«Мінез-адам айнасы»
Мақсаты:
ü Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.
ü Қиын ойлау қабілеті төмен оқушылардың есте сақтау, сөйлеу, логикалық ойлау қасиеттерін дамыту, түзету.
Міндеттері:
· Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;
· Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;
· Адамгершілікке тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекі құралдар: доп, қағаздан кесілген адам басының мүшелері (көз, ерін, қас, шаш); слайд; пластелиннен, шыныдан, тастан жасалған адамдардың суреттері; кеспе қағаздарға жазылған жағымды, жағымсыз мінез-құлықтар; балмұздақ және оның суреті; ағаштың суреті; мінез-құлықтар жазылған жапырақтар; сылақшы-бояушының суреті (А3); релаксация; смайликтер; жүрекшелер; кеспе қағазда жазылған әріптер, фломастер.
Ұйымдастыру кезеңі:
-Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, оқушылар. Бүгінгі біздің ашық сынып сағатымызға қош келдіңіздер!
Психологиялық дайындық:
«Көңілді доп»
Бір доп және қағаздан кесілген адам басының мүшелері алынады. (көз, ерін, қас, шаш)
Допқа балалар көз, ерін, қас, шашты жапсыру арқылы адамның көңілді бейнесін жасайды.
-Балалар, қараңдаршы қандай адамның бейнесі шықты? (көңілді)
-Спорт- бұл әдемілік. Біздің жай ғана добымыз көңілді, мейірімді, әдемі адам бейнесіне айналды. Бұл адам бейнесіне қарағанда сендерде қандай көңіл-күй пайда болды? (жақсы көңіл көңіл-күй)
-Олай болса балалар біздің бүгінгі ашық сынып сағатымызға сендер жақсы, белсенді қатысып, көңілді өткізулеріңді тілеймін!
Кіріспе бөлім:
Ой шақыру:
-Балалар мені мұқият тыңдап отырыңдар.
-Айдос өте ақылды бала. Ол еңбекқор. Сабақты жақсы оқиды. Ұқыпты. Ұстаздың айтқанын екі етпей орындайды. Ата-анасының мақтанышы.
– Балалар бұл мәтінде мен Айдостың несін сипаттадым?
– Мінезін.
-Сынып сағатымыздың тақырыбы «Мінез-адам айнасы».
Негігі бөлім:
Мінез туралы түсінік:
-Сендер қазір «Бастауыш шақты» артқа салып «Жеткіншек шаққа» аяқ басып отырсыңдар. Міне осы кезеңде мінездеріңде көптеген өзгерістер пайда болады.
«Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренетін» кезең.
«Мінез деген гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі-із қалдыру. Мінез- әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінез-өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысымен еңбексүйгіш, не жалқау, тәртіпті, не ұстамды болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады.
Бірақ мінез-құлықты тәрбиелеуге болады. Оған жанұя, достар, үлкендер, орта әсер етеді.
-Өз мінезің ұнамаса оны өзгертуге бола ма? Ол қиын ба?
Ол өте қиын, бірақ мүмкін. Қандай мақсатпен адам мінезін өзгерткісі келеді?
Жақсы болу үшін, жетіскке, алға қойған мақсатына жету үшін.
-Балалар әрқайсыларыңның мінездерің әртүрлі. Мінездің қандай жақтарын білесіңдер?
-Жақсы жақтары және жаман жақтары бар.
-Ендеше балалар мінездің жақсы жақтары мен жаман жақтарын атаңдаршы.
Мінездің түрлері:
Мінездің жақсы жақтары: сабырлы, қайырымды, әдепті, еңбекқор, шыншыл, адал, сыпайы, батыл, өжет, жауапты, шыдамды, кішіпейіл, әділ, жауапты, ынталы, ұқыпты, жомарт,батыл,шыншыл, сенімді, кешірімді.
Мінездің міндері, яғни жаман жақтары: ашуланшақ, қатал, өзімшіл, тәкаппар, тентек, дөрекі, мақтаншақ, ерке, ызақор,шыдамсыз, жауапсыз,сотқар, аямшақ, салақ, еріншек, қыдырымпаз, сылтаушыл,немқұрайлы, қатыгез,сенімсіз, тойымсыз, дөрекі, қорқақ, опасыз,екі жүзді, өтірікші, мақтаншақ,жігерсіз, көңілсіз.
-Егер біз мысалы адамды бір заттан жасалғанын елестетсек. Онда адамның мінезін сипаттау оңайырақ болар еді. Мысалы: пластелиннен, шыныдан, тастан жасалған мүсін адамның мінездерін сипаттап көрейік.
Оларды сипаттау үшін мына парта үстінде мінезге байланысты кеспе қағаздарда жазылған сөздер берілген. Сендердің міндеттерің осы сөздерді алып, оқып, ойланып қай заттан жасалған адамның мінезіне сәйкес келет деп ойлайсыңдар, сонынң тұсына осы сөздерді ілу.
Пластелиннен (ермексаз) жасалған адамның мінезін сипаттау: жұмсақ, қайырымды,еліктегіш, басқаларға тәуелді, жағымпаз, айтқанды орындайды, тұйық.
Тастан жасалған адамның мінезін сипаттау: батыл, еліктегіш емес, өз-өзіне сенімді, адал, еңбекқор.
Шыныдан жасалған адамның мінезін сипаттау: ашық, шыншыл, шыдамсыз, сезгіш, суық, өзімшіл.
Қорытынды жасау.
-Жарайсыңдар балалар! Әр заттан жасалған адамның әрқайсының өзіне ғана тән мінезі бар екен. Бұл жерде қарап көріңдерші мысалы шыныдан жасалған адамның мінезінде жақсы мінездер ғана жазылған ба? (жоқ, жаман мінездерде бар)
-Дұрыс айтасыңдар! Яғни, балалар біз барлығымыз адам болғанымызбен, әрқайсымыздың мінезіміз әр түрлі. Әр адамның мінезінде жақсы мінез ғана емес жаман мінездерде кездеседі екен.
-Сендер осы заттардан жасалған адамдардың ішіндегі кай мінез-құлықтар өздеріңде болғанын қалар едіңдер?
-Балалар сендер балмұздақты жақсы көресіңдер ме? (иә)
-Онда сендер балмұздақты адам деп елестетіп көріңдерші. Оның мінезіне қандай сипаттама берер едіңдер? (суық, тәтті, ерке, көңілшек)
«Мінез ағашы»
-Адамға денсаулық, көздің, шаштың түсі, бет-пішіні, дене бітімі, жүріс-тұрысы- осының бәрі ата-тегінен беріледі. Олай болса адамдарды ағаш деп елестетіп көрейік.
-Мына ағаштың тамырын, діңгегін ата-тегіміз деп, ал бұтақтарын өзіміз деп есептейік.
Тапсырма: Ендеше балалар қараңдаршы бұл ағаш әдемілене түсу үшін не жетіспей тұр? (жапырақ). Жапырақ-бұл сендердің жақсы мінездерің. Сондықтан осы ағашты біз жақсы мінез-құлықтар жазылған жапырақтармен толтырып, көркемдейік. Ол үшін мына жерде жапырақтарға жазылған жақсы және жаман мінез-құлықтар бар. Сендердің міндеттерің осы жазылған мінездерден жақсы мінез-құлықты тауып, ағаштың бұтақтарына сол жапырақтарды ілу.
Қорытынды: Яғни, балалар сендердің бойларыңда осы жақсы мінез-құлықтар болса, әрқашанда осы ағаштай жайқалып, айналадағы адамдарға қуаныш силап жүресіңдер.
Жапырақтардағы сөздер: сабырлы, қайырымды, әдепті, еңбекқор, шыншыл, адал, сыпайы, батыл, өжет, жауапты, шыдамды, ақкөңіл, ашық, сенімді, ызақор, жалқау, сотқар, өтірікші, салақ, шыдамсыз, дөрекі, жауапсыз, қорқақ, инабатты, ибалы, кішіпейіл, қайратты, т.б.
-Балалар қазір сендер қандай мамандықты оқып жатсыңдар?
Сылақшы-бояушы мамандығы.
Плакатпен жұмыс:
Балаларға оқып жатқан сылақшы-бояушы мамандығы бойынша (А3) қағаздың ортасында сылақшы-бояушының суреті салынған және сол мамандық иесі атану үшін адам бойында болуы керек мінез-құлықтар мен керек емес мінез-құлықтар жазылған. Балалардың міндеті сол мамандыққа керек мінез-құлықтарды тауып, керек емес мінез-құлықтарды сызып тастау.
Қорытынды: Сылақшы-бояушы мамандығы иесі болу үшін қандай мінез-құлықтар керек екен? (Балалар дауыстап оқып шығады)
Сылақшы-бояушы мамандығында жұмыс жасау үшін адам бойында мынандай мінездер болу керек: ұқыпты, тиянақты, есте сақтау қабілеті жақсы, шыдамдылық, көздің көру қабілеті жақсы, еңбекқор, сабырлы, шаруақор, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу, тіл табыса білу.
Сергіту сәті. Релаксация.
(Бұны көріп, қанатты сөздерді оқып, әуенді тыңдау арқылы серігіп, рухани азық алады.)
Денсаулық туралы айту:
Мінез-құлықтың денсаулыққа әсері жайында айтып өтсем: адамның кейбір жайсыз мінездері оның өзінің түрлі ауруларға, оқыс жайларға ұшырауына соқтырады, ал, керісінше, жақсы, ізгі ойлар мен мінез-құлық оның денсаулығын нығайта түседі екен. Мысалға: Сезімін ішке бүгіп, шығара алмайтын, қызық-қуанышқа немқұрайлы қарайтын адамдарда жүрек аурулары жиі кездеседі. Өмірге қуанбайтын, қуана білмейтін, үнемі ештеңеге көңілі толмайтын адамдар қан ауруларына ұшырайды.
Ашу-ызасын, реніш-өкпесін тұншықтырып ұстайтын адамдар депрессияға жиі ұшырайды.
Смайликке сипаттама бер:
Әр балаға бір-бір смайликтен беріледі. Балалардың міндеті сол смайликтің мінезін сипаттап беру.
«Мен қандай студент боламын?»
-Балалар қазір өздеріңнің келешекте қандай студент болатындарыңды сипатату үшін мына тақтадағы сөздерге назар аударыңдар.(еңбекқор, мейірімді, ұқыпты) Осы сөздерді әрқайсыларың оқып, ойланып, өзіңді қай мінез-құлықпен сипаттай аласың сол сөздің астына жүрекшені ілулерің керек.
Қорытынды: Міне біздің сыныбымыздың, яғни сендердің келешекте қандай студент болатындарыңды сипаттап порттреттеріңді көрсеттіңдер.
Қорытынды.
«Шатасқан әріптер»
-Балалар тақатада нақыл сөз берілген. Бірақ, осы сөздің әріптері орындарыннан ауысып кетіпті. Сондықтан бұл нақыл сөзді анықтау үшін әріптерді өз орындарына қойып шығуымыз қажет. Өздерің байқағандай бұл әріптер әртүрлі түстермен белгіленген. Яғни, біз әр түсті жеке-жеке астындағы жазылған сандардың ретімен орналастырып шығуымыз қажет. Ол үшін бірінші қызыл түсті әріптерді орналастырып шығайық. Екінші жасыл түсті, үшінші көк түсті.
-Қандай нақыл сөз шықты?
«Мінез – жанның айнасы.»
Бұл нақыл сөз Әл-Фараби атамыздын сөзі.
Әбу Насыр Әл-Фараби (870 – 950 ж.) – әлемге әйгілі ойшыл, философ, математик, физик, астроном.
Олай болса осы нақыл сөзді көкейімізде тоқып, жаман әдеттен жиреніп, жақсыдан үйренейік! Ұлдар салмақты, қайратты, шыдамды, өнерлі, «сабыр түбі-сары алтын» деген, қандай іс болсада сабырмен шеше білейік. Қыздар ибалы, әдепті, инабатты, өнерлі, кішіпейіл, тәрбиелі елдің ұлы мен қызы бола білейік. Әркімнің мінезі өз қолында!
Достарыңызбен бөлісу: |