Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет8/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

АЗАМАТ, ШОРА/ШОРЫ, ЖОЛДАС
. XVII ғасырда жасаған 
Ақтамберді жырауда:
Ей, 
азаматтар, шоралар

Атты мінсең, зорды мін, – 
деген жолдар бар. Мұндағы 
азамат
сөзі дәл қазіргі мағынасында 
емес. Бұл сөздің бұрын терминдік сипаты болған. Ш. Уәлиханов 
былай деп көрсетеді: «Азамат – кәмелетке келіп, еншісін алған, ту-
ыстарына тәуелсіз, үйлі-баранды адам» дегенді білдіреді. Сонымен 
қатар бұл сөз бір кезеңдерде «жасақшы» («дружинник») ұғымын да 
бергенге ұқсайды. 
Шора
сөзі 
азамат
дегеннің синонимі дей келіп, 
Шоқан 
шора азамат
тіркесі – таза әскери мәнді сөз, ол «жолдас, 
жасақшы» деген деп көрсетеді (Валиханов, I, 20). 
Азамат
сөзінің 
жоғарыда келтірілген Ақтамберді жыраудың қолданысы Шоқанның 
осы айтқанын растайды.
«Айман-Шолпан» жырындағы Айман қыз Әлібекке сәлем айтып:
Аты болса, байласып, 
Азаматын
сайласын, – 
дегенде, 
азамат
сөзінің «жасақшы» ұғымы танылады. Бұл сөзді 
Махамбет те жиі қолданған:
Арғымақ, сені сақтадым, 
Құлағың сенің серек деп, 


18
Азамат, 
сені сақтадым, 
Бір күніме керек деп... 
Азамат
ердің баласы 
Аз ұйықтар да көп жортар, 
Дұшпанға кеткен кегі бар, 
Алқалаған жер болса,
Азамат
басы құралса...
Бұл қолданыстардағы 
азамат
сөзі жай ғана адамға қарата емес, 
жауынгерлерге, жасақшыларға қарата айтылып тұр.
«Ер Сайын» жырында Сайын батыр қасындағы 40 жігітіне:
Ей, қырық жігіт 
азамат
,
Маған бола өлмеңіз, – 
дейді. Мұнда да 
азамат
– жауынгер, жасақшы.
Заман озған сайын 
азамат
сөзінің мағынасы өзгерген. Өткен 
ғасырда бұл сөз «жалпы ересек адам, ер адам» дегенді білдіргенін 
сол кездегі сөздіктер көрсетеді: Азамат – ересек адам, адамдар тобы 
(Кирг.-русск. сл., 1897). Қазақ тілінде осы мағынадағы 
азамат
сөзінің 
синонимі 
жолдас
сөзі қолданылғаны байқалады. Мысалы, Махамбет 
енді бір өлеңінде:
Қасыма ерген 
жолдастар
... 
Жолдастарым
, мұңайма, – 
дейді. Сөйтіп, 
азамат
сөзі ескі жырларда, ертеректегі қазақ тілінде 
«қолына қару ұстап, ел қорғауға не ел жаулауға аттанатын адам, 
жасақшы» дегенді білдірген.
Қазіргі күнде 
азамат
«кәмелетке жеткен ер адам» деген мағынада, 
«осыдан «адамгершілігі мол, саналы, құрметті адам» деген ауыспалы 
мағынада да жұмсалатынын білеміз.
«Жасақшы» ұғымындағы 
азамат
сөзіне 
шора
деген сөздің сино-
ним болғандығын, яғни тепе-тең мағыналас екендігін В.В. Радлов та 
айтады: «Бұрын қазақтар 
шора (чура
) сөзін «жасақшы, жауынгер, 
жолдас» мағынасында кеңінен қолданған (Радлов, т. I, ч. V, 23). Ал 
Н. И. Ильминский: «
Шора
– батырдың баласы және батырдың өзі» 
деп танытады (Ильминский, 150). Бұл пікірлерді қазақтың батырлар 
жырының тілі растайды.
Ей
, жігіттер, шоралар, 
– 
дегенде, сөз жай жігіттерге емес, жасақшы жігіттерге арналған. Тіпті 
бұл жердегі 
жігіт
деген сөздің өзі терминге жуықтау. Орта ғасырлар-
да түркі тілінде 
жігіт (йігіт
) сөзінің терминдік мағынасының болға-
ны ғылыми әдебиеттерде көрсетіледі: «Жігіт (йігіт) – феодалдың жал-
дамалы атты әскерінің жауынгері немесе олжа табу үшін феодалға 


19
жақындасқан жауынгер, «кезбе рыцарь» дегенді білдіретін термин» 
(Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІII вв. Алма-Ата, 
1969, 493).
Әрине, қазақтың өлең-жыр текстеріндегі 
жігіт
сөзі дәл осы 
термиңдік мәнде қолданылған деуге болмайды, бірақ контекстегі 
мағынасы жағынан 
шора, азамат
сөздеріне синоним іспеттес болып 
келеді. Әсіресе, «ей, жігіттер, шоралар» сияқты қатар қолданыста 
жігіт
сөзінің осы күнгідей тек «жас ер адам» деген жалпылама 
мағынадан гөрі, белгілі бір топ өкілін атауы басымырақ тәрізді.
Шора
сөзінің «жасақшы, жорықтас, жолдас» ұғымында қолда-
нылуы тіпті ертеректе орын алып, соңғы XVIII ғасырларда сирегені 
байқалады. Бұхар сияқты XVIII ғасыр жырауы да, Махамбет сияқты 
жаугершілікті жырлаған XIX ғасыр ақыны да «жасақшы, жорықтас, 
жолдас» деген мағынада 
шора
сөзін қолданбайды. Кейінгі дәуірлерде 
шора
«байдың, батырдың, бидің баласы» деген сияқты әлеуметтік 
(сословиелік) атақты білдіруге жұмсалған. Ер Шобанның:
Хан ұлы төредей, 
Би ұлы шорадай, 
– 
дегенінде де, одан кейінгі Бұхардың:
Байлар ұлы шоралар, 
Бас қосыпты десін де.
Немесе:
Байлар ұғлы шоралар
Көл жағалар жаз күні, 
Байлар қызы бикештер
Қол бұлғайды-ау жаз күні, – 
дегенінде де 
шора
сөзінде жоғарғы мысалдардағыдай таза «жасақшы, 
дружинник» мәні сезілмейді, бірақ қайткенде де 
шора
сөзінде 
әлеуметтік топты көрсететін мағына бар. Ханның тақты иеленбеген 
ұрпағы (ұлы) 
төре
деп аталатыны сияқты, байдың, бидің ұлдары 
мен қыздары да жай бай баласы, би баласы, байдың қызы деп атал-
май, 
шора, бикеш
деген сияқты арнаулы атпен аталғанын білдіреді. 
Сондықтан болу керек, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» 
шора
сөзінің беретін мағынасын «феодалдық қоғамдағы үстем тап өкілі, 
ел билеген әкім, мырза, бек, шонжар» деп көрсетеді де, оның қазірде 
қолданылмайтын көнерген сөз екенін ескертеді (ҚТТС, X, 157).
Кейбір зерттеушілер 
чура (шора
) сөзі мағынасы жағынан көне 
түркі тілінде қолданылған 
оғлан
сөзімен тең түседі, ал 
оғланның
мағынасы «біреудің баласы, ұрпағы, құл және жауынгер» дей келіп, 
орта ғасырларда Еділ бойы татарларында тәуелді адамдар көп бол-


20
ды, олардың ішінде нәсілі түркі еместерін сол кездегі терминоло-
гия нормасы бойынша 
чура
деп атады дегенді айтады (Татары По-
волжья, 191). Соған қарағанда, 
шора/чура
сөзі о баста екі-үш түрлі 
мағынада жұмсалған тәрізді: бірі − «біреудің баласы, ұрпағы», 
екіншісі – «жауынгер», үшіншісі – «қызметкер (құл, күң)». Қазақ 
тілінде 1, 2-мағыналарда 
шора
варианты, 3-мағынада 
шоры
варианты 
қалыптасқанға ұқсайды. «Қамбар батыр» жырында:
Ерегіссең менімен, 
Шауып алып малыңды, 
Асықпасаң қайтармын 
Қатыныңды 
шоры ғып,
– 
дейді. Мұндағы 
шоры
сөзіне осы жырдың 1957 жылғы басылымында 
«күң» деген түсініктеме берілген.
АЙБАР
. Махамбет ақын Исатайдай қолбасшының портретін бер-
генде:
Құландай ащы дауыстым, 
Кұлжадай 
айбар
мүйіздім!– 
дейді. Мұндағы 
айбар
сөзі қазірде 
айбат, айбын, ызбар
сөздеріне 
мағыналас деп танылады. Бәрінде де «қорқытатын, сұс көрсететін» 
деген мән бар. Тегі, бұл сөздер мәндес болғанмен, олардың 
поэтикалық образ жасаудағы салмақтары бірдей еместігі байқалады. 
Қырғыз тілінде 
айбар
сөзі «сұс көрсететін, таяныш-тірек ететін 
нәрсе» мағынасында жұмсалады да, 
айбат
сөзінен («қаталдық, 
қорқынышты түр») бірсыпыра ажырап тұрады (Юдахин, 28). Сірә, 
қазақ тілінде де бұл екі сөз – таза синонимдер емес, яғни мағыналары 
бірдей емес. 
Айбар
бұл күнде сирегірек қолданылады. Ол көбінесе 
образ жасайтын элемент ретінде келеді: құлжаның 
қарағайдай
мүйізі, 
дағарадай
мүйізі демей, 
айбар
мүйізі десе, соңғы тіркестің 
образдық бояуы әлдеқайда бөлек болып шығады. 
Айбар мүйіз
– жай 
ғана қорқытатын сұсты мүйіз емес, сүйсіндіре имендірер пішіндегі 
мүйіз. Бұл тексте 
құлжа
сөзінің өзі образ жасап тұр: 
құлжа
– арқар, 
ол адамзат пен ит-құс, анау-мынау аң мекендей алмайтын қия-құз, 
тау-тас сияқты қиын-қысталаң ортада өмір сүре алатын әрі күшті, әрі 
еркін жануар. Сондықтан ол – күштіліктің, еркіндіктің символы.
Сөйтіп, 
айбар
– көбінесе поэтикалық образ жасауға қатысатын, 
сирек қолданылатын сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет