Дұрыс тамақтану
Дәрумендер
2-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1. Шағын топқа бөлініп жүгіру.
Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру.
Қимылды ойын: «Дәрумендер жолындағы кедергілер»
2. Бір қатармен тізені жоғары көтеріп жүру.
Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру.
Қимылды ойын: «Дәрумендерді тап»
3. Допты алға домалату, қуып жету. Бір сызықтан қос аяқпен секіру.
Қимылды ойын: «Допты қуып жет»
|
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жемістер жыры» (өлең) Рза Қунақова
Мақсаты: Өлеңді тыңдай білуге, қайталап айтуға үйрету. Жемістерді (алма, өрік, қара өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру.
Ойын жаттығу: «Жемістерді ата»
|
Құрастыру
Тақырыбы: «Тостаған»
Мақсаты: Үш бөліктен тұратын тостағанның суретін қағаздан кеңістікте дұрыс орналастыра отырып құрастыруға үйрету. (қиылған бөліктер)
Дидактикалық ойын: «Атын ата»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Жемістер. Алма»
Мақсаты: Балаларды жемістердің түрлерін атауға және алманың түсін, дәмін ажыратып айта білуге үйрету.
Қимылды ойын: «Кім жылдам?»
|