1 – апта
01-05 қараша
|
Дене шынықтыру Тақырыбы: «Топтасып жүгіру»
Мақсаты:
1. Кедергілерден аттап жүру
2. Шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру.
Қимыл – қозғалыс ойыны №45
Тақырыбы: «Аттар»
Мақсаты: балалардың тізбек бойынша жүре отырып, іс-қимыл жасай білуге дағдыландыру.
|
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Достарым» М.Әлімбаев
Мақсаты:
«Балаларды тақпақтардың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалауға үйрету.
Д/О: №95
Тақырыбы: «Шар жарылды»
Мақсаты: Балалардың тыныс алу жолдарын дамыту,денсаулықтарын нығайту
|
Сенсорика
Тақырыбы: «Дәрумендер»
Мақсаты:
Әртүрлі көлемі бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.
Д\О: №72
Тақырыбы: «Жақсы әдет» «Жаман әдет»
Мақсаты:Балаларды «жақсы» «жаман» сөздерінің мағынасы мен оларды орынды қолдануға үйрету. Бала бойына мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік және де басқа жақсы әдеттердің орнығуына барынша мүмкіндік жасау.
|
|