші Азия түбегіндегі температураның таралу картасы
Жерорта теңіз алабына жақын жатуына байланысты климат ерекшеліктерінен айқын байқалады. Батысы мен оңтүстігіндегі шеткі тау жоталарына ылғал мол түседі. Таулардың жел жақ беткейлерінде қысқы, жазғы максимум айқын байқалып, жауын-шашын 1000 мм-ге жетеді (сурет-4).

Шығысқа жүрген сайын Атлант ауа массаларының ылғалы азаяды. Жауын-шашын мөлшері едәуір кемиді. Анадолы таулы үстіртінің шығыс жағында ылғал 200 мм-ден аспайды. Оның көбі көктемде, қыста түседі, бірақ қысқы жауын-шашын көктемге қарағанда анағұрлым аз болып келеді. Ылғалдың көпшілігіПонти тауларының солтүстік беткейлерінде түседі. Мұнда бүкіл жыл бойы жаңбыр мол жауады, жазда оны солтүстік-батыстан соғатын муссонды жел әкеледі, қыста ол полярлық фронттағы циклондық әрекетке байланысты болады. Ішкі аудандар мен биік тауларға ылғал қар күйінде түседі.

Теңіз жағалауында климат субтропикалық сипатта болады. Жерорта мен Эгей теңіздерінде ауа-райы өте ыстық болады. Жаздың орташа температурасы + 290С, +310С құрайды. Қыста жауын-шашын көп жауады. Орташа ауа температурасы +150С құрайды. Қар өте сирек жауады. Жерорта теңіздің жағалауында орташа температурасы +180С. Эгей теңізінің жағалауында салқын ауа-райы тек ғана қыс айларында болады. Жазда өте ыстық. Ауаның орташа ылғалдылығы 60%-ға жетеді.

Қара теңізде климат қоныржай теңіздік. Мұнда жауын-шашын оңтүстіктегі Жерорта теңізінің жағалауымен салыстарғанда аз түседі. Жазда ашық күн көп болады, ал қыста жиі-жиі жауын-шашын жауады. Оңтүстiк-шығыста тропиктік климат қалыптасады. Мұнда жауын-шашын өте аз болады және жыл бойы жылы ауа массалары басымдық танытады [16].




Сурет 4. Кіші Азия түбегінің жауын-шашын картасы
Ішкі сулары. Кіші Азия түбегінің Анадолы таулы үстіртінен басқа жерде өзен жүйесі жиі орналасқан. Кіші Азия түбегінің аумағының 11%-ы көл және батпақтарда орналасады. Түбектің 8500 км² жерін көлдер алып жатыр. Бұл көлдердiң көпшiлiгi Мәрмәр және Жерорта теңiздер, Орталық және Шығыс Анадолы аймақтарында орналасқан. Ірi көлдерi – Эрчек, Чылдыр және Хазар. Жалпы саны 451, көлдер 3173 км2 ауданды қамтиды.

Ауданның негiзгi суаттары Бейшехир, Эгирдир, бұлар тұщы көлдер қатарына жатады. Көл аудандары деп атайтын Батыс Мұз құрсау, сонымен бiрге Аджигёль және Бурдурдiң соры, Сапанджа, Изник, Улубат, Маньяс, Теркос, Кючюкчекмедже және Бююкчекмедже көлдер Мәрмәр теңiзiнiң аумағында орналасқан (кесте-1). Орталық көл Анадолы үстірті маңында шағын және өте тұзды көлдер кездеседі. Түркиядан біраз шақырым жерде 1500 км2 тұз алынатын аудандар осы жерде орналасқан.

Оңтүстік-Батыс Азияның ірі өзендері Боздаг тауынан Евфрат пен Тигр өзендері бастау алады. Шығыс Тавр тауларын өзендер терең шатқал жасап ағады. Евфрат өзенінің Кіші Азиядағы ұзындығы 1263 км, Тигр өзенінің Гелджук көлінен Иран шекарасына дейінгі ұзындығы 523 км. Понти тауларынан 500-ден астам өзен бастауын алады.

Көл қазаншұңқырлары қалыптасуы, шығу генезисі жағынан карстылы, лагуналық, кратерлі және тектоникалық болып келеді. Көлдердің көпшілігі ағынсыз және өте тұзды. Шығыс және батыс Анадолының шекарасында ең ірі Кебан су қоймасы орналасқан. Оның ауданы 675 км².



Сурет 5. Кіші Азия түбегінің ең үлкен көлдерінің тереңдігі
Ең ірі көлдер қатарына Тұз көлі жатады. Кіші Азия түбегінің Анадолы таулы үстіртінің орталығындағы тұзды көл. Көлдің теңіз деңгейінің алғандағы биіктігі 899 м, ауданы 1,5 мың км2 (көктемде 2,5 мың км2-ге жетеді), орташа тереңдігі 2 м. Тұздылығы – 340‰. Жаз кезінде көлдің суы тартылып, қалыңдығы 0,2–2 метрлік тұз қабыршықтарына айналады. Көл аумағынан тұз өндіріледі. Көл Анадолы үстіртінің орталық бөлігінде орналасқан және жағалауы батпақты, жазықты болып келеді. Осы жерде, яғни Қызылирмак өзені бойында салынған едәуір ірі, ауданы 263 км² болатын Хирфанлы су қоймасы кездеседі [17].

Акшехир көлі (Akşehir Gölü) – Кіші Азия түбегінің оңтүстік-батысындағы Конья және Афьонкарахисар аймағындағы ағынсыз, тұщы сулы көл. Көлдің оңтүстігінде Акшехир қаласы орналасқан. Тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде пайда болған. Эбер каналынан, Султандаг үстіртінен ағатын бірнеше шағын өзендер көлге құяды. Көлдің орталық және солтүстік жағынан жерастынан атқылап тұрған қайнар су көздері көл суының тұщылығын арттырады. Көл суы егіншілік алқаптарды суландыру мақсатында қолданылады. Көл маңын құстардың ерекше түрлері мекендейді.

Бұдан басқа ірi көлдерге Эрчек, Чылдыр және Хазар жатады. Көлдердің жалпы саны 451, ал олардың алып жатқан ауданы 3173 км2 қамтиды. Ауданның негiзгi су қоймалары Бейшехир, Эгирдир. Сапанджа, Изник, Улубат, Маньяс, Теркос, Кючюкчекмедже және Бююкчекмедже көлдер Мәрмәр теңiзiнiң маңында орналасқан.



Бейшехирсуы тұщы, Батыс Тавр тауының солтүстігінде, нақтырақ айтсақ, Ыспарта және Конья провинцияларының шекарасында орналасқан көл. Кіші Азияның оңтүстік батыс бөлігінде яғни Батыс Тавр тауының тектоникалық ойысында орналасқан. Ауданы 656 км², ұзындығы 45 км, ені 20 км, ең терең жері 10 метр. Бұл көлдің суы ирригация үшін пайдаланылады. Бейшехир көлі Сугла көлімен жалғасқан. Көлдің су көлемі, ауданы жыл мезгілдеріне қарай ауысып отырады. Көлде 32 ірілі ұсақты аралдар кездеседі. Судың көлемінің өзгеруіне байланысты аралдардың саны өзгереді.

1960-1990 жылдар арасындағы жүргізілген бақылауларға сүйенсек, судың ең төменгі деңгейі қазан айына, ал ең жоғарғы деңгейі наурыз айына сәйкес келеді. Бейшехир көлінде көптеген құстардың түрлері мекендейді. Кейбір аралдарында византиялық шіркеулер сақталып қалған. Бейшехир көлі іргелес жатқан аумағымен қоса ұлттық саябақ болып табылады.



Эгирдир көлі Анталия қаласынан солтүстікке қарай 186 шақырым қашықтықта, теңіз деңгейінен 917 метр биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 482 км². Бұл көл Кіші Азиядағы аумағының үлкендігі жөнінен төртінші, тұщылығы жөнінен екінші орындағы көл. Көл жағасында өзі аттас қала орналасқан. Ең алғашында көл Эгридир деп аталған, яғни түрік тілінен аударғанда «қисық» деген мағынаны білдірген. Көл аты кейіннен Эгирдир болып өзгертілген. Көл атауын аударғанда «бұрым, гүл» деген мағына береді. Көлде 2 арал кездеседі. Кіші арал «Өмір аралы», үлкен арал «Жасыл арал» деп аталады.

Изника көлі Бурса провинциясындағы көл болып табылады. Ұзындығы шамамен 32 шақырым, ені 10 шақырымды құрайды. Көлдің жалпы ауданы 238 км². Ең терең жері 80 метр. Изника қаласы көлдің шығыс жағалауында орналасқан.

Бурдур көлі тектоникалық жолмен қалыптасқан тұзды көл. Кіші Азия түбегінің оңтүстік-батысында, Бурдур және Ыспарта провинцияларының шекараларында, теңіз деңгейінен 854 метр биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 200 км². Орташа тереңдігі 40 метр, ең терең жері 68 метр. Көлдің қазаншұңқыры осыдан 5 миллион жыл бұрын қалыптасқан. Жағалауы батпақты, суы тұзды, сондықтан ешқашан көл суы қатпайды. Суы қыста қатпайтындықтан көптеген құстар осы көл жағасын мекендейді. Көл аумағының экожүйесі қауіп үстінде. Себебі, өнеркәсіптік кешендер және солтүстік жағалауға жақын жерде әуежай бар. Көлдің жоғарғы бөлігінде су қоймасы салынған. Сол себепті де соңғы 30 жыл ішінде көл аумағы 27%-ға қысқарып қалған.

Чилдыр – Кіші Азия түбегіндегі суы тұщы көл болып табылады. Анадолының шығысында, Ардахан провинциясында, Грузия мен Армения шекарасынан онша алыс емес жерде орналасқан. Армян таулы қыратында 1959 м биіктікте. Көл аумағы 123 км² тереңдігі 42 м.

Көл суы тұщы болғандықтан қыс мезгілінде суы қатпайды. Көлге ұсақ бірнеше өзен келіп құяды. Оның ішінде Джала өзені де бар. Көл суы суландырулар үшін пайдаланылады. Көл жағасында бірнеше ауыл орналасқан: олар, Гюльюзю (Гёлебакан), Карахасан, Догруйол, Гёльбелен, Ташкёпрю, Ташбашы, Акджакале [19].

Кіші Азия түбегінде өзен торы тығыз таралған. Бірақ өзендердің барлығы дерлік таулы өзендер болып табылады. Сол себептен өзендер бойында сарқырамалар мен шоңғалдар көптеп кездеседі. Ал, асау ағын өзен суының қатып қалуына мүмкіндік бермейді. Тау өзендері болғандықтан кеме жүруге қолайсыз болып табылады. Аумақтағы өзендердің суы жазғы антициклонның әсерінен құрғап қалады. Тигр және Евфрат алаптарына және Қара, Жерорта теңіздеріне бағытталып ағатын ірі өзендері шығыс жоталардан бастау алады.

Кіші Азия түбегінің өзендері 2 алапқа сыртқы және ішкі алапқа біріктірілген. Сыртқы алаптар: Қара теңіз алабы, Эгей теңізі алабы, Мәрмәр теңізі алабы, Жерорта теңізі алабы.



Қара теңіз алабына көптеген өзен құяды. Олар: Мелет, Харшит, Чорох, Филиос, Ешиль Ирмак, Кызыл Ирмак, Сакарья.

Мәрмәр теңізі алабына құятын өзендері: Сусурлу (321 км), Генен (134 км), Бига (108 км).

Эгей теңізі алабының өзендері онша биік емес таулардан басталып жазыққа тез жетеді. Сол себепті қар еру мерзімдерінде өзен суы жағалауын басып жайылмалар қалыптастырады. Бұл алаптың өзендері: Бакыр, Гедиз (401 км), Марич (490 км), Үлкен Мендерес (307 км) және Кіші Мендерес (175 км). Бұл өзендер шығыстан-батысқа қарай ағады.

Жерорта теңізіалабының өзендері. Әдетте бұл алапқа құятын өзендер қысқа және жазда құрғап калатын өзендер. Мысалы, Фетхие шығанағына құятын Даламан, Эшенчай. Анталья шығанағына құятын Аксу, Кепрю. Бұл алаптың ең ірі өзендері: Сейхан, Джейхан.

Зерттеліп отырған аумақтағы ең ірі өзендер қатарына – Қызыл Ирмак жатады, оның ұзындығы 950 км, Қара теңізге барып құяды. Өзендер кеме жүруге қолайсыз болып келгендіктен, егістікке, елді-мекендерді ауыз су, тұрмыстық сумен қамтамасыз етуде маңызы зор. Кейбір өзендер бойында бөгендер мен су қоймалары салынған (сурет-6).



АраксКура өзеннің оң жақ саласына жатады, Бинголь (Мыңкөл) жотасының солтүстік беткейінен басталады. Түркия, Армения, Иран, Әзербайжан мемлекеттерінің шекарасын бойлай ағады. Жалпы ұзындығы 1072 км, су жинау алабының ауданы 102000 км2-ды құрайды. Жоғарғы ағысында тар шатқалмен ағады, сол жағынан Ахурян өзені құяды. Соның нәтижесінде өзен аңғары кеңейіп, Арарат жазығына шығады да, арнасы жайылып, бірнеше тарамдарға бөлшектеніп кетеді. Өзен наурыз-маусым айларында тасиды. Өзен жылына 7,6 км3 (жылдық су шығыны 241 м3/сек) су және 16 млн т қатты зат алып келеді. Басты салалары: Ахурян, Раздан, Арпачай, Котурчай, Қарасу. Өзен кеме қатынасына қолайсыз, төменгі ағысында өзен суы егін суаруға пайдаланылады.

Сурет 6. Кіші Азия түбегінің ең ұзын өзендері
Евфрат — Екі үлкен өзеннің қосылуынан пайда болады. Біріншісі Қарасу Эрзурумнан батыста жатқан Думлутепе тауынан бастау алады, екінішісі Карс Эрзурум таулы үстіртінің батыс жағынан ағып, Эрзинджан қазаншұңқырын маңында Монзур жотасынан оңтүстікке қарай бұрылады. Кебанға жетпей Ала Даг тауларынан бастау алатын, Ван көлі мен Агры Даг жоталарының арасында жатқан Мұрат өзенімен қосылады. Өзен Парсы шығанағына келіп құяды.

Диджле өзеніб астауын Гельджук көлінен онша қашық емес жерден Оңтүстік-Шығыс Тавр тауларынан алады. Диджлеге Батман, Гарзан, Ботан, т.б. өзендер келіп құяды. Хабур саласымен қосылып,өзен Ирак жерін басып өтеді. Парсы шығанағына жетпей, Евфрат өзенімен қосылып, Шатт-эль-Араб өзенін құрайды.

ТигрТүркия, Сирия және Ирак жеріндегі өзен. Ұзындығы 1850 км, су жиналатын алабының ауданы 375 мың км2. Өзен бастауын Армения таулы қыратынан алып, орта және төменгі ағысында Джезире үстірті мен Месопотамия ойпаты арқылы ағады. Әл-Курна қаласы түбінде Евфрат өзенімен қосылып, Парсы шығанағына құятын Шатт-әл-Араб өзенін құрайды. Негізгі салалары – Үлкен және Кіші Заб, Дияла, Керхе. Жылдық орташа су су шығыны Бағдад қаласы тұсында 1240 м³/с. Негізінен өзен қар және жаңбыр суымен қоректенеді. Өзен бойында Мосул бөгені салынған. Бағдадқа дейін (суы мол маусымда Мосул қаласына дейін) кеме қатынайды. Жағалауында Диярбакыр (Түркия), Мосул, Бағдад, Кут-әл-Амара, Амара, Әл-Курна, (Ирак) т.б. қалалар орналасқан. Тигр мен Евфрат өзендері аралығы (Месопотамия) – әлемдегі ең көне өркениет орталығы (Ассирия, Вавилон мемлекеттері) болған [20].

Чороха Қара теңіз жағалауын Карс-Эрзимур үстіртінен бөліп жатқан Меджит тауынан бастау алады.

Кіші Азия түбегі субтропиктік климаттық белдеуде орналасқан. Климат типі Жерорта теңіздік климатқа жатады. Яғни мұндай климатқа тән басты белгі – жаз мезгілінің құрғақ, әрі ыстық, ал қыс мезгілінің керісінше ылғалды және жылы болып келуі. Климаттың қолайсыздығы Кіші Азия түбегі аумағында өзендер және көлдердің таралуына кедергі жасайды. Жазғы антициклондар әсерінен кейбір өзен, көлдер кеуіп қалады, аймақта буланушылық мөлшері көп, жауын-шашын аз болуының себебінен көлдердің көпшілігі тұзды. Оның дәлелі ретінде Тұз көлін алуымызға болады.
Каталог: uploads -> doc -> 12a0
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12a0 -> Сабақ : Н. Тілендиев «Көш керуен» Ауашова Ақбөпе Түлкібайқызы Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің домбыра класының мүғалімі
12a0 -> Сабақтың тақырыбы: «Қызықты генетика»
12a0 -> Сабақ жоспары Пәні: Физика Сыныбы: 8 күні: 15. 01. 2016ж Тақырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет