Кіші топ «Көбелек» тобының тәрбиешілері


Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту



бет2/6
Дата06.02.2022
өлшемі25,65 Kb.
#80915
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Анализ за год 2019-2020Көбелек

Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту
Жыл бойы таңертеңгі жаттығудың әр түрі кешенді түрде жүргізілді; қозғалмалы ойындар: «Паравоз», «Тышқан мен мысық», «Күн мен түн», таңғы жиындар күнделікті өтті. Сабақ кестесі бойынша үнемі дене тәрбиесі сабақтары жүргізілді. Тек қана дене тәрбиесі емес, сонымен қатар музыка, сурет салу, жапсырма, мүсіндеу сабақтарды жиі өткізілді.Балалар әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларын орындады, қозғалмалы ойындар, доппен әр түрлі ойындар ойнады, олардың түстерін ажыратып айта алады.Қыс мезгілінде суыққа тиюдің алдын – алу шаралары жүргізілді: сарымсақ – пияз терапиясы, витаминдер күнделікті берілді, мұрынды оксолин майымен өңдеу. Балалармен күндізгі ұйқыдан кейін сергіту шаралары орындалып отырылды: жаттығулар, жалпақ табанның алдын – алу шаралары, шынықтыру шаралары, тыныс алу жаттығулары, К.А. Уманскидің нүктелі массажы, тұзды және қырлы жолмен жалаң аяқ жүру және т.б.. Күні бойы міндетті түрде балаларға қажетті көзге байланысты жаттығулар, жазуға, тіл дамытуға қажетті қол бұлшық еттерін жаттықтыруға байланысты ойын – сабақтары жүргізілді. Денсаулыққа байланысты мына тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізілді: мысалы, «Күннің көзі, су, ауа – біздің нағыз досымыз», «Өзіңе және басқаға көмектес». Бұның бәрі балалардың өмірге деген дайындық мүмкіншілігіне себебін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет