«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет42/86
Дата21.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63615
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86

Дәрістің мазмұны


  1. Ерте балалық шақтағы денелік даму

  2. Ерте балалық шақтағы баланың моторикалық дамуы.

Мақсаты: Ерте балалық шақ және оның ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

1. Ерте балалық шақтағы денелік даму .2 жастан 6 жасқа дейін дене өз өлшемін пропорциясын және формасын өзгертуіне байланысты бала нәресте күйінен өзгереді. Осы кезеңдегі мидың жедел дамуы баланың когнитивті мүмкіндіктерінің кеңеюіне және күрделі әрі нәзік моториканың жетілуіне әкеледі.



Дене өлшемі және пропорциясы.

Балалық шақ барысында дене пропорциясы өзгергіш болады. Мысалы, жаңа туған нәрестенің басы дененің төрттен бір бөлігін құрайды. 16 жаста бас тың өлшемі екі есе ұлғайғанымен, ол дене ұзындығының тек сегізден бір бөлігін құрайды. Дененің шеткі мүшелерінің ұзаруы ерте балалық шақтың басталуымен байланысты; Осы кезде баланың дене мөлшері мен салмағы да ұлғая түседі және дені сау баланың жыл сайын салмағы 2 кг, бойы- 8 см. өседі.



Қаңқаның дамуы.

Сүйектер туғаннан бастап жұмсақ ұлпалардың және шеміршектің сүйекке айналуы - оссификация нәтижесінде дамиды. Қаңқа жүйесінің дамуы баланың денелік күшіне байланысты.



Бас миының дамуы.

Дене өлшемдерінің ұлғаюымен қатар, бас миында да физиологиялық өзгерістер жүреді. 5 жастағы баланың бас миы өлшемі бойынша ересек адамдағыдай болады. Жүйке жүйесін құрайтын 100 немесе 200 миллиардтаған арнайы жасуша – нейрондардың дамуы эмбриональды және фетальды кезеңде жүзеге асып, туылу сәтінде аяқталады. Глиальды жасушалардың дамуы 2 жасқа дейін созылады. Ерте балалық жаста орталық жүйке жүйесінің жетілуі – миелиндену жүреді. Моторлық рефлекстері және көру анализаторы өткізгіш жолдарының ,миеленденуі ерте балалық шаққа сәйкес келеді. Одан соң күрделі қимылдарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қозғалтқыш жолдар, ақырында зейінді, көру-моторикалық кординацияны, ес және үйрену процестерін басқаратын талшықтар, жолдар және жолдар миелинденуі жүзеге асырылады.



Қимыл дағдыларының дамуы.

Мектепке дейінгі кезеңде балалар қимыл дағдыларын және сапасын жетілдіреді.



2.Мектепке дейінгі кездегі баланың моторлық дамуы

2 жас

3 жас

4 жас

5 жас

Аяқты алшақ тастап жүреді және жан-жағына қарай теңселеді

Жоғарға өрмелейді, итереді, тартады, жүгіреді, бір нәрсені екі қолымен мықтап ұстай алады


Аз-кем төзімділікке ие

Заттарды екі қолымен алады



Жүру және жүгіру кезінде аяғын бұрынғыдан жақын қояды

Жүгіру және жүру кезінде тепе-теңдікті оңай ұстайды; икемді әрі толқынды қозғала алады


Заттарды бір қолымен алады

Қағазға сызбалар жазады; кубиктерді бір топқа жинақтайды



Жүгіру темпін өзгерте алады

Ебедейсіз ырғақты қозғалады; секіреді

Үлкен күшті, төзімділікті және қозғалыс координациясын көрсетеді
Қарапайым қарындашпен қарапайым формалар және фигуралар суретін салады; кубиктерді құрастырады


Гимнастикалық бөренемен жүре алады

Икемді ытқиды; бір аяғымен тұрады


Ілгек тағады, бауын байлай алады

Жазба құралдарымен, ыдыспен және басқа да тұрмыстық заттармен жұмыс жасай алады




8 апта

15 кредит сағат

8 дәріс



Тақырып: Мектепке дейінгілердің психикалық дамуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет