Кіріспе зерттеудің өзектілігі


Кіші Азия түбегінің органикалық дүниесі



бет4/9
Дата14.09.2017
өлшемі6,81 Mb.
#32100
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.1.3 Кіші Азия түбегінің органикалық дүниесі
Кіші Азия түбегі немесе Анадолы дүние жүзіндегі флора мен фаунаға өте бай аймақтың бірі болып табылады. Кіші Азия түбегі көптеген өсімдіктердің отаны болып есептеледі. Кіші Азияны қоспағанда, бүкіл Еуропада 60 000 жануардың түрі болса, ал жалғыз Анадолының өзінде жануарлардың 80 000-ға жуық түрі кездеседі.

Өсімдіктері. Кіші Азия түбегінің өсімдік жамылғысы алуан түрлі болып келеді. Өсімдіктің 6700 түрі кездеседі. Өсімдіктердің 30%-н астамы тек осы жерге тән эндемик өсімдіктер болып табылады. Өсімдік жамылғысы климат жағдайына, жер бедеріне байланысты өзгеріп отырады. Бесим Даркотттың «Түркия» еңбегін алып қарасақ, өсімдіктердің таралуын 3 климаттық ауданға бөліп қарастырған.

1) Қара теңіздік аудан

2) Жерортатеңіздік аудан

3) Орталық ішкі аудан

Ал В.И. Даниловтың «Турецкая Республика» еңбегінде екі ірі өсімдік зонасына бөліп көрсетеді. Олар: теңіз жағалаулық, ішкі аудандық.



Қара теңіз жағасында жауын-шашын жыл бойы біркелкі көп түсетіндіктен қалың орман таралған. Осы жерде Армян емені, сәнді үйеңкі және шамшат өседі. Қара теңіз жағалауы мен өзен аңғарларындағы құнарлы топырақты жерлерге жүгері, темекі, күріш, шай, цитрус жемістері мен фундук жаңғағын өсіреді.

Жерорта теңіз жағалауындағы өсімдіктер жазғы құрғақшылыққа бейімделген. Таулар беткейінде 500-600 метр биіктікке дейін мәңгі жасыл қатты жапырақты бұталар, лавр, олеандр және эфир, майлы, хош иісті гүлі бар өсімдіктер көптеп кездеседі. Таудың биіктігі 600 метрден жоғарылаған сайын жапырағы түсетін бұталар өседі. Одан жоғары 2000 метрге дейінгі биіктікте бұталар біртіндеп орман зонасына ауысады. Ормандарда ливан самырсыны, қара қарағай, самырсын, жалпақ жапырақты ағаштардан емен, жабайы жеміс ағаштарынан зәйтүн, грек жаңғағы, алма, алқоры, шие және т.б. өседі. 2000 метр биіктіктен жоғары тау шалғыны басталады, ол жазғы жайылым үшін қолайлы. Жерорта теңіз жағасында бұталы өсімдіктер көп. Эгей теңізі жағалауында мәңгі жасыл ағаштар өседі [21].

Понти тауларының солтүстігінде армян еменінен, үйеңкі, шынар, шамшат, граб ағаштарынан тұратын жалпақ жапырақты орман таралған. Бұталар арасында самшит, қызылтал, шие, лавр, жаңғақ кездеседі. Ағаштар мен бұталар барқыт, шырмауық, жабайы жүзім секілді лианалармен шырмалған. Таудың жоғарғы бөлігі қылқан жапырақты ағаштармен жабылған. Жазы өте құрғақ және ыстық болатын Понти тауларының оңтүстік және орталық бөлігінде ормандар жоғалып, жеке ағаштар мен топ-топ бұталарға алмасады.

Анадолы таулы үстіртінің далалы және шөлейтті жерлері селеу, бетеге, ақтаспа, түйетікен, шалфей, эфемерлі өсімдіктер тараған. Анадолыда қолдан суландыру жүргізетін болса бидайдан көп өнім алуға болады.



Ормандар Понти тауларының ылғал көп және бірқалыпты түсетін солтүстік беткейлерінде өседі. Колхида ылғал сүйетін мәңгі жасыл ормандар беткейлерде 600-700 м биіктікке дейін өседі, топырағы қызғылт, ол таудың жоғары бөлігінде қоңыр топыраққа ауысады. Бұл ормандар көп жерлерде, әсіресе батысында нағыз жерорта теңіздік құрғақ климат жағдайында өсетін бұталы өсімдіктерден тұрады. Понти тауларының етегінде табиғи өсімдіктер аз сақталған, қалалар мен елді мекендерде орналасқан бақтар мен жүзімдіктер, жүгері және темекі егістіктері басым [22].

Тауларда субтропикалық өсімдіктер шамшат, граб, талшын, жөке ағаштарынан тұратын жапырағын түсіретін, көбінесе мәңгі жасыл шіліктер мен шырмауық өсетін жалпақ жапырақты ормандарға ауысады. Бұл ормандар аралас, одан әрі субтропикалық альпі шалғындарына орын беретін қылқан жапырақты ормандарға ауысады.

Облыстың ылғал мөлшері азая түсетін және жазда құрғақшылық болып тұратын батысы мен оңтүстігінде ылғал сүйгіш ормандар бұталарға және Оңтүстік Еуропаның маквисіне, қоңыр топырақта өсетін жерорта теңіздік ормандарға ауысады. Тауларда мәңгі жасыл формациялар шибляк тәрізді жапырақ түсіретін бұталарға ауысады. Таулардың жоғары бөліктеріндегі өсімдік түрінің солтүстік тау жоталарының өсімдіктерінен аз ғана айырмашылық жасайды.

Жануарлары. Кіші Азия түбегінің жануарлар дүниесі өсімдік дүниесіне қарағанда өте бай келеді. Түбектің фаунасы далалы, шөлді және таулы түрлермен ерекшеленеді. Таудағы ормандарда марал, бұғы, елік, жабайы шошқа, қабылан мен аюлар кездеседі. Ал, ормансыз тауларға таутеке және муфлон тән.

Ал жазық жерлерде дала сілеусіні «каракал» және шибөрі мекендейді. Кіші Азия түбегінің оңтүстік шығысында жабайы есек онагр және африка флорасына тән жолақты гиеналар, ихливмон кездеседі. Ал жануарлардың қасқыр, түлкі, қоян секілді көп кездесетін түрлері түбек аумағының барлық жерінде тіршілік ете береді. Далада бауырымен жорғалаушылардан кесірткелер мен агамалар, қосмекенделілерден жерортатеңіздік тасбақа, кішіазиялық гадюка, кемірушілерден саршұнақ, сұртышқандар, майтышқандар бар [23].



Құстар әлемі. Кіші Азия түбегінің құстар әлемі өте алуан түрлі. Кіші Азия түбегінде 472 құстың түрі кездеседі. Оның 70 түрі сирек кездесетін, ал 14 түрі жойылу алдында тұрған құстар түріне жатады.

Құстардың көптеген түрі: аққу, үйрек, қоқиқаз, бірқазан, аққұтан, ләйлек, тұйғын, лашын, Жыртқыш құстардан бүркіт, ақ сарылар, тұйғын. Орталық Анадолыда ақ тырна, құстардың басқа түрлері: сауысқан, көкек, тырна, шіл, құр, үйрек, шағалалар кездеседі.



Сұқсыр құсы тұщы судың жағасында мекендейтін құстың түрі. Олар өте сүңгуір келеді. Аяқ саусақтары қалақты. Оған қоса олардың денесінде тағы қосымша аяқтары бар. Ол қосымша аяқтары олар құрлықта жүргенде кедергі келтіреді. Бұл сұқсыр құстарының дүние жүзінде 20, ал Кіші Азия түбегінде 5 түрі кездеседі. Олар: кіші сұқсыр, чомга, сұр мойынды, мүйізді сұқсыр, құлақты сұқсыр (сурет-7).

Сурет 7. Сұқсыр құсы
Дауылпаз тәрізділер (лат.Procellariiformes немесе Tubinares) — теңіз құстары отрядының бірі. Ерекшеліктері: тұмсығы ұзын, ұшы имек және түтік тәрізді. Бұлардың көп кездесетін түрлері: сұр оцеанодрома, солтүстік оцеанодромасы, поляр фульмары, солтүстік дауылпазы, бізтұмсық дауылпаз, сұр дауылпаз, аққаптал альбатрос, қараяқ альбатрос. Дүние жүзінде 75, ал Кіші Азия түбегінде 2 түрі кездеседі: олар Кори Шируотер, Леванттық Шируотер (сурет-8).


Сурет 8. Дауылпаз құсы
Бірқазандарескекаяқты құстар отрядына жататын құстар. Дене тұрқы 1,8 метрдей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады. Бұйра бірқазанның тұмсығының астындағы қапшығы әдетте ақшыл сары, ал көбейер кезде қызғылт сары болады. Қауырсындары қызғылт немесе күміс түсті болып келеді. Бұйра бірқазанның желке қауырсыны жалданып, бұйра келеді, аты осыған сәйкес қойылған. Бірқазан – топтанып жүретін құстар. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Кіші Азия түбегінде 2 түрі кездеседі: бұйра бірқазан, қызғылт бірқазан (сурет-9).

Сурет 9. Бірқазан құсы
Суқұзғындар немесе қарақаздар (лат. Phalacrocoracidae) – ескекаяқтылар отрядына жататын құстар. Дене тұрқы ұзынша (ұзындығы 50-100 см) жүзуге және тереңге сүңгуге бейімделген. Балығы мол әр түрлі суқоймаларында мекендейді. Қанатының ұзындығы 32-35 см, салмағы 1,6-3 килограмға жуықтайды. Пішіні ерекше: қауырсыны жылтыр қара, денесі созылыңқы, құйрығы ұзын болып келеді. Ұзын тұмсығының түсі қоңыр, ұшы ілмек. Басының екі жағындағы жалаңаш терісі сарғыш түсті болады. Көктемде желкесінде ұзын қауырсындар өседі. Осы белгілері арқылы оны су құстарының арасынан бірден тануға болады. Жер бетінде жалпы 38 түрі, соның 3 түрі Кіші Азия түбегінде кездеседі. Олар: үлкен суқұзғын, кіші суқұзғын, еуропалық қадам (сурет-10).

Сурет 10. Суқұзғын құсы
Аққұтан (лат.Egretta garzetta) – ескекаяқты құстар отряды, құтандар тұқымдасына жататын құс. Негізінен Еуропаның оңтүстік бөлігін, Солтүстік Кавказ таулары, Еділ өзенінің төменгі сағасын, Азияның оңтүстігін мекендейді. Жерорта теңізінде қыстайды. Дене тұрқы 62 см, қанатының ұзындығы 32 см, қанатын жайғанда ұзындығы 110 см, құйрығының ұзындығы 32 см. Қауырсынының бәрі ақ түсті келеді. Көзі сары, тұмсығы, аяғы қара, аяғындағы буындары жасыл-сарғыш түсті болады. Жыл құсы, мамыр айында ағаш басына ұя салып, оған 4-6 жұмыртқа салады. Бұл құстың жалпы 61 түрі бар. Оның 9 түрі Кіші Азияны мекендейді (сурет-11).

Ихтиофаунасы әр түрлі балық түрлерімен ерекшеленеді. Скумбрия, кефаль, сельд, бекіре, анчоус, миногалыр және т.б. түрлер Кіші Азия түбегінің ірі өзендеріне тіршілік етеді. Бұл балықтардың кәсіптік маңызы бар балықтар қатарына жатады [24].



Кіші Азия түбегі органикалық дүниесі түрге өте бай. Өсімдіктің 6700-дей түрі кездесіп, олардың 30 пайыздан астамы осы жерге ғана тән эндемик өсімдіктер болып табылады. Жануарлар дүниесі өте бай. 80000-ға жуық жануардың түрі, құстардың 470 түрі кездеседі.

Сурет 11. Аққұтан құсы
Жануарлар дүниесінің осыншама көп түрлі болуының себебі, Кіші Азия түбегі жері таулы, орманды болып келуінде. Ал құстардың көп болуы, Кіші Азия түбегінің субтропиктік жылы ауданда орналасып жатуында. Сондықтан көптеген құстар осы жерде суық жақтан келіп, қыстап шығады және де жан-жағының барлығын су қоршап жатыр.
Каталог: uploads -> doc -> 12a0
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12a0 -> Сабақ : Н. Тілендиев «Көш керуен» Ауашова Ақбөпе Түлкібайқызы Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің домбыра класының мүғалімі
12a0 -> Сабақтың тақырыбы: «Қызықты генетика»
12a0 -> Сабақ жоспары Пәні: Физика Сыныбы: 8 күні: 15. 01. 2016ж Тақырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет