МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай бала-бақшасы
Кіші жас «ә» «Гүлдер» тобының қорытынды есебі
Тәрбиешілер:Т.Хайрова
Ж.Макимова
2019-2020 оқу жылы
2019-2020 оқу жылының тәрбие жұмысы туралы қорытынды есеп
Тәрбиешілер: Т.Хайрова Ж.Макимова
Топ құрамы: Балалардың жалпы саны-20
Ұлдар-10
Қыздар-10
Жас ерекшелігі: 2-3жас
Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасына сай 2жастан 3 жасқа дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарын басшылыққа ала отырып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» білім салалары бойынша ілгерілмелі жоспар жасақталды.
2019-2020 оқу жылының басында Күнделікті күн тәртібі, Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары, тәрбиелік шаралардың жоспары, ата-ана мен жүргізілетін жұмыс жоспарлары жасақталып бекітілді.
Жыл бойы балалар жасына сәйкес дамудың барлық бағыттары бойынша оң динамиканы көрсетті. Барлық балалар балабақшаға жақсы бейімделген.
Жыл бойы балалардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін әртүрлі жағдайлар жасалды. Балаларды жеңіл киіммен жүруді, таза ауада болуды, күн тәртібі бойынша дене шынықтыру жаттығуларына, қимылды ойындарға қызығушылық танытты. Күнде 8-10 минут көлемінде таңертеңгілік жаттығулар өткізілді. Дене шынықтыру оқу қызметі аптасына 3 рет спорт залдың ішінде өтті. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде балалар жүруге және жүгіруге үйренді.
Жыл барысында балаларға гигиеналық этикалық дағдылар үйретілді. Барлық тәрбиеленушілер қол жууды, әсіресе ас ішер алдында, серуеннен келгенде өзінің жеке сүлгісімен сүртінуді біледі. Жеке заттарымен-тарақ, жеке орамал қолдануды үйренді.Үстел үстіндегі мінез-құлықтары да қалыптасқан. Балалар тамақты таза жеуге үйренді, алжапқыш пайдаланбайды. Дастархан басында сөйлемеуді, тамақты дұрыстап шайнауды, қасық ұстауды, майлықты қолдануды үйренді. Киімдерін дұрыс шешіп және оны ретімен шкафтарына жинап қойып, көмексіз киіне алады.
Айналамен таныстыру жұмысы жүйелі жүргізілді. Біз қоршаған ортаның жақын нысандарымен балаларды таныстырдық. Әлеуметтік өмірдің құбылыстарымен, үлкендердің еңбегі туралы мағлұмат бердік. Нәтижесінде барлық балалар әртүрлі ойыншықтар, жиһаз, киім-кешек, ыдыс-аяқ, көкөністер мен жеміс-жидек, көліктер атауларын біледі.
Көп көңіл балалардың біліміне аударылды. Құстар, үй жануарлары, жабайы аңдарды ажырата біледі. Біз табиғи құбылыстарды-жапырақ түсу, қар жауу, гүлдер, талдар түрлерін т.б табиғат тамашаларын бақылауды үййреттік.
Қазір балалар амандасу, қоштасуды, сұрануды жақсы біледі. Әртүрлі сұрақтарға тез жауап береді. Жыл соңында балалар түрлі-түсті заттарды топтастыруды, түстерін ажыратуды меңгерді.
2019-2020 оқу жылына тәрбиелік шаралар жоспары жасақталды.
Жыл барысында көптеген мерекелер аталып өтті.
Қазан айында «Берекелі Алтын күз!» атты ертеңгілік өтті. Балалар мен ата-аналар белсене қатысып, шара ойдағыдай өтті.
Жаңа жыл мерекесіне байланысты «Жарқырай бер, сиқырлы шыршамыз» ертеңгілігі ойдағыдай ұйымдастырылды.
Қаңтар айында «Отбасы өмір аясы» атты тренинг ата-аналармен бірге ұйымдастырылып, жақсы деңгейде өтті.
«Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында ата-аналармен сауалнама жүргіздік. Абай атамыздың 175 жылдығына орай «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты ата-аналар арасында сайыс өтті. Бұл сайыста ата-аналарымыз Абайдың қара сөздерін мәнерлеп жатқа айтып, әндерін нақышына келтіре орындады. Сайыскерлеріміз дипломдармен марапатталды.
Балабақша мен ата-ана байланысын жақсарту және тәрбиешілердің ата-аналарымен байланысын, қарым-қатынасын анықтау мақсатында балабақшада, топтарда ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып отырады.
Қорыта келе, бала тәрбиелеудегі еңбегімізді әрі қарай шыңдап, бүлдіршіндерді тәрбиелеуде тынбай еңбек етеміз деген сенімдемін.
Достарыңызбен бөлісу: |