Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов



Дата25.08.2017
өлшемі146,26 Kb.
#26634
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Қазақстан» өлеңі
Мақсаты:
Білімділігі: Ақын өмірінен түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.
Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, видео, карта, оқулық, суреттер.
Сабақ түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру.

Жүру барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Болашақтың гүліміз,
Жарқын біздің үніміз.
Достық, байлық мекені
Біздің туған еліміз.

ІІ. Үй тапсырмасы
“Ой қозғау”
«Он алтыншы желтоқсан»
Қайраттың жазу дәптерінен
1. Өлең неліктен “он алтыншы желтоқсан” деп аталады?
2. Бұл күн қандай мереке?
2. Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?
3. Қ. Рысқұлбековтың асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсың?
4. Қ. Рысқұлбековті ісіне, сөзіне қарап сипаттап айтып көр?

«Жұлдызым жарқыра» ойыны
1. Батыр
2. Халық қаһарманы
3. Қайсар рухты
4. Отан сүйгіш
5. Ақын

Балалар осы тәуелсіздік дегенде ойымызға не келеді?
1. Отан
2. Қазақстан
3. Туған ел

III. Жаңа сабақ Қ. Аманжолов «Қазақстан» өлеңі
Қасым Аманжолов (1911 - 1955)
“Ұлы тұлға”
Жаңа тақырыпқа кіріспе
1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын. Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне аударатын аудармашыда болған. 1941 - 1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын.
Қазақстан
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,
Жеріміз бар қасиетті киелі.
Сен бақытты, атам қазақ баласы.

Кең далалы кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз.
Сертің осы азат жігіт, азат қыз!

Сөздік жұмыс
Балқаш - Балқаш көлі және оның маңындағы қала
Қас тағдырдың қиқаңы - қиындықтың ауыртпалығы
Оқулықпен жұмыс
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Іштей оқу
3. Тізбектей оқу
4. Жеке мәнерлеп, тұтас оқу
Сергіту сәті
Біз бақытты баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Топпен жұмыс
І топ
“Бақытты қазақ баласы” деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?
ІІ топ
Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы
ІІІ топ
Ақын неге қуанып, шаттанады?
«Бірге ойланайық»

Тақырыпты бекіту
Жеріміз: қасиетті, киелі
Қазақпыз: кең далалы, кең пейілді
Ел намысы
Азат: жігіт, қыз.
Құл емеспіз
Еркін жанбыз
Қазақстан сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?
Қазақстан: Туған жер, Отан, Атамекен.
Үйге тапсырма:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
«Қазақстан» туралы шығарма жазу.
Бағалау.
7 – 8 оқушыны бағалау

Әдебиеттік оқу 2 сынып
Тақырыбы: «Қазақстан» Қасым Аманжолов
Мақсаты:
Білімдік: Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: интерактивтік, сұрақ - жауап, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, магнитті тақта, фломастер, оқулық, дәптер.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық
2. 1 - сандықша «Жұлдызым жоғары» / үй тапсырмасын тексеру, бекіту
3. 2 - сандықша «Ол ақын еді» Жаңа тақырыпқа кіріспе, «Жаңа толқында» /жаңа тақырыппен жұмыс
4. 3 - сандықша Мәтінмен жұмыс
5. 4 - сандықша Сөздік жұмыс
6. 5 - сандықша Сергіту сәті 7. 6 - сандықша Шығармашылық тапсырма
Дәптермен жұмыс
8. 7 - сандықша Қорытынды. не түсіндік, не ұқтық?
9. 8 - сандықша «Бірге ойланайық!» /бекіту
10. 9 - сандықша Үй тапсырмасын түртіп алу
11. 10 - сандықша Рефлексия. Кері байланыс
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық
- Сәлеметсіздер ме балалар! Қане, қонақтарымызбен амандасып жіберейік.
- Сабағымызға келгендер,
Сәлем бердік, бәріңе.
Ізгілікке сенгендер,
Сәлем бердік бәріңе!
Өз бақытын өзгемен
Тең бөлісе білгендер
Сәлем бердік бәріңе!
Бір - біріне қарап: Сәтті өтсін сабағымыз, Ашық болсын қабағымыз!

- Мен де сендердің қабақтарыңның ашық болуына тілектеспін! Рахмет, балалар отыра қойыңдар. Ендеше, сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін ана тілі сабағымызды бастайық. - Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздік күніне орай алатын жалаушаларға байланысты болмақ. Мектебіміз әр сыныпқа түрлі тапсырмалар беріп тәуелсіздік күніне орай дайындық шараларын бастап кетті. Міне, бізге берілген тапсырма мектеп алаңындағы қоршауға жалаушалар ілу болатын. ол жалаушаларды алу үшін біздің біліміміз сыналмақ. Ол үшін біздерге берілген 10 сандықша бар екен, сол сандықшаларымыздың тапсырмаларын орындаймыз. Жалаушалар 3 түсті болып келеді. (Түсіндіру.)

2. Үй тапсырмасын тексеру ( сұрақ - жауап әдісімен тексеріледі)
3. Жаңа сабақты хабарлап, түсіндіру.
а) Сабақтың тақырыбын ашу. (Математикалық ребус арқылы)
Құпия сөз."Қазақстан"
ә) Автор туралы түсінік (Слайд - шоудан автор туралы видеоны көрсету және сызбадан түсінік беру.
б) Мұғалімнің сабақты түсіндіруі
4. Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Түсініксіз сөздерді өлеңді оқыту арқылы таптыра отырып, талдау жүргізу.
Қазақстан
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,
Жеріміз бар қасиетті, киелі,
Сен бақытты, атам қазақ баласы
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз.
Сертің осы азат жігіт, азат қыз!

5. Сергіту сәті. Көңілді би терапиясын орындату.
6. Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырма
Ақын сөздерін берілген сөздермен сәйкестендіру.
Дәптерлеріне орындаған сөз тіркестерін жазу.
7. Бекіту
(Сұрақ - жауап арқылы алған білімдеріне қорытынды жасалынады)
Сұрақтар:
- Қ. Аманжолов деген кім?
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Қазақстан өлеңінде не туралы айтылған?

- Өлең неше шумақтан тұрады?
8. Қорыту. Не түсіндік, не ұқтық?
4 жол өлең жолдарын тақтадағы берілген тірек сөздермен құрастырады және жеке оқытылып мадақталады.
Мәселен: -
-------------------------- барамын.
--------------------------- саламын
--------------------------- аламын.
--------------------------- баламын
9. Үйге тапсырма. Үй тапсырмасын мұғалім нұсқауымен түртіп алу.
- Қазақстан өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.
- Қазақстан туралы әңгіме жазып келу. 
10. Рефлексиялық кезең. Тапсырманың орындалуы және мектеп айналасын Тәуелсіздік күніне орай безендіру.
Бағалау. (Жинаған жалаушаларға байланысты оқушылар формативті бағаланады.)

Тақырыбы: Қазақстан. Қасым Аманжолов
Мақсаты:
Білімдік:
- туғанына100 толып отырған ақын өмірінен мағлұмат беру.
- өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау
Тәрбиелік: отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: интерактивтік, сұрақ - жауап, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Көрнекілігі: Графпроектор, магнитті тақта, фломастер, оқулық, дәптер.

Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық
2. «Жұлдызым жоғары» / үй тапсырмасын тексеру, бекіту
3. «Ол ақын еді» /поэзиялық сәт
4. «Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе
5. «Жаңа толқында» /жаңа тақырыппен жұмыс
6. «Сұхбат» / мәтін бойынша сұрақ - жауап
7. «Бірге ойланайық!» /бекіту
8. «Тілек» /Рефлексия

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық
- Саламатсыңдар ма, балалар! Қане, қонақтарымызбен амандасып жіберейік.
- Сабағымызға келгендер,
Сәлем бердік, бәріңе.
Ізгілікке сенгендер,
Сәлем бердік бәріңе!
Өз бақытын өзгемен
Тең бөлісе білгендер
Сәлем бердік бәріңе!

Бір - біріне қарап: Сәтті өтсін сабағымыз,
Ашық болсын қабағымыз!
- Мен де сендердің қабақтарыңның ашық болуына тілектеспін! Рахмет, балалар отыра қойыңдар.
Ендеше, сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін ана тілі сабағымызды бастайық.
- Сыныпта кім жоқ?
- Үйге қандай тапсырма берілді?

2. «Жұлдызым жоғары» Үй тапсырмасын тексеру, бекіту
- Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Жұлдызым жоғары»ойынын ойнаймыз. Әр сұраққа жауап берген сайын өз жұлдызымызды жарқыратып жағып отырамыз.
Сабақтың тәртібін сақтап, қол көтеріп қана жауап береміз.

Сонымен бірінші сұрақ:
*Өткен сабақта кім туралы оқыдық?
*Қайрат кім? Ол қандай адам?
*Қорқу, сескену сөздерін Қайрат қалай түсіндіреді?
*Қорқақтық деген сөзді қалай түсіндіреді?
*Енді, ізденіс жұмыстарына кезек берейік, Қайрат туралы тағы не білеміз?
*Желтоқсан құрбандарынан тағы кімдер туралы білесіңдер?

Жарайсыңдар, балалар, барлығың жабыла көмектесіп, ең жарық, ең жоғары жұлдызды жақтыңдар. Бұл жұлдыз кімнің жұлдызы екенін көрейік,
(тақтада Қайраттың суреті шығады.)
- Бүгінгі сабақтың ең жарық жұлдызы, ең биік жұлдызы Қайраттың жұлдызы екен. Қане, жұлдызының бес тармағына Қайраттың бес қасиетін тізіп шығайықшы?
батыр
халық қаһарманы
Отан сүйгіш
қайсар рухты ақын
(плакатқа топтастырады)
3. «Ол ақын еді» Поэзиялық минут

- Ия, балалар, ол ақын да еді. Оның түрмеде қорқып, сескенбестен, алда тұрған асыл міндеттерді жүзеге асыруға үндейтін жігерлі, жүрек тебіренісіне толы жазған өлеңдерінен үзінді тыңдап көрейік.
«Желтоқсан желі»әнінің әуені ойнатылады. Нұрасыл, Алишер, Бекзат Қайраттың өлеңдерінен үзінді оқиды.

4. «Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе

- Балалар, бүгін біз тағы бір отансүйгіш ақынмен танысамыз. Ол осы жылы 100 жасқа толып отырған, халқымыз «Қыран қанатты» деп баға берген Қасым Аманжолов аталарың.
Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Осы кезге дейін танысқан басқа авторларымыз сияқты ол да мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын. Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне шабыттана аударатын аудармашы да болған.
Ол - 1941 - 45 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын. 1955 жылдың 18 қаңтары күні ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болады.
Биыл туғанына 100 жыл толуына орай республика көлемінде түрлі мерейтойлық шаралар ұйымдастырылуда.

5. «Жаңа толқында» Жаңа материалмен танысу
- Қазір, осы Қасым атамыздың «Қазақстан» деген үлкен шығармасынан үзінді оқып, танысамыз.
1. Магнитофоннан «Қазақстан» өлеңі тыңдалады.
- Өлең ұнады ма, балалар?
- Не туралы айтылған екен?
2. Іштен оқыту
- Ұнаса, енді өзіміз оқып шығайық. Қолдарыңа карандаш алып, түсініксіз сөздердің астын сызып отыруды ұмытпаңдар.
3. Сөздік жұмысы
Балқаш – Балқаш өзені маңындағы өндірісті қала(картадан көрсету)
Қас тағдырдың қиқаңы - қиындықтың ауыртпалығы
Т. б. оқушылар таныс емес деп тапқан сөздермен жұмыс жасау.
4. Кітаппен жұмыс
Әр шумақты әр балаға кезекпен оқыту.
5. Дәптермен жұмыс
Өлеңді талдау:
Сонымен, өлеңге талдау жасап жіберейік, тақтадағы үлгі бойынша дәптерге орындаймыз. Айя тақтада орындайды.
Тақырыбы:
Авторы:
Жанры:
Азат жол:
Жаңа сөз:

6. «Сұхбат» Мәтін бойынша жұмыс
- Қалай ойлайсыңдар, ақын бұл өлеңде не туралы айтқысы келген?

(Қазақстан жерінің кеңдігін, қайнаған еңбекті, қасиетті жерін, халықтың кеңпейілді лігін, еркіндігін мақтан еткен.)
-«Бақытты қазақ баласы»деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?
- Кім маған мәтіннен ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқып береді?
- Ақын неге қуанып тұр, неге шаттанып тұр деп ойлайсыңдар?
7. «Бірге ойланайық» Тақырыпты бекіту

1.- Оқулықтарыңның 98 - бетіндегі 5 - жаттығуға көңіл аударайық.
(Слайдтан көрсетіп, ауызша орындаймыз)
Жеріміз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Қасиетті жеріміз, киелі жеріміз Қазақпыз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Кең далалы қазақпыз.
Кең пейілді қазақпыз.
Намысы сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Ел намысы.
Азат сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Азат жігіт
Азат қыз.
Құл сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Құл емеспіз.
Жанбыз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Еркін жанбыз.
2.- Осы сөз тіркестерді Қазақстан сөзімен байланыстырып сөйлем құрап көріңдерші?
(Қазақстан біздің қасиетті жеріміз. Қазақстан кең далалы. т. с. с)

-. Ал, енді осы, Қазақстан сөзін қандай сөзбен алмастырып айтуға болады, тауып көрейікші?
(Отан, туған жер, атамекен...)
3. Тренинг «Сіз білесіз бе?»
- Балалар, қазір мынадай ойын ойнаймыз: Мен қасымдағы көршіме: «Сіз білесіз бе?» деп бастап, бүгінгі сабақтан үйренген бір ғана жаңалығымды айтамын. Ол өзінің көршісіне айтады. Осылайша, бәріміз «Қазақстан», Қасым Аманжолов, Қайрат Рысқұлбеков туралы білген жаңалықтарымызды айтып шығуымыз керек.

Бағалау.
Үйге тапсырма: «Қазақстан»өлеңін жаттау.
8. Рефлексия
Қане, мына тақтадағы өлең жолдарын тиісті сөздермен толықтырып оқып жіберейік:
... болғым келеді, жер байлығын ақтарған.
... болғым келеді, гүл жасайтын тастардан.
Асқақтаған... болып, шалқып тұрғым келеді.
Жарқыраған... болып, балқып тұрғым келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет