Ата – аналармен жұмыс: Биылғы жыл балалардың бейімделу жылы болғандықтан ,ата-аналармен жұмыс жақсы деңгейде өтті. Жыл бойына үш рет ата – аналар жиналысы өткізілді.Ата- аналар жыл бойына болған сайыстар мен көрмелерге қатысты. Олар: «Күз сыйы көрмесіне », «Жаңа жылдық көрініске» атты сайыстарға ата-аналарға үлес қосты, көрмелерге өз қолдарынан жасаған түрлі бұйымдарын алып келді, «Мұзды қалашыққа», «Психология апталығы» іс -шарасында өз белсенділіктерін танытты.Ата- аналар сонымен бірге,балаларды конкурстарға қатыстырды. Соның ішінде Инкин Владимир және Любченко Агата алғыс хатқа ие болды. Отбасылық суреттерін газет түрінде жасауға ат салысты. Ата-аналар өз қолдауларын білдіріп, топқа арнап, фетрдан жасалған «Жол жүру ережесі», «Ас үй тағамдары», «Үйшік» кейіпкерлерін жасап әкелді. Алдағы уақытта ата-аналар тағы да көптеген сайыстарға қатысып, өз белсенділіктерін арттырады деп сенеміз..