Кітап және кітапхана Топтау үстеуі Мақсаты


-тапсырма. Оқылым, тыңдалым мәтіндерін негізге ала отырып, «Ерекше кітапхана» тақырыбында жинақы мәтін жазыңыз



бет2/4
Дата25.04.2023
өлшемі1,4 Mb.
#175424
1   2   3   4
Байланысты:
6 кл Кітап және кітапхана

2-тапсырма. Оқылым, тыңдалым мәтіндерін негізге ала отырып, «Ерекше кітапхана» тақырыбында жинақы мәтін жазыңыз.
 
Британияның Уэстбери-саб-Мэндип деп аталатын қалашығының тұрғындары телефон будкасын сатып алып, кітапхана ретінде орнатыпты. Бұл кітапхана дүниежүзіндегі ең кішкентай кітапхана және тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн күні-түні үздіксіз жұмыс жасайды. Сонымен қатар бұл кітапханаға түнде оқуды жақсы көретіндер үшін жарық та орнатылған. Қала тұрғындары будкаға сөрелер орнатып, ішіне түрлі тақырыптағы кітаптар қойған. Будканың ішінде кітаппен қатар дискілер, түрлі үнтаспалар да бар. Әрине, бұл кітапханада кітапханашы жоқ. Тұрғындар үйлерінен кітап әкеліп қояды және оқығысы келген кітаптарды үйіне бір-бірлеп алып кетіп, оқып болған соң қайтып әкеледі. Қалашықтағы тұрғын саны шамамен 800 адам, бірақ кітапхана кішкентай болғандықтан, кітап алу үшін кей кездері кезекке тұру қажет.​
Дескриптор
  • мәтінді мұқият оқиды;
  • сөйлемдерді іріктеп, жинақы мәтін жазады;


Тілдік бағдар. Топтау үстеуі.
Қимылдың, іс-әрекеттің бірігу арқылы істелетінін білдіретін үстеудің түрі топтау үстеуі деп аталады.
Қаншадан? Нешеден? Нешеуден? Қалай-қалай?
Екеулеп, үшеулеп, он-ондап, бір-бірлеп, аздаған, көптеген, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен, алды-алдына, бас-басына
Үстеудің сөйлемдегі қызметі Сөйлемде үстеу негізінен пысықтауыш қызметін атқарады. Өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр түрлі сын-сипатын яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы: Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін. (М. Ә.). Ескі бише отырман бос мақалдап (А). Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да бір қалыпқа түсті (Ғ. Мұст). Берілген мысалдағы тез (қалай жылына қоймайтын?), ерте (қашан көктемейтін?), бише (калай отырман?), жоғары (қайда кетерілуі?) деген сөздер пысықтауыш қызметін атқарып тұр. Үстеулері жіктеліп келіп баяндауыш болады. Мен мұндамын (Ғ.М.). Мен сенімен біргемін (Ғ.С.). Кейде үстеу атау септікте тұрып заттанып келіп бастауыш қызметінде де жұмсалады: Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (мақал). Бүгін — мереке. Күшейткіш үстеулер сапалык сын есімдермен тіркесіп келіп, онымен бірге күрделі анықтауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды (А). Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек. Бәйгеге өңшең жүйрік, кілең сәйгүлік (қандай?) аттар қосылды. Берілген сөйлемдердегі тым-ақ және ең деген күшейткіш үстеулері қиын және қадірлі, таңдаулы сын есімдермен тіркесіп келіп, іс және адамдар сөздерімен күрделі анықтауышы болып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет