СӨЗДЕР СӨЙЛЕЙДІ
Сөздердің қолданылу тарихынан
4
Бұл еңбегімді әкем Сәтіғали Құтқожин мен
анам Жеміс Қалуқызының рухтарына арнаймын.
Автор
АЛҒЫ СӨЗ
Қалың жұртшылық, оның ішінде жастар мен мектеп оқушылары
сүйіп оқитын батырлар жырлары мен лирикалық эпостарда, XV-
XIX ғасырларда өмір сүрген қазақтың ақынжырауларының өлең-
толғауларында, бағзы заманнан келе жатқан мақал-мәтелдерде,
сондай-ақ кейбір ежелден қалыптасқан сөз тіркестерінің құрамында
бұл күнде аса көп қолданылмайтын, мағынасы күңгірт тартқан не-
месе мүлде түсініксіз біраз сөздер кездеседі. Сонымен қатар қазірде
жиі айтылатын актив сөз болғанымен, жырлар мен ертеректегі өлең-
толғауларда беретін мағынасы бұл күнгіден басқаша келетіндері тағы
бар. Мысалы, батырлар жырларында жиі кездесетін:
Мінгенде аты
ала
-ды,
Қылшық жүнді қара-ды, –
деген жолдардағы
ала
сөзі – қазіргі «шұбар» деген түсті білдіретін
сөз емес, «жылқы», оның ішінде «азбан» деген мағынадағы сөз (
ала
~ алаша ~ алаша
ат: орыстың
лошадь
дегені осы тіркестен шыққан
деген пікірлер бар).
Немесе XV-XVI ғасырларда өмір кешкен Шалкиіз (Шәлгез),
Қазтуған, Доспамбет жырауларда:
Толғамалы
ала балта
қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен...
Ала балта
суырысып,
Тепсінісіп келгенде...–
деген тармақтар бар. Мұндағы
ала
сөзі де түске қатысты емес деп
ойлаймыз, бұл – «ұрыс балтасы» деген мәнде, яғни «өлтіру, қырып-
жою» мағынасындағы сөз. Бұдан басқа да
ала
сөзі қатысқан «ұрыс,
соғыс, қырып-жою, бүліншілік» деген ұғымдағы туынды сөздер мен
тіркестер тілімізде едәуір:
алапат
,
алау, алаулау, ала сүргін, ала
қырғын
т.т.Мысалы, қазіргі тілімізде
алаулау
сөзінің «соғысу, шабу-
ылдасу» мағынасы ұмыт болған, ал Махамбет ақында (XIX ғ.):
Алты күндей
алаулап
,
Он екі күндей ой ойлап –
деген жолдардағы
алаулау
етістігі көрсетілген көне мағынасында
қолданылып тұр.
5
Ала
сөзінің ертеректегі берген мағыналары әлдеқайда көбірек
болған. Мысалы,
ала топалаң, алай-түлей, ала сапыран, алас-қапас
дегендердегі
ала
сөзінде «бейберекет, тәртіпсіз, ретсіз, анық емес»
деген мән бар. Осы мән ауа райына, табиғат құбылыстарына қатысты
айтылатын
ала құйын, ала көлеңке,
алағаншық боран, ала таң, елең-
алаң
сияқты сөздерде де байқалады.
Эпостық жырлар мен ертеректегі ақын-жыраулар мұраларында
ғана емес, өлеңдері көкейімізге ұялап, сүйіп оқитын, көп жерін жатқа
білетін күні кешегі Махамбет өлеңдерінде де арнайы түсіндіруді
қажет ететін сөздер мен сөз тіркестері кездеседі. Мысалы, атақты
«Ереуіл атқа ер салмай» деп басталатын өлеңіндегі
ереуіл
– монғол
тілінің «тың, мықты» деген ұғымды білдіретін
эруул
сөзінің қазақша
тұлғасы болу керек.
Кейбір жеке сөздер мен қалыптасқан тіркестердің де бұл күндегі
қолданылуы, яғни беретін мағынасы мен ертеректегі қолданысы
бірдей еместігі байқалады. Мысалы,
ауыр
сөзін қазір біз салмаққа
байланысты ұғымда (
ауыр жүк
) немесе осы ұғымнан шыққан ауы-
спалы мәнде
ауыр сөз, ауыр тиді, жумыстың ауыры
деген сияқты
тұстарда айтамыз. Ал бұрын бұл
сөз ауыр жұрт, ауыр қол
деген
тіркестерде де келіп, «көп, сансыз» деген ұғымды да білдірген.
Көне өлең-жырларда кездесетін, қазіргі көпшілік оқырманға
түсініксіз бірқатар бейтаныс сөздер, оның ішінде, әсіресе араб-пар-
сы сөздері мен көне түркі сөздері: қару-жарақ, киім-кешек атаулары
бірқатар кітаптар мен оқулықтарда, хрестоматиялар мен жинақтарда
мүмкіндігінше түсіндіріліп отырған. Бірақ кей сәттерде қате
түсіндірілгендері де аз емес.
Сондай-ақ контекске қарап ұғуға болатын
көбеген, кебенек, жо-
сын
,
түлей
(Түлкі жортпас
түлейден
),
барым
(Талауға салды
барым-
ды
),
кіреуке
(
Кіреуке
тонды жамылып), сана (Қайда барып төгемін
ішімдегі
сананы
),
үдере, үдеру
(
Үдере
көшіп барады немесе: Кей жер-
де жаяу
үдеріп
...),
кен
(Әзіреті Қаратау Әулиенің
кені
еді),
сан
(он
сан
ноғай, алты
сан
қазақ) сияқты сөздердің де сол контекстегі мағынасын,
түптөркінін ашып берудің артықтығы болмайды. Бұлардың сырын,
тегін, мән-мағынасын біле жүру, бір жағынан, қалың көпшілік үшін
қызғылықты болса, екінші жағынан, ана тіліміздің байлығын игере
түсулеріне, мұндай сөздерді орнымен қолдана білулеріне көмектеседі.
Әрине, ертегі-жырлардағы, бұрын өткен ақын-жыраулар шығар-
маларындағы сөздердің басым көпшілігі – бұл күнде де қалың
оқырманға әбден таныс, мән-мағынасы түсінікті сөздер. Баса айта
кететін нәрсе – қазақтың бай ауыз әдебиеті мен өткен ғасырларда өмір
6
сүрген ақын-жырауларының тілі қазіргі көпшілікке де өте түсінікті,
анық болып келеді, өйткені бұлар – қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу
тілінің негізінде жырланған мұралар. Бірақ сонымен қатар бұларда
жырланған тақырыпқа, көнеден келе жатқан образдарды пайдалануға,
ескі тұрмыс-салтқа байланысты бұл күнде ұмыт бола бастаған не-
месе мүлде ұмытылған я болмаса мағынасы өзгерген сөздер мен
тіркестердің кездесуі – табиғи да заңды. Сондай сөздердің сырын
біліп, қолданылған жеріндегі мағынасын түсіну, олардың түптөркінін
танып отыру өте қажет деп білеміз. Әсіресе бұл – мектеп оқушылары
мен студенттерге, атап айтқанда, болашақ мұғалім, филолог-ғалым,
журналист, жазушы, ақындарға өте-мөте қажет болмақ. Жалпы бұлар
ғана емес, кім-кімге де ана тілінің сөз сырына үңілу артық болмайды.
Ұлы Абай айтқандай, «пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде
ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін
іздеген кезі өмірінің ең бір қызықты уақыты болып ойында қалады».
Ал ана тілінің бары мен бояуын, сөздерінің нәрі мен нақышын
қызықты құбылыс деп, оны білмекке ұмтылу да бір ғанибет болар
деп ойлаймыз. Әсіресе бүгінгідей ана тіліміз – қазақ тілінің дәрежесі
көтеріліп, әлеуметтік жүгі артқан кезде, осы тілдің барша байлығын
игеру, тарихын білу – рухани парызымыз болмақ.
Бұл еңбек – тіл мамандарының аз ғана тобына арналған таза
лингвистикалық талдау емес. Мұндағы көздеген негізгі мақсатымыз
белгілі бір сөздің не сөз тіркесінің бұрынғы және қазіргі қолданысына,
яғни сөз мағынасының өзгерісіне, дамуына (эволюциясына) назар
аудару. Сонымен қатар талдаған бірсыпыра сөздердің түптөркінін,
яғни қай тілдікі екенін, көне-жаңа сөз екенін де ашьш беруді көздедік.
Бұл әрекетіміз көбінесе сөздің көне түркілік немесе монғол, араб,
парсы тілдеріне тән сипатын айқындау түрінде жүргізілді.
Өткен дәуірлердегі өлең-жырларда, мақал-мәтелдер мен қалып-
тасқан тіркестерде кездесетін бейтаныс, көне, кірме сөздерді түгел
теріп талдауды мақсат еткеніміз жоқ. Бұл – әзірге мүмкін емес шаруа.
Біз бұл еңбекте әзірге өзіміз іздеп тапқан материалдарды (сөз тал-
дауларын) ғана ұсынып отырмыз. Сондықтан осы ретпен зерттеуді,
талдауды қажет ететін сөздер мен тіркестер әлі де баршылық екенін
ескертеміз.
Біз бұл кітапта жеке сөздер мен тіркестердің он томдық «Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде», этимологиялық, диалектологиялық
сөздіктерінде көрсетілмеген мағыналарын ашуға ұмтылдық.
Сөздіктер мен жеке еңбектерде берілген кейбір жаңсақ түсіндірмелер
мен талдауларды сөз етіп, өз анықтамаларымыз бен болжамдарымыз-
7
ды ұсындық. Әрине, кейбір сөздердің көне түркі тілдерінде немесе
монғол, парсы, араб тілдерінде, сондай-ақ орта ғасырлар мен қазіргі
түркі тілдерінде берген мағынасын, тұлғасын көрсете талдаған кейбір
сәттеріміз тіл зерттеуші түрколог мамандар үшін жаңалық болмас,
бірақ қарапайым оқырман жұртшылығына қызғылықты болар деген
ойдамыз.
Ең соңғы ескертеріміз – біздің барлық пікіріміз (талдаулары-
мыз) бастан-аяқ дұп-дұрыс, ешбір талассыз деуден аулақпыз. Кейбір
ізденістеріміз әрі қарай қарастыра түсуді, ғылыми дәлелдерді
көбірек қамтуды керек ететінін сеземіз. Сөйте тұра ұсыну себебіміз
– өзге зерттеушілерге ой салуды көздеуімізге, ана тіліміздің барша
байлығын айқындай түсуге жол ашуды ниет етуімізге байланысты.
Сөйтіп, ертедегі ұшан-теңіз әдеби мұрамыз бен сөйлеу тілімізде
кездесетін бұл күнде не мүлде түсініксіз немесе мән-мағынасы
өзгеше түсетін бір алуан сөздердің сырын ашу үшін олардың өздерін
«сөйлеттік». Бұл сөздер тек өз табиғатын таныту үшін ғана сөйлеп
қоймайды, халқымыздың өткендегі тарих көшінен де хабар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |