221
бұдан
бүлгіндік
,
бүлгіншілік
деген абстракт есім атаулары жасалған
деуге болады.
Екінші бір мысал. «Хан – қазық,
қарашы
– азық», «Хан қасында
қарашың
болса, қара жерден кемең жүрер», «Ханды Құдай алайын
десе,
қарашасымен
қас болар», «Ханның ісі
қарашыға
да түседі»,
«Ханның жақсы болмағы –
қарашаның
елдігі» деген мақал-мәтелдер
бар. Бұларда
хан-қарашы
жұбы орын алады. Бұл күнде (сірә, ХІХ-
ХХ ғасырлардан бастап)
қарашы
сөзі «бай ауылдардың, әлділердің
төңірегіндегі қара халық, кедей-кепшік, жарлы-жақыбай» деген
мағынаны білдіреді деп түсінеміз (ҚТТС; 3-том, 1982, 88-бет). Ал
ертеректе, орта ғасырларда,
қарашы
деп ханға қызмет ететін, бірақ
экономикалық жағынан тәуелсіз, басы азат әлеуметтік топтың
уәкілін атаған. Ханның қоластындағы бағынышты кез келген адам
қарашы
деп аталмаған, ханға тікелей қызмет ететін, тіпті
сановник,
кеңесші
сияқты правосы (қызметі) барлар ғана қарашы болған. Олар
ақсүйектер әулеттерінен болғанын XVI ғасырда қазақ хандығындағы
қарашы институты жақсы көрсетеді: жалайыр руының белді биі
(басқарушысы) Қадырғали Қасымұлының Тәуекел ханның неме-
ре інісі ханзада Оразмұхамедтің қарашысы болып қызмет еткенін
білеміз.
Міне,
қарашы/қараша
деген түркі-монғолдық сөз (бұл сөз монғол
тілінде
қарачу
тұлғасында о баста хан әулетіне жақын, бірақ оған
жатпайтын әлеуметтік топ уәкілін атаған, кейін келе монғол тілінде
де
қарачу
–«қара халық, бұқара» деген мәнде жұмсалатын болған).
Бұл сөз – тарих қойнауына кеткен реалийдің атауы, яғни хандық
пен оның айналасына қатысты институттар тарих төрінен кеткеннен
кейін бұларға қатысты атаулар да ескірген сөз – историзм деген топ-
тан орын алып отыр.
Мақал-мәтелдердегі ескіліктердің бір алуаны өзге тілдік болып
келеді, олар көбінесе монғол, араб, парсы тілдерінің сөздері екендігі
байқалады. Мысалы, «әр ханның тұсында бір
сұрқылтай
» деген
нақыл сөз бар. Мұндағы
сұрқылтай
сөзін бұл күнде ешкім білмейді
(әрине, зерттеуші мамандардан басқа). Сондықтан көркем әдебиетте
әр жазушы әртүрлі мағынада жұмсап келеді. Көбі жағымсыз
семантикалық ұғымда келтіреді, кейбірі бұл сөзді адамға емес,
өзге есімдерге (
сұрқылтай жылқы, сұрқылтай заман
) қатысты да
жұмсайды. Бұл жерде жазушылар
сұрқылтай
мен
сұрқай
сөздерін
сыртқы дыбыстық ұқсастығына қарай шатастырып алғанға ұқсайды.
Мұндай құбылысты ғылымда
Достарыңызбен бөлісу: